1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



бет24/53
Дата09.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462270
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
лекция

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы, 2003.
2. Айғабылұлы А. Қазақ тілі морфонологиясы мен лексикологиясы. –Алматы, 2006.
3. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І-бөлім. –Алматы, 2003.
4. Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. –Алматы, 1958.
5. Мусин Ж. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. –Алматы, 1984.
6. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. –Алматы, 1975.


Тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Омонимдер, олардың жасалуындағы лексика-семантикалық және синтетикалық тәсілдер, түрлері.
2. Лексикалық омонимдер мен көпмағыналы сөздердің айырмашылығы. Семантикалық байланыс. Омофондар, омоформалар, омографтар.
3. Омонимдердің стилистикалық мәні, зерттелу жайы. Аханов К. Қазақ тіліндегі омонимдер. Конспект.
4. Лексикалық антонимдер, олардың жасалу жолдары мен түрлері.
5. Лексикалық антонимдердің стилистикалық мәнін поэзия тілінен алынған мысалдар негізінде дәлелдеу.
Зертханалық жұмыстар


1. Мәтіннен омонимдер мен көп мағыналы сөздерді бір бөлек теріп жазып, омоним сөздерді жасалу жолдарына қарай саралап шығыңыз.

Қызара бөртіп, шығар күнді маңдайға ала қос жолаушы атқа қонды. Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме! – депті (Қазыбек би). Әкемнің иығындағы осынау бас маған ес білгеннен бермен таныс, көз алдыман күн-күн сайын кетпейтін жұмыр жердің өзі сықылды. Ендеше әкемнің басы, анау қысықтау келген өткір көз ... осы көз баяғыда бір... тым ертеректе, менің бала кезімде болар, жұмыла жаздап, мәңгіге жарық дүниемен қоштаса жаздап, шиеттей бала-шағасының көз жасы сақтап қалған еді ғой; осы көз ол шақта әлдеқайда отты, әлдеқайда ойлы, ұшқын атқан жастықтың, өмірге деген іңкәрліктің жалынына толы болатын. Жас шақта шапқылап-шапқылап алудың сөкеттігі жоқ, ол – балаға тән ерке қылық екенін түсінбейді дейсіз бе? Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жақта, аузынан жалын шығып жатыр екен (Шешендік сөз). Тілі мен жағына сүйенген біреу (ауызекі). Тау іші болған соң жұқалтаң шық түсіпті, күннің алғашқы сәулесінен-ақ көзі жаудырап, бу босанып жатады. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні аттарына қар тепкізеді, қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдерден де асады (Шешендік сөз). Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанда. Шелтірейтіп орысың, Шенді шекпен жапқанға (Абай). Бұл сөз Ерден апасына болысып, үйдің керегесін жайысты (С.Бегалин). Арық атқа қамшы жау (мақал). Күй бітті. Бұл жолы ешкім үндемеді. Атын да сұрамады (Ә.Кекілбаев). Арық бойларын мөлдір су қуалап, күн көзімен жалтылдап ойнай бастайды (Б.Момышұлы). Қорыққа жайылған мал боранды аса елей қойған жоқ (С.Бегалин). Су ішкелі бір өгіз барып еді бұлаққа, Бақалар қорқып тарбақтап, Қашып шықты әр жаққа (Абай). Өгізді өрге салма, қанатың талар, наданға көзіңді салма, сағың сынар. Жақыным деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар. Тұмау түбі – құрт болар, тұман түбі – жұт болар. Ақылдың түбі – құт болар (Төле би). Астындағы жалғыз ат қанат емей немене? Жолмен бірге оралып келіп, Бақтығұл жатқан ернеу жолға таман алдыңғылары өрлеп көтерілуге айналды (М.Әуезов). Сол бір білінер-білінбес жіп-жіңішке пышақ дағы түскен нарт қызыл алма кеше бұның алдынан қайтқан-ды, жаңа тамақ үстінде қызметші әйел алтын табаққа салып тағы әкеліпті. Сонда өзегінен құрт шыққан алма (Ә.Кекілбаев). Өреге жайылған құртқа тимеңдер (ауызекі сөйлеу тілі)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет