1. Бұқаралық ақпарат құралдары


Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті



бет5/9
Дата12.01.2024
өлшемі328 Kb.
#488936
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ахметбекова А

2.2 Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті
Бұқаралық ақпарат құралдары – бұқаралық ақпараттық коммуникация сияқты байланыс құралдарының маңызды бөлігі болып табылады.
Ғалым Б. Жақып: «Батыс елдерінде бұқаралық ақпарат құралдары және бұқаралық коммуникация құралдары ұғымдары ғылыми ортада бір-біріне өте ұқсас мағынада қолданылады және бұл салалардағы зерттеулер бұрыннан-ақ атқырылып келеді» 15, б. 24, - деген пікірде.
Бұқаралық ақпараттық коммуникация жүйесі жаһандық, ұлттық, өңірлік деңгейлерде қоғамдық маңызы бар ақпаратты жинау, талдау, тарату құралы болып табылады. Бұл жүйенің құрамдас бөліктері: баспасөз (газеттер мен журналдар), теледидар, радио, ақпараттық агенттіктер, баспа, жарнама және PR агенттіктері, қоғаммен байланыс жөніндегі ішкі қызметтер, интернет, телефон байланысы, пошта және телеграф.
Ал бұқаралық ақпарат құралдары құрамына ереже бойынша мыналар кіреді: жорналдар, газеттер, телеарналар, ақпараттық агенттіктері, радиостансалар, web-сайттар (БАҚ ретінде арнайы тіркелгендері ғана).
Қазіргі кезеңде осынау ақпарат тарату құралдарын нақты бағалау қиын, бұл ұйымдар үшін әртүрлі әлеуметтік ақиқаттың медиалануы тән, өйткені шынайы өмірде оның көптеген өкілдері ақпаратты тарату мен сақтауға белсенді қатысатыны белгілі. Қазір электрондық БАҚ-та үлкен өзгеріске ұшырауда, себебі журналистика мультимедиалық бағытқа қарай дамып бара жатыр.
Егер бірнеше жыл бұрын радио жойылып бара жатыр, оның ықпалы мен рөлі азайды деп сәуегейлік жасасақ, қазір сол радиоңыз мультимедиа элементтерінің енуі арқылы (бейнесуретті сайттар, кастингтер т.б.) қайта жандануда. Тіпті, батыс журналистикасында «радионың цифрлік жандануы» деген жаңа термин пайда болды. Болашақ «Бұқаралық коммуникация» – ақпарды, рухани байлықтарды, моральдық және құқықтық нормаларды және тағы да сол сияқты техникалық құралдардың (баспасөздің, радионың, кинематографияның, теледидардың) көмегімен саны көп, бытыраңқы аудиторияға тарату үрдісі.
Телехабарлар кең аудиторияны қамтиды, сондықтан оған жарнама берушілер көп. Жарнамалар негізінен кешкі 18.00 мен 22.00 аралығын қамтып, әртүрлі бағдарламалармен қабаттаса эфирге шығады. Телевизия БАҚ-тың басқа түрлеріне қарағанда айтарлықтай материалдық шығынды қажет етеді. Сондықтан медианың бұл түрімен жұмыс істеу үшін оның хабарларының мазмұнына аса жауапкершілікпен қарауға тура келеді. Білікті баспасөз хатшысы осындайда өз басшысына ақпарат кеңістігіндегі әр түрлі әрекеттердің нәтижесінің қандай болатынына көз жеткізе білуі керек: қай жерде нәтиже төмен болады, қай жерде жоғары, қай жерде жұмсалған шығын еселеп қайтады, мұны басшыларға жеткізудің маңызы зор.
Қазіргі жағдайда радионы да қолданудан ешбір қашпау керек, себебі бұл сала да БАҚ-тың «цифрлық өркендеуіне» ұшыраған.
Мынаны сеніммен айта аламыз, БАҚ-тың қоғамдық пікірге әсер етуі, ең алдымен, радио хабарының шығуынан бастау алған. Телевизияның пайда болуынан радионың рөлі әлсіреді. Дегенмен, көптеген медиа-сарапшылардың пікірінше, қазіргі радио жоғалтқан беделін қайта қайтарып жатыр, ол ақпарат тарату мен ақпарат өндірісінің өз ықпалы бар субъектісіне айналды. Ғаламтор желілері бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең жаңа түрі.
Басқа БАҚ құралдарына қарағанда қажетті ақпаратты орналастыру, ақпарат алу жылдамдығы, оңтайлы пайдалану жағынан ең арзанға түсетіні осы ғаламтор. Әрине, көптеген салалық веб-қорларға материал орналастыру тегін болуы да мүмкін, бірақ ғаламтордың аудиториясы анағұрлым ауқымды.
Ғаламтор баспасөз қызметінің жеке пайдалануына да ыңғайлы болып табылады әрі ол өз ұйымының пиар-материалдарын орналыстырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жіктелуі баспасөз хатшыларына таптырмас көмекші бола алады. WEB-сайттарды қамту аумағы мен мамандану сипатына қарай ғаламтордың жіктелуі төмендегідей болады:
- корпоротивтік ғаламтор. Бұл сайт белгілі бір ұйымның «ішкі қолдануына арналған» қызметтік сайт болып табылады (мәселен, ҚазҰУ – kaznu.kz, ЕҰУ – enu.kz, Ахмет Ясауи университеті – iktu.kz т.б.);
- жергілікті (локальдық) ғаламтор. Тар ауқымды қамтитын сайт;
- аймақтық. Белгілі бір аймақты қамтуға бағытталған сайт;
- мемлекетік. Республика көлемінде кең ауқымды қамтитын сайт (мәселен, akorda.kz, edu. gov.kz т.б.).
- мамандандырылған. Белгілі бір тақырыпты ғана қамтитын сайт (мәселен, www.svat.kz, video.nur.kz, www.kuttybolsyn.kz).
Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі баспасөз қызметі өз ақпараттарын баспасөзден гөрі жылдам тарайтын ғаламтор желілеріне орналастырғанды жөн санайды. Баспасөз қызметі, ең алдымен, өз жұмысында халықтың қай тобының өздеріне мақсатты аудитория бола алатынын ұғынып алуы қажет. Бұлар баспасөз қызметі саласына белсенділік танытатын қоғамның бір бөлігі болып табылады. Мақсаты мен міндетіне қарай аудитория да ауысып отыруы мүмкін. Себебі, баспасөз қызметінің баспасөз-релиздері бір сағаттың ішінде әртүрлі мақсаттағы аудиторияға бағытталуы мүмкін. «Аудиторияның ақпаратты қабылдауы төмендегі көрсеткіштерге байланысты құбылып отырады: жалпы білім деңгейіне; мәселе туралы хабардар болу деңгейіне; қызығушылық деңгейіне; ақпараттың белгілі бір кезеңде өзекті болуы немесе ақпарат молдығы деңгейіне; терминді білу деңгейіне; мәтінді бұзбай, сол күйі қабылдау деңгейіне» [22]. Халықты мақсатты аудиторияға бөлу мәселесі мына себептерге байланысты өзекті болып табылады: топтың өзіндік ерекшелігі, қандай ақпарат ұсыну қажеттілігі, хабар тарату тәсілін таңдау мәселесі, стилистикалық-лингвистикалық контексті, хабардағы негізгі идеяны беру тәсілдері т.б.
Бірақ, баспасөз қызметі бұларға айтарлықтай жеткілікті назар аудармайды, ақпаратты қарапайым стильде бере салады. Әрине, мұндай жағдайда хабар өзінің құнын жоғалтады, алдын-ала бағытталған мақсатты аудиториясына жетпей қалады. Егер хабарды беру нақты мақсатпен айқындалса, оның мәтіндері қарапайым әрі түсінікті болып шығар еді, сонда ғана ол көпшілікке түсінікті болады да, барлық қоғам әлеуеті мақсатты аудиторияға айналады. Сол себепті мұндай хабар үнемі қайталанып тұруы керек. Әрине, бұл жаңалық емес, тек ол бұрынғыдай өзекті, көпшілік аудиторияға жететін нәтижелі жұмыс түрі болып қала береді. Егер баспасөз қызметінің базалық қоры мол болса, онда ол бір адреске бағытталған материал беруге тырысуы керек, мақсатты аудиторияның өзіндік ерекшелігін ескеріп, ақпарат арналарына таратуды жоспарлағаны жөн. Қазіргі қоғамның күннен күнге кірігіп (сегменттеніп) келе жатқаны қоғаммен байланыс саласындағы мамандарға әуелден белгілі. Осыған байланысты халықтың белгілі бір тобына арналған тұтынудың жеке жоспарын жасау керек, олардың назарын өзіміз ұсынатын ең маңызды хабарға аудару қажет.
Мысалы, бір мақсатты топ бір ыдысты жартысына дейін бос десе, екінші мақсатты топ жартысына дейін толтырылған деуі де мүмкін. Демек, әрбір адам бір нәрсеге өз көзқарасы бойынша жеке-жеке мағына береді. Сондықтан осындай қайшылықтарды болдырмау үшін кей кезде цифрларды «сөйлеткен» дұрыс. Мысалы, «ыдыстағы су оның сйымдылық мөлшерінің 50%-ында бар» десе, барлығына да бірдей түсінікті болар еді. Бірақ мұндай ұтымды тәсіл барлық уақытта бірдей қолданыла бермейді, себебі ол барлық мақсатты аудиторияның өзіндік ерекшелігіне тура келе бермейді. Сондықтан жұмыс технологиясын қоғамның әрбір тобына арнап, солардың санасына жететіндей етіп ұйымдастырған жөн. Осыдан 10-15 жыл бұрын 20 мен 37 арасын жастар деп атау дағды болса, қазір әрбір үш жыл жас аралығын қамтиды: 16-18, 19-21, 22-24, 25-27 жас аралығындағылар т.б.
Әрине бұлардың әрбіріне жеке дара тәсіл қажет болатыны белгілі. Осылардың әрбір тобының өзіндік ерекшелігіне талдау жасау баспасөз қызметінің жоспарын жасауға мүмкіндік туғызады. 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер тобы. Бұлар кез-келген ақпаратты жеңіл қабылдайды.
Сыни ойлау дәржесі айтарлықтай төмен, сондықтан бұл топқа ұсынатын хабар анағұрлым қарапайым болу керек, негізгі ой мәтінде «жасырынып» тұрмауы тиіс, хабар айтылатын ойды ашық білдіретін сөйлемдерден басталуы тиіс.
19-21 жас аралығындағы жастар тобы. Бұлар бір жағынан білім алуға талпынады, екінші есептен жылдам шешім шығаруға ұмтылады. Аталған топ ойлаудың күрделі емес түрін таңдап алады (нақты дәлелді ұнатады, терең талдау оларды шаршатады). Бұл топтағы жастардың қажет ететін ақпараты – әртүрлі кітаптар мен қызықты мақалалар, технологиялық кеңестер [37]
22-24 жас арасындағы жас адамдар тобы. Бұлар өздеріне ерекше назар аударуды қажет етпейді, ақпарат қабылдауда тең дәрежелі қарым-қатынас ұстанады. Көп жағдайда қалыптасқан тұлғалық өкілдермен қарым-қатынас жасайды, мақалалар мен хабарларға үстірт қана мән береді. Бұл топтың өкілдеріне стиль ұстанымы ерекше болып табылады, мәтіндік ақпараттар және түр-түсті безендірулер ерекше болып көрінеді (фотосуреттер, эмоциялық бояулар, дәстүрден тыс материалдар т.б.)
25-27 жас аралығындағы жастар. Бұларға өзара қарым-қатынастың іскерлік стилі өзекті болып табылады. Сараптау мен тақырыпқа тереңдей ену тән. Өз ұстанымдарын дәлелдер арқылы қолдауды қажет етеді. Бұл топтағы аудиторияға әр түрлі факторлар әсер етеді. Мысалы, өте үлкен мемлекеттік мекемелерде істейтін жұмысшылар мен шағын коммерциялық өндіріс орындарындағы жұмысшылардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы болмайды. Олармен мобильдік психология арқылы түсінісуге болады. Сондықтан мақсатты аудиторияға демографиялық шарттардан басқа төмендегідей жеке факторларды да қолданған дұрыс:
- топтық жұмыспен айналысу сипаты (мектеп оқушылары, колледж бен жоғарғы оқу орны студенттері, қызметкерлер мен жұмысшылар т.б.);
- ортақ қызығушылықтың басым болуы (мәдениетке, дінге қатыстылығы, фанаттық көзқарас, белгілі бір футбол клубын ұнатуы т.б.).
Сонымен, мақсатты аудиторияны айқындау мен олармен жұмыс істеу технологиясын іздеу барысында сөз өнерінен басқа, кәсіби біліктілік пен құзыреттіліктің де қажет екенін білдік. Қорыта келгенде, топты дұрыс таңдап, негізгі ақпараттық белсенділікті бағыттау – баспасөз қызметінің жұмысын үнемдейтін жағдайларға алып келеді, әрі оның жұмыс нәтижелілігін арттырады.
БАҚ-да хабарлармен берілетін материалдардың бәрін де сөз мәдениеті сақталады деп тұжырымдауға болады. Қандай публицистік немесе әдеби шығармалар болсын сөз мәдениетінің қасиетін танытатын салалар болып есептеледі және мұның ішінде журналистің де сөздері мен жазған материалдары халық үшін сөз мәдениетінің көрінісі ретінде қабылданып жатады. Сондықтан сөз мәдениеті артуы үшін мына жайларды ескеру керек:
1. Сөздің мазмұндылығы
2. Сөздің эстетикасы
3. Сөздің ойлылығы қажет болатын
Ал ақпарат құралдарында айтылған сөздер әдеби тұрғыдан келу арқылы да мәдени сөздердің әрбір адамдардың аузынан шыққанда және электронды ақпарат құралдарынан сөйлегенде соншалықты сыпайылық мәдениеттілік болуы тиіс сонымен бірге микрофон алдында сөйлеп отырған теле радио журналистің де кейбір қасиеттерін аңғару қиын емес. Бұл ретте әсіресе радиожурналистің эфирдегі сөзінің интелектуалдық эрудициялық қасиеттері байқалып отырмақ. Егер дәл осындай қасиеттер сезілсе сөз мәдениетінің де түзелетіні айқын. Тіпті кейде сондай радиодан естіліп отырған сөздері арқылы радиожурналистің мәдениеті қандай екені сөз саптауынан-ақ аңғарылады. Сондықтан эфирдегі сөзді айтылған сөз, атылған оқпен бірдей екенін журналист жауапкершілікпен сезінуі қажет. Әсіресе, сұқбаттар әңгімелесулер сияқты жанрлар бойынша тікелей эфирден сөйлегенде публицистер бұл жағын ескеруі керек. Жалпы жұртшылық сөз мәдениетін тек қаламгерлерге байланыстырып қарауы мүмкін. Бұл қате ұғым деуге болады. Себебі, кез-келген адам жас кезінен қартайған шағына дейін жан дүние парасаты бай болса мейлі үйде болсын, түзде болсын сөз мәдениеті арқылы имидж тұлғасын қалыптастырмақ.
Жалпы сөз мәдениеті сол сөздерден өнер туғызатын, шығармалар туғызатын ақын жазушылар мен журналистерден күтілуі заңды. Себебі, олардың қоғамдық әлеуметтік мәселелерді қозғаудағы ой-пікірлері осыны қажет етеді. Әу баста сөз мәдениеті ауызекі тілден өріс алып фольклор арқылы кейінге де бүгінгі дамыған жазба әдебиетіміз публицистикамыз арқылы қалыптасып дамып келеді.
Жер жүзінде 3 мыңдай ұлттар тілдері бойынша олардың халқының санының аз-көптігіне қарамай әр қайсының өз алдына даму деңгейіне байланысты, сөзмәдениеті де қалыптасып келеді. Мұның көрінісін тек ақпарат құралдары ғанаемес жер жүзілік үлкен ұйымдар мен форумдардан да байқауға болады.
Мысалы: БҰҰ жанында ресми түрде тіркелген ағылшын, француз, испан, орыс, қытай және кейіннен қосылған араб тілдері бар. Сондықтан қазір жер жүзілік жиындарды барлық мемлекеттерге жариялауда осы аталмыш тілдердің мәдени қасиетіне зор мән беріліп отыр.
Шешеннің өзіндік көзқарасының ой ұшығы, сезімі мен ойлары, оның сөйлеу логикасы мен фактологиясы аудитория үшін дыбысталған сөз күйінде көрініс табады. Шаршы топ алдында шебер сөйлеу білігі сияқты шешеннің басты қасиеті - оның ойын ақырына дейін мейлінше дәл білдіруге көмектесетін бірден-бір айқын да, жарқын сөздерді екшеп ала білу білігімен бөлінбес бір тұтастықта болып келеді. Бұл білік - дағдының мән-мағынасының өте жоғарылығы – көбіне шешен шеберлігін оның мәдениетімен байланыстыра қарастыруда.
Ал оның ішінде алғашқы орынға сөз сөйлеу дұрыстығын қоямыз. Дегенмен аудиторияның назарын аударту үшін, тыңдаушының көзін жеткізу, сендіру үшін, жай ғана сөз дұрыстығы жеткіліксіз. «Дұрыс сөйлеу» және «дәл сөйлеу» ұғымдары өзара байланысты болғанмен де, мағынасы мен көлемі жағынан сәйкесті емес. Демек, сөзді «дәл қолдану» мен «дұрыс қолдану» дегеніміз мәндес емес.
Мәселен, «Тамағы тоқтық, уайымы жоқтық тасытар адам баласын» десек те, дұрыс, бірақ ол «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» дегендей дәл емес. Себебі соңғыдағы белгіленген сөздер мағынасы, әсіресе, өлең үшін аса қажетті дыбыс әуезділігі жақтарынан алдыңғыға қарағанда әлдеқайда сәйкесімді.
Бұдан, алдымен, «дұрыс» пен «дәл» мағыналарының бір еместігіне көзіміз жетсе, екіншіден, сөзді дұрыс жұмсай білу дәлдікке қанаттас, оған жету жолындағы алғы шарт сияқты. Сөзді дұрыс қолдана білмеген жерде дәлдік жоқ. Ал дұрыс, дәл сөйлеу үшін сөздің мағынасын, орнын, стильдік иірімдерін жақсы білумен қатар, бай лексика, тілдік тәсілдерге жетіктік, өмірді жан-жақты білу, ой қуаттылығы қажеттілігі сөзсіз. Сөйлеу мәдениеті мәселесінде ауызша сөйлеу стилі, сөз сөйлеу тілінің негізгі талаптарын сақтау және сөйленер сөздің мәнерлілігін арттырар құралдарды қолдану сияқты үш ерекшілігін бөле-жара атауымыз қажет. Халықтың тіл мәденеитін, сөйлеу мәдениетін арттыру мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Қай саланың қызметкерлері болмасын, тіл мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы маманның биік талғамына да байланысты.
Үгіт-насихат жұмыстарында болсын, халыққа әдебиет, өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру жұмысында болсын, әрбір маман қызметкерлердің айтқандары мен жазғандары тіл жағынан да мүлтіксіз болуы тиіс.
М.Балақаев: «Халықтың тіл қазынасын меңгеру, тілді өткір құрал ретінде ұстарта білу – үлкен өнер. Әрбір мәдениетті кісі сол өнерді үйренуге, тіл мәдениетін арттыруға талпынады» [7], – деп жазады.
БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.
БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы бұқаралық ақапарат құралдары арқылы алады.
БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің үгіт-насихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы: партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарына жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау компаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.
Бұқаралық ақпарат құралдарын саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқын жасырын басқару жатады. Алдап-арбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жағымсыз салдары оның қоғамдық ұйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты ұйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мемлекеттік және қоғамдық-құқықтық. 
АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бұл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ-тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. 
Электронды бұқаралық ақпарат құралдарын ұйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бұл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бұл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.
XX-XXӀ ғасырларда бұқаралық мәдениеттің кең етек жаюының басты себебі, ақпараттандыру мен компьютерлендіруге байланысты. Мәдени өнімдерді тарату, көбейту, өңдеудің жаңа жағдайларында (баспа-көбейту техникаларының жаңаруы, радионың пайда болуы, кинематографияның дамуы, телехабарлардың таралуы, үн және бейне жазушы техникалық қүралдардың жетілдірілуі) ақпараттық-желілік жүйелердің даму қарқындылығы және өзара іс-әрекет принциптері ғылыми-техникалық қайта құрулардың түбегейлі өзгеруімен, технология саласында күшті дамумен сипатталады (компьютерлік желілердің құрылуы, спутниктік таралым, онлайндық тораптардың және Интернеттің пайда болуы).
Постиндустриалды қоғам мәдениеті бұқаралық және ақпараттық сипат алады. Жаһандану жағдайында этникалық мәдениеттің қатаң шекаралары шайылып, оның өзіндік этномәдени ерекшелігін сақтап тұратын «жабықтығы» жойылады. Этникалық мәдениетті діңгек тұтатын ұлттық мәдениет - ол тек ресми, мемлекеттік мәдениет қана емес, әртүрлі субмәдениеттердің (оның ішінде бұқаралық мәдениет те кіреді) өзара ықпалдасуы нәтижесінде пайда болған ұлттық мәдениет жиынтығы. Бұқаралық мәдениет те біртұтас емес, ол көпқырлы. Ең күштісі - маргиналдық қабат, одан кейін танымал, жастардың субмәдениеті және т.б. жатады. Қазіргі жаһандану процесі жағдайында бұқаралық мәдениет трансұлттық мәдениеттің болашақ үлгісі ретінде қабылданады, басқа қырынан этникалық құндылықтарға және этномәдени өзіндікке қарсы тұратын мәдениет ретінде түсіндіріледі.
Мәдени құндылықтарды конвейерлік тәсілмен өндіру олардың тұлғалық шығармашылық мазмұнын кемітіп, адамдық жатсынудың жаңа формаларын қалыптастырады. Тек пайдалы көздеу ұлттық дәстүрлі мәдениетке жат әсіре сексуалдық, зорлық-зомбылықты, нәпсіқұмарлықты, арсыздықты, руханисыздықты дәріптеуге әкеп соғады. Бұқаралық мәдениет үлгілері қазақ халқының ұлттық құндылықтар сүзгісінен өтуі қажет.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылған сөздердің бойындағы мағыналық дәлсіздік пен екіұштылық мәселесі және баспасөздегі тіл мәдениетіне келер болсақ, газет мәтіндері мен телеарналардағы тілдік қолданыстардағы стильдік қателерге талдау жасап, ондағы мағыналық екіұштылық пен дәлсіздіктерді нақты мысалдармен дәлелдеп, БАҚ мәтіндеріне қойылатын талаптарды көрсеттік. «Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрінің қатар дамып, қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуі үшін оны түрлі ауытқулардан арылтып отыру, қоғамның, тілдік ұжым мүшелерінің сөз мәдениетін көтеру «сөз мәдениеті» деген ғылыми-теориялық пәннің алдында тұрған гуманистік, әлеуметтік жауапкершілік болып табылады» [30, 3 б.].
Сөйлеу әрекетінде туындайтын кедергілерді мәтіннің ең төменгі деңгейіне түсіріп, ақпараттылығы мен сенімділігін арттыру үшін редакциялаудан өткізу міндетті. Егер автордың нұсқасы баяндаудың немесе ойды жеткізудің қалыптасқан нормадан тыс формалармен берілсе, оны жалпыға белгілі үлгілерге салып түзетуге асығудың қажеті жоқ, өйткені баяндаудың дәл осы тәсілі, ойдың ішкі қатпарларын жеткізудің тиімді тәсілі болып шығуы мүмкін. Қолжазбалар, түпнұсқалар баспалар мен редакцияларда идеялық-саяси, көркемдік-әдеби, тілдік- стильдік, емлелік жағынан түзетуден, өңдеуден өтеді. Осы арқылы қолжазбалар редакциялану арқылы мүлде жаңа сапаға – жеке авторлық сападан қоғамдық маңызды баспалық-редакциялық сапаға ие болады. Авторлық сапаға – авторлы қоғамдық сапа қосылады. Ол енді әрі авторлық, әрі баспалық-редакциялық қолжазба, басқаша айтқанда, авторлы баспалық-редакциялық түпнұсқа.
Редактор мәтінмен жұмыс істеу барысында өзін автордың орнына қойып, оның логикасын, тақырыпқа деген көзқарасын материалдық проблемаларын, стильдің даралық ерекшеліктерін түсінуге тиіс, содан кейін ғана түзету нұсқаларын ұсына алады. Авторлық түпнұсқаның мазмұнына жете мән бермеу, оның стилистикасын тиісті деңгейде түсіне білуге қабілетінің жетпеуі, дәлелсіз, субъективті ескертпелер мен түзетулер – шығарманың мағынасы мен формасын бұрмалауға жасалған алғашқы қадам және ол өзара шиеленіс үшін негізгі себеп болып табылады.
Редактор ұсынған түзетулер авторлық мәтіннің мазмұнына, композициясы мен стиліне толық сәйкес келіп, оны ажарландырып, нәрлендіріп тұруы тиіс. Олай болмаған жағдайда редактор енгізген түзетулер мәнсіз болып шығады. Автор мен редактордың нұсқалары, мазмұны, стилі, құрылымы жағынан бірдей деңгейде болса, онда басымдық автор нұсқасына беріледі. Сондай-ақ, түзетудің қажеттілігін сауатты негіздей білу керек, олай болмаған жағдайда редактордың автормен тіл табысуы өте қиын болады.
Автор мен оқырманның қатынасы мәтін арқылы жүргізіледі, егер мәтін белгіленген талаптарға сай келмесе, онда қатынаста қиындық туындайды. Авторды кәсіби маман ретінде түсіну, нақтылайтын сұрақтарды дәл қоя білу, бір қарағанда оңай әрекеттер сияқты көрінеді. Алайда бұл – өте күрделі процесс. Кейде мәтіннің өзі оны түрліше түсінуге итермелейді (бұл, әсіресе, сөздерді дұрыс немесе дәлдікпен қолданбағанда анық көрінеді) және автор мен редактордың әртүрлі өмір тәжірибесі, өмірлік ұстанымы мен көзқарасының ерекшеліктері бір мәтінді әртүрлі мағынада түсінуге, бір жағдайды әртүрлі көруге (бағалауға) соқтырады. Редактор – материалдың алғашқы оқырманы. Тәжірибелі редакторлар мәтінді өз қабылдауының негізінде-ақ мәтінді бір оқығаннан-ақ түсінуге болатынын немесе оның мәнін түсіну үшін қаншалықты еңбектену керектігін, яғни қайта оқу барысында мәтінді толық оқу керек пе, әлде оның кейбір бөліктеріне ғана көз жүгірту керек пе – деген мәселелерді алдын ала тұжырымдай алады. Алайда, қарапайым оқырманға қарағанда, редактор оқырманның сөз шығармашылығына реакциясын болжай отырып, ол жазбаша немесе ауызша хабарламаның ең маңызды психологиялық ерекшеліктерін және ақпараттың шығу көзінің сенімділігін саналы түрде көре білуі тиіс.
БАҚ, жарнамалар мен паблик рилейшнз мәтіндері үшін мәтінді алғашқы қабылдау факторы аса маңызды болып табылады. Онда материалдарды тұтас қабылдау мен оның жекелеген фрагменттерін қабылдау да ерекше маңызды (оның ең кіші бөлшегі мағыналық және стилистикалық элемент ретінде қолданылатын сөз болып табылады).
Мысал үшін кейбір жарнамалардың орысшасы мен қазақшасын салыстырып көрейік:
«Спать можно со вкусом» – «Ұйықтасын дәммен мүмкін» (Өскемен қ.)
«Техника без помеха» – «Кедергісіз техника» (Тараз қ.)
«И один в поле воин» (киноның аты) – «Тіпті өрісте де жауынгер» (Алматы қ.)
«Пусть улыбка сияет здоровьем!» – «Күлкі денсаулықпен болса жарқырасын!»
«Мне 18, я голосую» – «Маған 18, мен сайлаймын» (Алматы қ.), т.б.
Егер бұл мәтіндер оқырманға жеткенге дейін білікті редактордың қолынан өткен болса, олар оқырманның мысқыл күлкісін туғызбас еді. Бұқаралық ақпарат құралдары тәжірибелі редакторларының айтуынша: «егер мәтін алғашқы оқығаннан ең болмаса бір адамға түсініксіз болса, онда ол көптеген оқырманға түсініксіз болады». Мұндай «бір» адам көбінесе оны жариялауға дайындайтын редактор болып шығады, сондықтан оның кәсіби міндеті – мәтіннің түсініксіз болу себебін анықтау.
Ал, себептер әртүрлі болуы мүмкін: мағыналық, яғни тақырыптың анықсыздығы, автор ойының шатасуы, стилистикалық, яғни баяндау тәсілі автордың ойына кіріп-шықпаған ассоциацияларды ұсынып, оның тұжырымдарын басқаша түсінуге итермелейді.
Мысалы, Тыныш жүре алмайтын мұғалім – деген тақырыпты оқығанда сізде қандай ассоциация пайда болады? Осы сұрақ қойылған студенттердің басым көпшілігі «арызқой, әр нәрсеге ұрынып жүретін жағымсыз мұғалім» деп жауап берді. Ал мақала, шынында, Қаскелең ауданындағы бір мектептің тыным таппайтын ізденгіш, тәрбие сағаттарын өткізу үшін Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетовты, т.б. көрнекті қоғам, мемлекет қайраткерлерін оқушылармен кездесуге шақырып жүретін жағымды мұғалімі туралы жазылған.
Мәтіннің мазмұны мағынасы мен граматикалық сөйлемдері арқылы байланысқан сызықтық тізбекпен өрістейді, алайда ол иерархиялы (төменнен жоғары қарай бағынады), яғни оның негізгі және қосалқы элементтерді қамтитын мағыналық құрылымы болады.
Әрдайым, ондағы басты ой – тақырып: тақырыптың мазмұнын әртүрлі қырынан ашып тұратын ойлар – бірнеше тақырыпшалар; тақырыпшаларды нақтылайтын ойлар – субтақырыпшалар. Мағыналық құрылымның күрделілігі тақырыптың, стильдің, жанрдың, мәтін көлемінің ерекшелігіне байланысты болады.
Мәтін, әсіресе, ақпараттық мәтін бір рет оқығаннан кез келген оқырманға түсінікті болуы тиіс, егер ол бір оқырманға түсініксіз болып, оны қайта оқуға тура келсе, онда ол – сәтсіз құрылған мәтін.
Төмендегі мәтінді оқып көрейік: «Тегі түрік Анахарсистің анасы грек қызы болған: өз тілімен қатар грек тілін жете меңгерген ол елінен терезесі тең адам таппай Грекияға, Солон атты философты іздеп барып: «Мен саған дос болайын деп келдім» [12], – дейді.
Бұл мәтінді бір оқып шыққан оқырманның Грекияға барып, дос іздеп жүрген адам Анахарсистің өзі емес, анасы екен деп түсініп қалуы мүмкін.
Енді мына мәтінге назар аударсақ: «Мемлекеттік білім стандарты жоғары білімді мамандар даярлауға құрылған оқу орындары келешек инженерлер өз саласында тілдік қолданысты игеру, негізгі кәсіби грамматикалық сөздікке, ресми-іскерлік, ғылыми стильге құрылған тілін игеріп жатырған елдің мәдениеті мен дәстүрін білуге бағдар жасайды» [16].
Бұл мәтінде, біріншіден, автордың ойы түсініксіз, екіншіден, бірнеше сөз қайталаулар (құрылған, игеру) мен грамматикалық, стильдік қателер кездеседі.
Теледидарда жаңалық жүргізушісі: «Атышулы директордың орынбасары әлі де өз орнында отыр. Оны орнынан түсіруге он алты мектептің мұғалімдері қол қойған», – деген ақпар беріп тұр.
Бұл мәтіннен біз «атышулы директор» мен «он алты мектептің мұғалімдері» туралы ақпаратты тыңдап отырмыз. Алайда, толық мәтін мен сюжетке қарасақ, ақпараттың мектеп директорының «атышулы орынбасары» мен оның жұмыстан кетуін талап етіп арыз жазған «бір» мектептің «он алты» мұғалімі туралы екенін ажыратамыз.
Тағы бір мысалға көңіл бөлейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет