1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) заңдық метрология - метрологияның уәкiлеттi мемлекеттiк орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бiрлiктерiне, әдiстерiне, өлшем құралдары мен өлшемдiк зертханаларына қатысты мемлекеттiк талаптары бар бөлiгi;
3) мемлекеттiк метрологиялық бақылау – уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі қызметі;
4) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4-1) метрологиялық бақылап тексеру – өлшем нәтижесінің қасиеті, оған сәйкес нәтиже салыстырып тексеру мен калибрлеудің құжатталған үздіксіз тізбегі арқылы шама бірлігінің мемлекеттік эталонымен сәйкестендірілуі мүмкін;
5) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5-1) метрологиялық сараптама – метрологиялық талаптарды, өлшем бірлігімен байланысты қағидалар мен нормаларды қолдану дұрыстығын және толықтығын талдау және бағалау;
5-2) метрологиялық сипаттама (өлшем құралдары) – өлшем нәтижесіне әсер ететін, өлшем құралы қасиеттерінің бірінің сипаттамасы;";
5-3) метрологиялық талаптар – өлшемдердің, шама бірліктері эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшем құралдарының өлшем дәлдігінің нәтижесі мен көрсеткіштеріне әсер ететін сипаттамаларына (өлшемдеріне), сондай-ақ осы сипаттамалар (өлшемдер) қамтамасыз етілуге тиіс жағдайларға қойылатын талаптар;
6) өлшем – шамаға негізделіп жазылуы мүмкін шаманың бір немесе одан көп сандық мәндерін эксперименттік алу процесі;
6-1) өлшем белгісіздігі – өлшем нәтижесімен байланысты және өлшенетін шамаға негізделіп жазылуы мүмкін мәндердің шашырап кетуін сипаттайтын параметр;
7) өлшем бiрлiгi – өлшемнiң жай-күйi, бұл ретте осы өлшемнің нәтижелері қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінде көрсетіледі, ал өлшем дәлдігінің көрсеткіштері белгіленген шекаралардан шықпайды;
8) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi – өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асыратын объектiлердiң, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
9) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмi – өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы объектiлердiң, жұмыстарға қатысушылар мен құжаттардың электрондық дерекқоры;
9-1) өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесі – сол біртекті шама өлшемдерін орындаудың басқа әдістемелерінің көмегімен алынған өлшенген шама мәндерінің дұрыстығын бағалау үшін қолданылуы мүмкін өлшем нәтижелерін алу үшін, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын айқындау үшін пайдаланылатын өлшемдерді орындау әдістемесі;
9-2) өлшем құралдарын калибрлеу әдістемесі – шама бірлігінің эталонына немесе өлшем құралына калибрлеуді жүргізу тәртібін және рәсімін белгілейтін құжат;
10) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау – айналымға санаулы данада шығарылатын өлшем құралдарының Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу (растау);
12-1) өлшем құралдарын салыстырып тексеру – өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;
12-2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесi – орындалуы өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларға белгiленген талаптарға сәйкестiгiн айқындауға және растауға мүмкiндiк беретiн операциялар жиынтығының сипаты;
13) өлшем құралдарын салыстырып тексерушi – өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргiзу құқығына аттестатталған жеке тұлға;
14) өлшем құралдарын сынау - сынау объектiлерiне түрлi сынау әсерлерiн қолдана отырып өлшем құралдарының белгiленген нормаларға сәйкестiк дәрежесiн анықтау үшiн өткiзiлетiн операциялар жиынтығы;
15) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16) өлшем құралы – өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;
16-1) өлшем құралының типін бекіту – уәкілетті органның сынақтардың оң нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бекітілген типтегі өлшем құралын қолдануға рұқсат ету туралы шешімі;
17) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
18) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
19) өлшемдердi орындау әдiстемесi - орындалуы өлшем жүргiзудiң осы әдiстемесiмен белгiленген дәлдiкпен өлшем нәтижелерiнiң алынуын қамтамасыз ететiн операциялар мен ережелер жиынтығы;
20) өлшемдердi орындау әдiстемесiн метрологиялық аттестаттау - өлшемдердi орындау әдiстемесiнiң оған қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу (растау);
20-1) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
21) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
21-1) стандартты үлгі – өлшем дәлдігінің және метрологиялық бақылап тексерудің белгіленген көрсеткіштері бар, болжанатын мақсатына сәйкес сапалық қасиеттерді өлшеу кезінде немесе бағалау кезінде пайдалану үшін белгілі бір қасиеттерге қатысты жеткілікті біртекті және тұрақты материал (зат);
22) уәкілетті орган - техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
23) шама бiрлiгi – бірлікке тең сандық мән шартты түрде берiлген тіркелген мөлшердiң шамасы және өзімен біртекті шамаларды сандық жағынан білдіру үшін қолданылатын шама;
24) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны – шама бiрлiгiнiң уәкiлеттi органның шешiмiмен танылған және мемлекеттік меншіктегі эталоны;
24-1) шама бірлігінің мөлшерін беру – өлшем құралымен сақталатын шама мөлшерін осы шама бірлігінің эталонымен немесе дәлдік көрсеткіштері анағұрлым жоғары стандартты үлгімен жаңғыртылатын немесе сақталатын шама бірлігіне келтіру;
25) шама бiрлiгiнiң эталоны - уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен бекiтiлген, мөлшерiн осы шаманың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында, шама бiрлiгiн (шама бiрлiгiнiң еселiк не үлестiк мәндерiн) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған өлшем құралы;
26) шама бірлігінің эталонын немесе өлшем құралын калибрлеу – шама бірлігі эталонының немесе өлшем құралының метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерiн айқындау мақсатында осы шама бірлігі эталонының немесе өлшем құралының көмегімен алынған шаманың мәнi мен анағұрлым жоғары дәлдіктегі шама бірлігі эталонының көмегiмен айқындалған тиісті шама мәні арасындағы арақатынасты белгiлейтiн операциялар жиынтығы;
27) шама бірліктерінің эталондарын салғастыру – бір дәлдік деңгейіндегі шама бірліктерінің эталондарымен өлшем бірлігін жаңғыртқан және берген кезде өлшем нәтижелері арасындағы арақатынастарды белгілеу.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерісnth енгізілді - 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |