1. Бұқаралық ақпарат құралдары


Ұлттық бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері



бет3/9
Дата12.01.2024
өлшемі328 Kb.
#488936
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ахметбекова А

1.2 Ұлттық бейресми басылымдар және олардың деректік орны мен ерекшеліктері
ХХ ғасырдың басы - қазақ халқының тарихындағы орыс патшалығымен әдейі көлеңкеленген, бүкіл қоғамдық ойдың өсуіне ықпал еткен ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Сол кезде ұлттық сананың ең өнімді саласы әдебиеттің қоғамдық санаға күрт көтерілуі - баспасөз болып табылады. Бұл кезеңде Абайдың ізбасары Шәкәрім шығармашылығы өз шыңына көтерілсе, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан сияқты алыптар әдебиет айдынына шығып, көркем әдебиеттің жазба түрін жаңа белестерге көтерді.
Мерзімді басылымдардың тарихын, әсіресе ұлттық баспасөз тарихын бүгінгі күннің талаптарына сәйкес, ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарау біздің тарихымызды толықтырады, ХХ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Шынында да, ел тарихындағы жазба деректер тобына жататын мерзімді басылымдар, соның ішінде ғасырлар тоғысында туылған, олардың бірі қысқа, ал екіншісі ұзақ өмір сүрген ұлттық бағыттағы демократиялық басылымдар ұлт тарихымен байланысты көптеген мәліметтерге ие. Көптеген жылдар бойы Қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық басылымдар тарихын зерттеуші, олардың библиографиялық көрсеткішін жасап, мәтіндерін қайта бастыру арқылы қазіргі оқырманға жеткізген ғалым У.Субханбердина: «Революциядан бұрын қазақ тілінде газеттер мен бір журнал шыққан. Олар: «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882), «Дала уалаятының газеті» (1888-1902), «Серке» (1907), «Бірлік туы» (1917), «Қазақ газеті» (1907), «Дала» (жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911-1913), «Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913-1918), «Айқап» (1911-1915), «Алаш» (1916-1917) , «Сарыарқа» (1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917)» 6, б. 47, - дейді.
Тұтастай алғанда ел тарихында, оның ішінде қазақ баспасөзінің тарихында осы газеттердің алдыңғы екі басылымы белгілі бір мақсатпен шығарылған ресми газеттерге жатады, қалғандары ғасырдың басында ұлттық мүдде үшін күресте халқымыздың аяулы азаматтарының озық ұлт зиялыларының саналы іс-әрекеттері салдарынан туған ұлттық бағыттағы саяси басылымдарға жатады. Өркениетті халықтар тарихында олардың ұлттық мүдделері үшін басылымның пайда болуы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Демек, біздің тарихымыз үшін ұлттық маңызы бар қағидатты мәселе - қазақ тілінде жарияланған бейресми, ұлттық бағыттағы басылым қай жылы, қай күні шықты деген мәселе. Сондықтан осы екі басылымның жалпыұлттық ауқымдағы оқиға ретінде дүниеге келуі олардың тарихына қатысты деректерді жан-жақты талдауды талап етеді. Алғашқы бейресми газетті шығару туралы мәселе 1907 жылы ғана мүмкін болды. Осы жылдың көктемінде «Қазақ» пен «Серке» жарық көрді. Бұл екі газеттің өмірі тым қысқа болса да, халық жадында қалуы керек, өйткені олар кейінгі ұлттық басылымдарға сабақ болған алғашқы бейресми ұлттық басылымдарға айналды.
Қазақ тілінде алғаш жарық көрген ұлттық-демократиялық, бейресми газеттер туралы бірнеше пікірлер қалыптасқан. Зерттеушілеріміздің көпшілігі «Серке» қазақтың тұңғыш ұлттық газеті десе, келесі бір зерттеушілер «Қазақ» газетін атайды. Ал зерттеушілеріміздің үшінші тобы «Қазақстан» газетін ұлттық баспасөздің төл басы деп есептейді.
«Серке» газетін алғашқы ұлттық газет деп таныған Міржақып Дулатұлы болатын. Ол: «Мерзімді баспасөз бізде қашан туғаны белгілі. Әр жұрттың, әр мемлекеттің мәдениет майданында ілгері-кейінгінің қатесіз бір өлшеуіші – баспасөз болады. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, өзі де өнерлі екендігі көрінеді, яки қай жұрт өнерлі болса, оның шексіз баспасөзі күшті болатындығы айдай анық» 7, - деп айтқан болатын.
Осылайша, алғашқы төл басылымдарымыз туралы пікірлер айтылып келеді, бірақ оның нақты қай басылым және дәл қай күні жарық көргені туралы деректер дәлелденбей келеді. Бұл, бір жағынан ұлттық басылымдар тарихының ел өміріндегі маңыздылығын көрсетсе, екінші жағынан әлі де анықтау қажеттілігін көрсетеді.
Қазақ баспасөзінің ғасыр басындағы талдауы көрсеткендей, барлық бейресми, ұлттық басылымдардың өзегіне айналған негізгі мәселелер жер мәселесі, осы екі газетте алғаш рет баспасөзде көтерілген халықты ұйқыдан ояту мәселелері болды, олардан бұқаралық ақпарат құралдарының бірі – газетті ұлт мүддесі үшін, бостандық үшін күресте пайдалану әрекеті басталды. Көптеген қазақ зиялыларын ынталандырумен қатар, олар баспасөз арқылы отаршылдық езгіге қарсы күрестегі алғашқы қадамдар ретінде болашақ газеттердің бейресми, ұлттық бағыттағы баспагерлері үшін сабақ болды деп айтуға болады. Өйткені, алғашқы газеттердің тағдыры түпкі мақсатқа жету үшін көп қиындықтардан өтті. Кейіннен шыққан «Қазақстан», «Айқап», «Қазақ» сияқты басылымдардың өміршең болуына әсер етті. Осылайша, «Қазақ» пен «Серке» баспасөз тарихында тұңғыш бейресми, тарихы мен тағдыры екі тамшы суға ұқсас қазақ халқының ұлттық газеттері ретінде өз орнын алуға толық құқылы. Олай болса, қазақ зиялылары тәуелсіздік үшін күресте алғаш рет қолданған ұлттық, бұқаралық ақпарат құралы ретінде де екі басылым ерекше орын алады. Қандай да бір дереккөздердің пайда болуының объективтілігін ескере отырып, Қазақстан тарихының жазба дереккөздерінің үлкен тобын құрайтын ұлттық мерзімді басылымдардың пайда болуының объективті алғышарттарының бірі ғасыр басындағы баспасөзге деген ұлттық қажеттілік, қоғамдық сұраныс болып табылады деп айтуға болады.
1.3 Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы
Электр энергиясынан бастап, жыл сайын олардың сапасын дамыта және жетілдіре отырып, бүгінгі таңда қазақстандық теледидар техникалық трендте тұр. Болашақта да ол шексіз дами береді. Елімізде алғаш рет 1958 жылғы 1 қаңтарда Өскемен қаласында көгілдір қобдишаларға жан бітсе, осы жылдың 8 наурызында Алматы қаласында алғашқы отандық телекамера мен техникалық телеорталық шымылдығын ашты. Стационарлық камералар қарапайым механика негізінде қолмен оптикалық линзаларды ауыстырып отырды. Бір жылдан кейін, өткен ғасырдың 70-ші жылдары ол чех камераларымен толықтырылды, кейіннен жапондардың CONI жетілдірілген жүйелерімен ауыстырылды. Сол кездегі теледидар негізінен бұқаралық бағдарламалар, әдеби, мәдени, концерттік, ресми бағдарламалар мен өндіріс, ауылшаруашылық бағдарламаларын көрсетуді қамтыды. Стационарлық студиялық қатынастардан басқа, біздің ұлан-байтақ республикамыздың жер-жерінен ақпараттар ұсынылып, көрсетіліп отырды. Облыстық студиялар жаппай іске қосыла бастады.
«Көгілдір экран – өмір айнасы» 8 демекші, теледидар газет пен радионы ақпарат таратудан сәл ысырғандай болды.
1958 жылдан бастап 1960 жылдардың аяғына дейін Қазақ теледидары тек сценарийлік негізде ақпараттық, концерттік бағдарламалардың қалыптасу кезеңі болды, оған телебағдарламалар үлкен дайындықпен, телетехникалық жетістіктермен, журналистік ой-пікірлерді бір бағытта бағдарлаумен, әрбір сюжет пен телеочерк, қойылымдардың мақсатын айқындаумен күрделі көркем теле-публицистикалық бағдарламалар кірді. Бұл жерде бұрынғы қазақ телевизиясына, қазақстандық телеарналардың көшбасшысына ерекше тоқталған жөн.
Қазақ теледидары - бүгінде 100-ге жуық телекомпанияның көшбасшысы. Тарихтың қиын және қызықты жолында ол араласпаған оқиғалар, бармаған жерлері мен көтермеген мәселелері кемде-кем. 1958 жылы 8 наурызда Алматы қаласында алғаш рет көгілдір экран жарқ етіп ашылғанда, сол телеарна басында білімдері мен біліктерін аямаған Ғ. Жанысбаев, Л. Ғалымжанова, С. Шәріпов сияқты телередакторлар мен телережиссерлер тұрды 9.
Алматы қаласында қанатын қаққан көгілдір экран Қарағанды, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе және Семей қалаларында көрсетіле бастады. Қазақ теледидарының «алтын ғасырына» 9 баланған 1970 - 1990 жылдар көгілдір экранның шарықтаған кезеңі болды.
Бұрынғы Қазақ теледидары, қазіргі бірегей телеарна қандай деңгейде?, қазақ телережиссура деңгейі қандай? - деген сұрақ туары анық. Өткенге қарасақ, бүгінгі күнге жеткен сол кездегі қауымның қатары сиреп қалған 10. Елімізде теледидар іргесін қалаған Қ.Сағындықов, Х.Абылғаин, Ә. Байжанбаев, С.Нұрғалинов, И.Саввин, В.Прасолов, С.Шәріпов, И.Смирнов, В.Немирский, Н.Қожасбаев, Қ.Мусин, М.Барманқұлов, С.Масғұтов сияқты арыстардың көпшілігі бүгінде арамызда жоқ. Бұлардың есімдерін бірі білсе, бірі біле бермейді. Себебі, ұлттық теледидарымыз туралы жүйелі түрде жазылған тарих, зерттелген ғылыми еңбектер жеткіліксіз десек те болады.
Қазақ телевизиясының қалыптасуы мен даму процесінің негізіне кеңестік телевизия моделі алынды. Себебі, әлемдік теледидар тарихында орыс экран өнерінің үлкен мұрағаты бар. 1930 жылдардан бастап кеңестік теледидар 60 жыл бойы бүкіл әлемдегі экрандық алыптармен жұмыс жасауда үлкен тәжірибеге ие болды.
Өнердің барлық түрлері ұлттық сананың, қоғамдағы көңіл-күйдің қалыптасуы мен дамуына, рухани әлемімізге айтарлықтай әсер етеді. Бейне мен дыбыстың бір мезетте қатар тоғысуы психологиялық көңіл күйге әсер етіп, әртүрлі хабарлар көрерменге ұсынылып отырды. 1960 жылдары «Телевизиялық кафе», «Пай-пай жиырма бес», «Мыңдар жарысының маршрутымен», «Сырласу», «Жолдас» хабарлары сан мыңдаған аудиториямен жылы қауышып, жүректерге жол тапты. Алайда өткен ғасырдың соңғы онжылдығы Қазақ теледидары үшін шын мәнінде тоқырау жылдарына айналды. Егеменді елес шындыққа айналған кезде, әлемдік терезе ашылып, Батыс пен басқа елдердің теледидар өнеріндегі әртүрлі бағыттар экранға шықты, біздің орта әлемдік авангардты қуып жетуге ұмтылды. Мұнда эфирлік эффектілерге, көрермендерді әдеттегіден ерекшелейтін әдістерге көп көңіл бөлінді және олар түрлердің мазмұнына қарағанда жоғары болды. Бұл да өтпелі кезең болды. Осылайша қазақ телевизиясы өз жолын жалғастырды.
Жылдар өте реформалар кезеңі басталды. Телевизия үш компания мен он сегіз студияға бөлінді. Осы уақытта арнаға «Хабар» телеарнасының қызметкерлері көмекке келді. «Қазақстан үкіметінің «Мемлекеттік радио мен телевидениенің дамуындағы кейбір сұрақтары бойынша» қабылданған қаулысымен (№1018 2001 жылдың 2 тамызынан) «Қазақстанның телевидениесі мен радиосы» (РКТРК) ЖАҚ-тың мемлекеттік акция пакетін билеу құқы «Хабар» агенттігі жабық акционерлік қоғамының қолына өтті» 11.
Жаңа басшылық «Қазақстан-1» телеарнасының басқару жүйесін жетілдіру мақсатында, қаржылық мәселелерін бақылауға алып, кадрлар мен технологиялық ресурстарды жаңартуды қолға алды. Яғни, елдің ұлттық арнасы заманауи талаптарға сай келіп, барлық сұраныстарға жауап беру керек жағын қарастыра бастады. Осылайша, барлығы өз арнасына түсіп, 1995 жылы құрылған «Хабар» агенттігі «Қазақстан» ұлттық арнасының бәсекелесі бола бастады. Халық пен қоғам өміріне белесене араласқан «Хабар» елде болып жатқан қандай да бір істен репортаж жасап қана қоймай, ұйымдастырушы да бола білді. Сондай-ақ, «Хабар» телеарнасы алғаш рет футболдан әлем чемпионатын көрсетіп, Сидней Олимпиадасынан хабар беріп отырды.
Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, жеке меншік телеарналар біртіндеп ашыла бастады. Әр телеарна өз рейтингісін көтеру үшін, әртүрлі хабарлар көрсете бастады. Арналар арасында бәсекелестік пайда болды. Телеарналар өз мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында цифрлы технологияларға біртіндеп көше бастады. Теледидар - тек хабар тарату құралы ғана емес, сонымен қатар ағарту, насихат құралы. Бұл турасында зерттеуші Құдайберген Тұрсын: «Теледидар әсерлілігі өзіне үш негізгі бағытты қамтитын, әлеуметтік ақпарат тұжырымдамасын жүзеге асырады: ағартушылық - білім жөнінде негізгі ақпарат болып табылатын хабарламаны таратады; танымдық – логикалық, прагматикалық ақпарат негізінде алынған өзіндік білім туралы ұғымды қалыптастырады және болжаулық - болашаққа баға беріп, ол туралы ұғымды қалыптастырып, деректі таратады, ұлттық мәселе төңірегіндегі өткір проблемаларда қоғамды топтастыруға қызмет етеді» 12, б. 104, - деп анықтама берген. Теледидар біздің күнделікті өміріміздің, қоршаған ортамыздың нақты бейнесін көрсетеді, көкжиегімізді әртүрлі ақпаратпен кеңейтеді, сезімнің қалыптасуына, әдеттердің жақсы жаққа өзгеруіне ықпал етеді. Экологиялық этика қоғамның назарын ең маңызды әлеуметтік проблемаларға аударады, қоғамның әр мүшесінің өмірлік ұстанымын анықтауға, миллиондаған аудиториямен тез кері байланыс орнатуға, осы байланыстардың қоғамдық сананы қалыптастырудағы тиімділігін арттыруға, қоғамның жан-жақты және үйлесімді дамуына ықпал етуге, байланыстардың кезең-кезеңмен дамуын сезінуге жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта барлық отандық телеарналар ақпаратты бірінші болып таратуға, оның ішінде халық арасында бағасының жоғары болуы үшін еңбек етуде. Бірақ, өкінішке орай Республика бойынша хабар тарататын «Қазақстан Ұлттық телеарнасы», «Хабар» агенттігі, «КТК», «31-арна», НТК, «Ел арна» сияқты арналардың барлығы бірдей бекітілген талапқа сай қызмет атқарып жатқан жоқ. Мысалы «НТК» арнасынан біз тек шетелдік телесериалдарды ғана көреміз десек, артық айтқандық емес.
Отандық телеарналар арасында ұлттық мәселені бірінші орынға қоятын «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұжымының жұмысын жоғары бағалауға болады. Ақпараттық-танымдық, әдеби-музыкалық бағдарламалар әрбір көрерменнің жүрегіне жол тауып келеді. Ал, «Хабар» арнасында қызығып тамашалайтын бағдарламалар азайып кеткендей.
Теледидардың тағы бір құдыреті - сіздің сырласыңыз бен досыңыздың рөлін алмастырады. Біз оны бұрынғыдай қосып қойып, отыра бермейміз. Әсіресе, тікелей эфир кезінде мазалаған сұрағымызды қоюуға мүмкіндіктер аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет