12-бап
Басқарма
109. Басқарма Қоғамның алқалық атқарушы органы болып табылады, оның құзыретіне Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен және Жарғымен Қоғамның басқа органдарының және лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған Қоғам қызметінің барлық мәселелерін шешу жатады. Басқарма Директорлар кеңесінің және Жалғыз акционердің шешімдерін орындауға міндетті.
110. Басқарма мүшелерінің саны үштен кем болмауы тиіс.
111. Жалғыз акционердің өкілдері мен Қоғам қызметкерлері Басқарма мүшелері болуы мүмкін.
Басқарма мүшелері Басқарма кеңестеріне қатысу арқылы Қоғамның қызметін басқаруды жүзеге асырады.
Басқарма мүшелері басқа ұйымдарда тек Директорлар кеңесінің келісімімен ғана жұмыс істеуге құқылы.
Басқарма төрағасының атқарушы орган басшысының лауазымын немесе басқа заңды тұлғаның атқарушы органының функциясын жеке жүзеге асыратын тұлғаның орнын алуға құқығы жоқ.
112. Басқарманың құзыреті:
1) Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдерін жүзеге асырады;
2) Қоғамның даму стратегиясын әзірлеу, мақұлдау және Директорлар кеңесінің қарауына енгізу;
3) Қоғамның даму жоспарын әзірлеу, мақұлдау және бекіту үшін Директорлар кеңесіне ұсыну;
4) Даму жоспарын іске асыру;
5) Қоғамның Даму жоспарының шеңберінде Қоғам бюджетін әзірлеу, мақұлдау және бекіту үшін Директорлар кеңесіне ұсыну;
6) Қоғам бюджетін іске асыру және орындау;
7) ішкі (қызметтік) ақпараттың қорғалуын және сақтығын қамтамасыз ету;
8) Директорлар кеңесіне Қоғамның тәуекелдерін басқару жүйесіндегі маңызды кемшіліктер туралы уақытында хабарлап отыру;
9) Қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында қабылданатын Директорлар кеңесі бекітетін құжаттарға жатпайтын құжаттарды бекіту;
10) Қоғамның штаттық кестесін бекіту;
11) жасалуына қатысты Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен ерекше шарттар белгіленген, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тобына кіретін ұйымдардың арасында мәмілелер жасасу тәртібіне сәйкес жасалуына Қоғам мүдделі мәмілелерді жасасу туралы шешімдер қабылдау;
12) Директорлар кеңесіне және Жалғыз акционерге еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын ұйымдарды басқару туралы, сондай-ақ көрсетілген ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің Қоғам қызметінің көрсеткіштеріне әсер етуі туралы жартыжылдық есеп береді;
13) Қоғамдағы ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару процедураларын әзірлеуді қамтамасыз ету және қолдану;
14) Қоғамның филиалдары мен өкілдіктері қызметкерлерінің штатын (жалпы санын) және Қоғамның филиалдарының, өкілдіктерінің басқару құрылымын бекіту;
15) Жалғыз акционерге Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер мөлшерінің болжамдық көрсеткіштерін жоспарланып отырған жылдың 20 (жиырмасыншы) науырызына дейін ұсынады;
16) Қоғам меншігіне қатысты заңсыз әрекеттерді туындататын себептер мен шарттарды анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
17) Қоғамның Жалғыз акционері мен Директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне жатпайтын Қоғамның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.
113. Қоғамдағы тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша жедел шешімдер қабылдау мақсатында Басқарма жанында Тәуекелдер жөніндегі комитет құрылуы мүмкін. Тәуекелдер жөніндегі комитет оған Басқарма тарапынан берілуі мүмкін өкілеттіктер шегінде әрекет етеді. Тәуекелдер жөніндегі комитетті құру және оның жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ оның сандық құрамы Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленеді.
114. Басқарма отырыстарында шешімдер Басқарма мүшелерінің отырысына қатысып отырғандардың қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Басқарма отырысқа Басқарма мүшелерінің жартсынан көбі қатысқан (кворум) жағдайда ғана шешім қабылдауға құқылы.
115. Басқарманың әр мүшесі бір дауысқа ие. Басқарманың дауыс беруі кезінде дауыстар тең түскен жағдайда, Басқарма төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Басқарма шешімі хаттамамен ресімделіп, Басқарманың отырысқа қатысқан барлық мүшелерінің қолдары қойылуы және онда дауыс беруге қойылған мәселелер, оларға берілген дауыс қорытындылары Басқарманың әр мүшесінің әр мәселеге дауыс беру нәтижелері көрсетілуі тиіс.
13-бап
Қоғам Президенті
116. Басқармаға басшылық етуді Қоғамның Басқарма төрағасы (Президенті) (бұдан әрі – Қоғам Президенті) жүзеге асырады және ол Басқарманың төрағасы болып табылады.
Қоғам Президентінің өкілеттігін тағайындау және мерзімінен бұрын тоқтату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқармасының шешімімен жүзеге асырылып, кейін бұл шешімдер Қоғамның Директорлар кеңесінің қарауына енгізіледі.
117. Қоғам Президентінің құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен және Жалғыз акционер, Директорлар кеңесі, Басқарма қабылдаған басқа да құжаттармен белгіленген Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесі мен Басқарманың құзырына жатпайтын Қоғам қызметін қамтамасыз ету жөніндегі барлық мәселелер жатады.
118. Қоғам Президенті:
1) Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесі мен Басқарма шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) Қоғамның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;
3) Директорлар кеңесіне Даму жоспарының іске асырылуы туралы жыл сайынғы есеп береді;
4) үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарда Қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес Қоғам атынан мәмілелер жасасады.
6) үшінші тұлғалармен, оның ішінде мемлекеттік және сот органдарымен қарым-қатынастарда Қоғамның мүддесін ұсыну құқығына сенімхаттар береді;
7) еңбек шарттарын жасасады, өзгертеді, тоқтатады; Қоғам қызметкерлерімен еңбек қатынастары туындайтын, өзгертілетін, тоқтатылатын актілер қабылдайды;
8) Қоғам қызметкерлеріне көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазалар қолданады, Қоғамның штаттық кестесіне сәйкес Қоғам қызметкерлерінің лауазымдық ақысы мөлшерін анықтайды, Корпоративтік хатшыдан, Қоғамның Басқарма мүшесі болып табылатын және Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінен басқа қызметкерлеріне берілетін сыйлық ақылар мөлшерін белгілейді;
9) Басқарма мүшелерінің, Қоғамның вице-президенттері мен басқа да қызметкерлерінің арасындағы міндеттерді, сондай-ақ олардың өкілеттік ету және жауапкершілік алу саласын бөледі;
10) наразылық пен талаптар білдіріп, оларға қол қояды, талаптан бас тартып, шағым-талаптарды өзгертеді, бітімгершілік келісімдерге қол қояды;
11) Қоғамның банктік және басқа да есепшоттарын ашады;
12) Қоғамның ішкі қызметінің өндірістік мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
13) Қоғам филиалдарының, өкілдіктері мен еншілес ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
14) өз құзыреті шегінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
15) ұжымдық шарттар жасасады;
16) Қоғамның Президенті мен вице-президенттерінің шетелдік іссапарларын Директорлар кеңесінің төрағасымен, ол болмаған жағдайда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарушы директорымен-аппарат басшысымен келісуді қамтамасыз етеді;
17) Жалғыз акционерге:
Жалғыз акционер бекіткен форма бойынша және Жалғыз акционер белгілеген мерзімдерде Қоғамның даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп;
Жалғыз акционер бекіткен форма бойынша және Жалғыз акционер белгілеген мерзімдерде Қоғамның, оның еншілес және бірігіп бақыланатын ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептілік береді.
18) Қоғамның қызметін ұйымдастыру мақсатында құжаттар бекітеді;
19) Қоғам атынан Қоғамның тәуелсіз директорларымен шарттар жасасады;
20) Қоғамның жұмыс режимін белгілейді;
21) өзі болмаған жағдайда өзінің міндеттерін атқаруды Басқарма мүшелерінің біреуіне, ал Басқарма мүшелері болмаған жағдайда Қоғамның басқа қызметкерлеріне жүктейді;
22) Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне, сондай-ақ Басқарманың құзіретіне жатпайтын Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Жарғымен, сондай-ақ Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесі қабылдаған өзге де құжаттармен белгіленген Қоғамның ағымдағы қызметіне қатысты қалған барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
119. Қоғам Президентінің шешімі бойынша Қоғамның Басқарма мүшелеріне оның қандай да бір өкілеттігінің біреуі белгіленген тәртіпте берілуі мүмкін.
120. Қоғамның Қоғам Президентінің бұйрығымен уәкіл етілген Вице-президенті Жарғының осы бабының 4-тармағына сәйкес:
1) оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша үшінші тұлғалармен, оның ішінде мемлекеттік және сот органдарымен қарым-қатынас жасауда Қоғам мүддесін сенімхатсыз ұсынуға;
2) сенім ауыстыру құқығымен (құқығынсыз) сенімхаттар беруге құқылы.
14-бап
Қоғамның лауазымды тұлғалары
121. Қоғамның лауазымды тұлғалары (Директорлар кеңесінің мүшелері, Басқарма мүшелері, оның ішінде Қоғам Президенті):
1) оларға жүктелген міндеттерді адал орындайды және Қоғам мен Жалғыз акционердің мүддесін жоғары дәрежеде көрсететін тәсілдерді пайдаланады;
2) Қоғам мүлкін пайдаланбауы немесе оны Жарғыға және Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешіміне қарама-қайшы пайдалануға жол бермеуі, сондай-ақ жеке мақсаттарда және өзінің тәуелді тұлғаларымен мәмілелер жасасу кезінде қызмет бабын асыра пайдаланбауы тиіс;
3) тәуелсіз аудиттің жүргізілуін есептей отырып, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қоғамның қызметі туралы ақпараттың ашылуын және ұсынылуын қадағалайды;
5) Қоғамның қызметі туралы ақпараттың құпиялығын, оның ішінде Қоғамдағы жұмысы тоқтатылған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде (егер бұдан басқасы Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленбеген болса) сақтауға міндетті.
122. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері:
1) Қоғам мен Жалғыз акционердің мүддесі үшін ақпараттандыру және айқындық (ашықтық) негізде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Қоғамның Жарғысы мен ішкі құжаттамасына, еңбек шарттарына сәйкес әрекет етуі;
2) корпоративтік мәселелер бойынша объективті тәуелсіз пікірлер айтуы тиіс.
123. Қоғамның лауазымды тұлғалары Қоғам мен Жалғыз акционердің алдында:
1) шатастыратын ақпарат немесе біле тұра өтірік ақпарат беру;
2) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңында белгіленген ақпарат беру тәртібін бұзу;
3) іждағатсыз әрекеттері мен (немесе) әрекетсіздігінің нәтижесінде Қоғамды шығынға ұшыратқан ірі мәмілелердің және (немесе) мәмілелердің жасалуында мүдделілік бар, оның ішінде Қоғаммен осындай мәмілелер жасасу нәтижесінде олардың немесе тәуелді (аффилиирленген) тұлғаларының пайда (табыс) көруі үшін ірі мәмілелер мен (немесе) мәмілелер жасасуға және (немесе) оларды жасасу туралы шешімдер қабылдауға ұсыныс білдіру нәтижесінде келтірілген шығындармен шектеліп қана қоймай, өзінің іс-әрекетімен (әрекетсіздігімен) Қоғамға келтірілген зиян және Қоғам тартқан шығындар үшін де Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікті алады.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен қарастырылған жағдайларда Жалғыз акционердің жасалуында мүдделілік бар ірі мәмілелер мен (немесе) мәмілелер жасасу туралы шешім қабылдауы оларды жасасуды ұсынған тұлғаны немесе өзі мүшесі болып табылатын, Қоғам органының отырысында іждағатсыз әрекет еткен және (немесе) әрекет етпеген лауазымды тұлғаны, оның ішінде олардың немесе тәуелді (аффилиирленген) тұлғаларының пайда (кіріс) көруі үшін жасаған әрекеттерін жүзеге асыру нәтижесінде Қоғамға шығын келтірілген болса, жауапкершіліктен босатпайды.
124. Жалғыз акционердің шешімі негізінде Қоғам немесе Жалғыз акционер өз атынан егер лауазымды тұлға іждағатсыз әрекет еткен немесе мүлдем әрекет етпеген болса, лауазымды тұлғаға қатысты оның Қоғамға келтірген зияны немесе шығындары туралы, сондай-ақ жасалуында мүдделілік бар, Қоғамды шығынға ұшыратқан ірі мәмілелерді және (немесе) мәмілелерді жасасу туралы шешімдер қабылдау (жасасуға ұсыныс жасау) нәтижесінде лауазымды тұлғаның және (немесе) оның тәуелді тұлғаларының тапқан пайдасын (табысын) Қоғамға қайтаруы жөнінде сотқа талап-арызбен шағымдануға құқылы.
Жалғыз акционердің шешімі негізінде Қоғам немесе Жалғыз акционер өз атынан сотқа Қоғамның лауазымдық тұлғасына және (немесе) үшінші тұлғаға қатысты Қоғамға сол үшінші тұлғамен жасасқан мәміленің нәтижесінде келтірілген шығынды қайтару жөніндегі талап-арызбен егер Қоғамның осы лауазымды тұлғасы осындай мәмілені жасасу және (немесе) жүзеге асыру кезінде сол үшінші тұлғамен жасалған келісімнің негізінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қоғамның Жарғысы мен ішкі құжаттарының немесе оның еңбек шартының талаптарын бұза отырып, әрекет еткен болса шағымдануға құқылы. Бұл жағдайда көрсетілген үшінші тұлға және Қоғамның лауазымды тұлғасы Қоғамға осындай шығындарды қайтару кезінде Қоғамның ортақ борышкерлері ретінде танылады.
Жалғыз акционер сот органдарына жүгінбестен бұрын, Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасына Қоғамға Қоғамның лауазымды тұлғалары келтірген шығынды өтеу және жасалуында мүдделілік бар ірі мәмілелерді және (немесе) мәмілелерді жасасу туралы қабылданған шешімдердің (оларды жасасу туралы ұсыныс айту) нәтижесінде Қоғамның лауазымды тұлғаларының және (немесе) лауазымдық тұлғалардың көрген пайдасын (табысын) Қоғамға қайтару мәселесін Директорлар кеңесінің отырысына шығару жөніндегі талаппен жүгінуі тиіс.
Директорлар кеңесінің төрағасы осы тармақтың үшінші бөлімінде көрсетілген өтініш келіп түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей Директорлар кеңесінің отырысын өткізуге міндетті.
Жалғыз акционердің өтініші бойынша Директорлар кеңесінің шешімі оның (олардың) мәліметіне отырыс өткізілген күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде жеткізіледі. Жалғыз акционер Директорлар кеңесінің көрсетілген шешімін алған соң немесе оны осы тармақпен белгіленген мерзімдерде алмаған жағдайда, егер Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасына осы мәселе бойынша Жалғыз акционердің өтініш жасағанын растайтын құжаттар болса, Қоғам мүддесін қорғау үшін өз атынан сотқа арызбен жүгінуге құқылы.
125. Орындау нәтижесінде Қоғамға зиян келтірілген мәмілені жасауға мүдделі және мәміле жасауды ұсынған Қоғамның лауазымды тұлғасынан басқа, лауазымды тұлғалары Қоғамның органы қабылдаған, Қоғамды немесе Жалғыз акционерді шығынға ұшыратқан шешімге қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге дәлелді себептермен қатыспаған жағдайда жауапкершіліктен босатылады.
Лауазымды тұлға коммерциялық (кәсіпкерлік) шешімдер нәтижесінде туындаған шығындарды өтеуден егер коммерциялық (кәсіпкерлік) шешімнің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген Қоғамның лауазымды тұлғаларының қызмет ету принциптері сақталып, шешімдер қабылдау кезіндегі өзекті (тиісті) ақпараттың негізінде тиісті түрде әрекет еткені дәлелденсе және осындай шешімнің Қоғам мүддесі үшін қызмет ететіні негізделген болса, босатылады.
126. Сотпен коммерциялық немесе басқа да ұйымдардағы экономикалық қызмет саласындағы меншікке немесе қызметтер мүддесіне қарсы қылмыс жасаған деп танылған, сондай-ақ көрсетілген қызметті жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған Қоғамның лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотталғандығы жойылған немесе алынып тасталған немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылған күннен бастап бес жыл бойы Қоғамның лауазымды тұлғаларының міндеттерін атқара алмайды.
127. Егер Қоғамның қаржылық есебі Қоғамның қаржылық жағдайын бұрмалайтын болса, Қоғамның осы қаржылық есептілігіне қол қойған лауазымды тұлғасы осының нәтижесінде материалдық зиян келтірілген үшінші тұлғаның алдында жауапты болады.
15-бап
Ішкі аудит қызметі
128. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметтеріне бақылау жасауды жүзеге асыру, ішкі бақылау саласын бағалау, тәуекелдерді басқару, Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында корпоративтік басқару және кеңес беру саласындағы құжаттарды орындау үшін Қоғамда Ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Директорлар кеңесі мен Қоғамның Басқармасы құрамына сайлана алмайды.
129. Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесі белгілеген тәртіпте:
1) Директорлар кеңесіне Қоғам қызметі туралы тәуелсіз объективті ақпарат береді;
2) бағалау жүргізеді, жүйелендірілген және жүйелі тәсілді пайдаланып, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау мен корпоративтік басқару процестерінің жетілдірілуі бойынша кеңес береді және ықпал жасайды;
3) Ішкі аудит қызметі туралы ережеге сәйкес оның құзыретіне кіретін басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
130. Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесіне тікелей бағынады және оған өз жұмысы туралы есеп береді. Ішкі аудит қызметін басқаруды Қоғамның Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті жүзеге асырады. Ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары, оның құқықтары мен жауапкершілігі, сондай-ақ оның жұмыс істеу тәртібі Директорлар кеңесімен бекітілген Қоғамның Ішкі аудит қызметі туралы ережемен белгіленеді.
131. Қоғам мен Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Ресбубликасының заңнамасында, осы Жарғыда және Директорлар кеңесінің шешімі негізінде Директорлар кеңесінің төрағасының және Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері арасында жасалатын еңбек шартында белгіленеді.
16-бап
Корпоративтік хатшы
132. Корпоративтік хатшы – Директорлар кеңесінің немесе Қоғам Басқармасының болып табылмайтын Қоғам қызметкері, оны Директор кеңесі тағайындайды және ол Директорлар кеңесіне есеп береді.
133. Корпоративтік хатшының құзыреті мен қызметі белгіленген тәртіпте Директорлар кеңесі бекіткен Корпоративтік хатшы туралы ережемен және Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленеді.
134. Қоғам мен Корпоративтік хатшы арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен және Қоғам Президенті мен Корпоративтік хатшының арасында жасалатын еңбек шартымен реттеледі.
17-бап
Қаржылық есептілік, есепке алу құжаттамасы және аудит
135. Күнтізбелік жыл (1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығы) Қоғамның қаржылық жылы болып табылады.
136. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін құрастыру тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.
137. Басқарма жыл сайын Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізілген өткен жылдың жылдық қаржылық есептілігін талқылау және бекіту үшін оны Жалғыз акционерге ұсынады. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі Жалғыз акционер бекітетін күнге дейін 30 (отыз) күннен кешіктірілмей, алдын ала Директорлар кеңесінің бекітуіне жатады.
Басқарма Жалғыз акционерге қаржылық есептіліктен басқа аудитордың ұсынымымен бірге аудиторлық есеп (Қоғам басшылығына хат) ұсынады.
138. Қоғам жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық жылдың қорытындысы бойынша аудит жүргізеді.
139. Қоғамда аудит Директорлар кеңесінің, Басқарманың бастамасы бойынша Қоғам есебінен немесе Жалғыз акционердің талабы бойынша оның есебінен жүргізілуі мүмкін, бұл ретте Жалғыз акционер аудиторлық ұйымды өзі дербес белгілеуге құқылы. Аудит Жалғыз акционердің талабы бойынша өткізілетін жағдайда, Қоғам аудиторлық ұйым сұратқан барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) беруге міндетті.
140. Егер Басқарма Қоғамға аудит жүргізуден бас тартқан жағдайда, аудит кез келген мүдделі тұлғалардың талабы бойынша сот шешімі бойынша тағайындалуы мүмкін.
141. Қоғам жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген тәртіпте және мерзімдерде біріктірілген жылдық қаржылық есептілікті жариялауға міндетті.
Жасалуында мүдделілік бар ірі мәмілелер мен (немесе) мәмілелер туралы ақпарат халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық есептілікке берілген түсіндірме жазбада ашып көрсетіледі. Нәтижесінде Қоғамның активтері мөлшерінің он және одан астам пайыз сомасына мүлік алынатын немесе игілігінен шығарылатын мәміле туралы ақпарат мәміленің тараптарын, мәміленің мерзімдері мен шарттарын, тартылған тұлғалардың қатысу үлестірінің көлемін, сондай-ақ мәміле туралы басқа да мәліметтерді қамтуы тиіс.
142. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігінің, сондай-ақ Қоғам ісінің ағымдық жағдайының дұрыстығын тексеру және растау үшін, Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Жалғыз акционердің шешімімен белгіленген тәртіпте қаржылық жылдың қорытындылары бойынша жыл аяқталған соң 90 (тоқсан) күннен кешіктірмей, жыл сайынғы аудитті жүргізуге міндетті.
18-бап
Қоғамның ақпаратты ашуы.
Қоғамның құжаттары
143. Қоғам Интернет желісіндегі Қоғамның WEB-сайтына (www.temirzhol.kz.) және (немесе) мерзімді баспасөз беттеріне өзінің қызметі туралы ақпартты жариялайды.
Қоғам Жалғыз акционердің мүддесін қозғайтын Қоғамның қызметі туралы ақпаратты тиісті фактілер туындаған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Жалғыз акционердің мәліметіне жеткізуге міндетті.
Жалғыз акционердің мүддесін қозғайтын ақпараттар болып мыналар танылады:
1) Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпараттар;
2) Қоғамның акциялар мен басқа да құнды қағаздарды шығаруы және уәкілетті органдардың Қоғамның құнды қағаздарын орналастыру қорытындысы туралы есептерді, Қоғамның құнды қағаздарын жою қорытындысы туралы берілген есептерді бекітуі, Қоғамның құнды қағаздарын уәкілетті органдардың жоюы;
3) Қоғамның жасалуында мүддесі бар ірі мәмілелер мен мәмілелерді жасасуы;
4) Қоғамның меншік (жеке) капиталы мөлшерінің 25 (жиырма бес) және одан астам пайызын құрайтын мөлшерде қарыздар алуы;
5) Қоғамның қандай да бір қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуы, сондай-ақ Қоғамның қандай да бір қызмет түрін жүзеге асыруы үшін бұрын алған лицензиясының қызметін тоқтата тұруы немесе тоқтату;
6) Қоғамның заңды мекемелерді құруға қатысуы;
7) Қоғам мүлкіне тыйым салу;
8) нәтижесінде Қоғамның мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың туындауы, Қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын теңгерім құны;
9) Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту;
10) сотта корпоративтік дауға қатысты іс қозғау;
11) Қоғамды мәжбүрлі түрде қайта құру туралы шешім қабылдау;
12) Қоғамның активтерінің бес және одан астам пайызын құрайтын сомаға Қоғамның мүлкін кеплідікке (қайта кепілдікке) беру;
13) Қоғамның Жарғысына, сондай-ақ Қоғамның акцияларын шығару проспектісіне сәйкес Жалғыз акционердің мүддесін қозғайтын басқа да ақпараттар.
144. Қоғамның қызметі туралы Жарғының осы бабының 2-тармағында көрсетілген ақпаратты беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде ақпаратты жариялау мерзімі (Жалғыз акционердің мәліметіне жеткізу) көзделмеген болса, онда аталған ақпарат ол пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жарияланады (Жалғыз акционердің мәліметіне жеткізіледі).
Сотта корпоративтік дауға қатысты іс қозғау туралы ақпарат Жалғыз акционерге Қоғам корпоративтік дауға қатысты азаматтық іс жөніндегі тиісті сот хабарламасын (сотқа шақыру қағазын) алған күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде берілуі тиіс.
Қоғам Қоғамның қызметтік немесе коммерциялық құпиядан тұратын ақпаратынан хабардар қызметкерлер тізімінің міндетті түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді.
145. Қоғамның қызметіне қатысты құжаттар Қоғамда Басқарманың орналасқан жерінде Қоғамның барлық қызмет ету мерзімі ішінде сақталуға жатады.
146. Сақталуға жататын құжаттар мыналар:
1) Қоғамның Жарғысы, Қоғамның Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
2) жалғыз құрылтайшының шешімі, жалғыз құрылтайшының шешіміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
3) Қоғамды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
4) Қоғамның белгілі қызмет түрімен айналысуына және (немесе) белгілі іс-әрекеттерді жүзеге асыруына берілетін лицензия;
5) Қоғамның теңгеріміндегі (бұрын теңгерімінде болған) мүліктерге деген оның құқығын растайтын құжаттар;
6) Қоғамның құнды қағаздарын шығару проспектісі;
7) Қоғамның құнды қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттар, құнды қағаздарды жою, сондай-ақ Қоғамның құнды қағаздарын орналастыру және жою қорытындылары туралы уәкілетті органға берген есептерін бекіту;
8) Қоғамның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелер;
9) Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімі және оған қоса берілген материалдары;
10) Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамалары (сырттай отырыстарының шешімдері) және бюллетеньдері (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), Директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар;
11) Басқарма отырыстарының хаттамалары (шешімдері);
12) корпоративтік дамыту кодексі.
147. Басқа құжаттар, оның ішінде Қоғамның қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім ішінде сақталады.
148. Қоғам Жалғыз акционердің талап етуі бойынша оған Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен көзделген құжаттардың көшірмелерін Қоғамға осындай талап келіп түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей беруге міндетті, бұл ретте қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын ақпараттың берілуіне шектеулер қоюға болады.
Қоғамның құнды қағаздарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы мен айырбасталуы жөніндегі жеке мәселелерін регламенттейтін, қызметтік, коммерциялық немесе заңнамамен қорғалатын басқа да құпиядан құралған ақпараттан тұратын құжаттары Жалғыз акционерге оның талабы бойынша танысу үшін ұсынылуы қажет.
149. Қоғам өзінің тәуелді тұлғаларының есебін олар берген мәліметтердің негізінде жүргізеді.
Қоғам құнды қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға өзінің тәуелді тұлғаларының тізімін олар белгілеген тәртіпте ұсынады.
150. Қоғамның Жалғыз акционері мен лауазымды тұлғасы Қоғам Президентіне Жарғы бекітілген күннен бастап 15 күн ішінде, сондай-ақ тәуелділік туындауына байланысты ол туындаған күннен бастап 7 күн ішінде өзінің тәуелді тұлғалары туралы ақпарат береді.
Қоғамның Жалғыз акционері немесе лауазымды тұлғасы бұрын тәуелді тұлға ретінде көрсеткен тұлға олай болудан қалған (олай болуын тоқтатқан) жағдайда, бұл туралы Қоғамның Жалғыз акционері немесе лауазымды тұлғасы Қоғам Президентіне бес күндік мерзімде хабарлайды.
Тәуелді тұлғалар туралы ақпарат Қоғам Президентіне құнды қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тиісті форма бойынша беріледі.
19-бап
Қоғамды қайта құру
151. Қоғамды қайта құру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріліп, жүзеге асырылады.
152. Егер Қоғам қайта құрылған жағдайда, өз қызметін тоқтатса, оның акцияларының шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жойылуға жатады.
20-бап
Қоғамды тарату
153. Қоғамды өз еркімен тарату туралы шешімді Қоғамның Жалғыз акционері қабылдайды, ол кредиторлардың келісімі бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың бақылауымен тарату процедурасын белгілейді.
154. Қоғамды еркінен тыс таратуды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда сот жүзеге асырады.
Сотқа Қоғамды тарату туралы талапты егер одан басқасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген болса, оған мүдделі тұлғалар беруі мүмкін.
155. Соттың немесе Қоғамның Жалғыз акционерінің Қоғамды тарату туралы шешімімен тарату комиссиясы тағайындалады.
Тарату комиссиясы Қоғамды тарату кезінде оны басқару және тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әрекеттерді жүзеге асыру өкілеттігіне ие болады.
Өз еркімен тарату кезінде тарату комиссиясының құрамына Қоғам кредиторларының өкілдері, Жалғыз акционердің өкілдері, сондай-ақ Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес өзге де тұлғалар енгізілуі тиіс.
156. Қоғамды тарату процедурасы мен оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
157. Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жойылуға жатады.
21-бап
Жарғының күшіне енуі
158. Осы Жарғы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
22-бап
Қортынды ережелер
159. Жарғы баптарының тақырыптары оның түсіндірмесіне ықпал етпеуі тиіс.
160. Егер Жарғы ережелерінің біреуі жарамсыз болатын болса, онда ол қалған ережелердің жарамдылығына ықпалын тигізбейді.
Жарамсыз ереже құқықтық тұрғыдан рұқсат етілген, мағынасы жағынан жақын ережемен алмастырылады.
«Жолаушылар тасымалы»
акционерлік қоғамының
Президенті
А. Жағыпаров
Достарыңызбен бөлісу: |