1. Бастауыш мектептегі қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына әсер еткен қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер



бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі30.13 Kb.
#457518
түріҚұрамы
  1   2   3
Бастауыш мектептегі қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына әсер еткен қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер.


1.Бастауыш мектептегі қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына әсер еткен қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер.
Ғылым адам баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады. Ғылымның алуан түрі бар.
Соның бірі-қазақ тілін оқыту әдістемесі. Қазақ тілінің әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі – тарихи жағынан дамыған,жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар. Бұл әдістеме ең алдымен, оқушыға қандай тілдік
категорияларды үйрету керек, қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады
деген мәселелерді қарастырады. Сондай-ақ қазақ тілін оқыту әдістемесі –
қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана
тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім
ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға
көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп
тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту
арқылы іске аспақ. Сонымен бірге, әдістеме мұғалімді педагогиканың қыр-
сырымен жете таныстырып қоймай, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің
мектеп тәжірибесінен сыналған тиімді оқыту әдістері мен тәсілдерін қазақ
тілін оқыту барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Сайып келгенде,
әдістеме мұғалімнің шығармашылық жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ
берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педагогика және
психология ғылымдарымен тығыз байланысты.
Әдістеменің лингвистикаға байланыстылығы, біріншіден ол оқылатын
пәннен жеке-дара қаралмайды. Атап айтқанда, тіл білімі жөніндегі
материалдың мазмұнына орай әдіс-тәсілдерді таңдау, қолдану, олардың
жолдарын көрсету, жаттығу мен дидактикалық материалдарды таңдап, іріктеуге
тікелей байланысты. Мысалы, фонетиканы оқытуға байланысты түрлі фонетикалық
талдау, әріптерді, дыбыстарды дұрыс айта білу, ал сөз таптарын оқыту
барысында морфологиялық талдау, түрлі салыстырулар, жалғу мен жұрнақтың ара-
жігін ажыраттыру сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады.
Тіл ғылымының үздіксіз дамуы нәтижесінде әдістеме де жетіліп, байып
отырады. Мектепте оқылатын қазақ тілі курсы лингвистика ғылымына жаңадан
енген теориялар мен тілдік фактілер арқылы дамуда. Мысалы, соңғы кезде
қазақ тілі бағдарламасында да, соған лайық оқулықтарға да елеулі жаңалықтар
енді. Атап айтқанда, синтаксис бөліміне сөз тіркесі туралы мәліметті енгізу
қарастырылды. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алдына үлкен міндеттер
қойылды. Осы тақырыптарды ғылыми тұрғыда оқушыларға түсіндңрудің әдіс-
тәсілдерін іздестіру қажеттігі қойылып отыр.
Қазіргі педагогика, психология, логика ғылымдарының соңғы
жаңалықтарына шолу жасай келіп, қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым
ретінде дамуының басты ерекшеліктерін мына мәселелердің төңірегінде
қарастыруға болады: әдістемелік зерттеу жұмыстары жетілдіріліп, олар кең
өріс алды,1эксперименттік бақылау жұмыстары жүргізілуде, мектеп тәжірибесі
жан-жақты зерттеліп, жаң афакт, дәлелдермен байытылуда,2 сондай-ақ жалпы
әдістеме ғылымындағы жетістіктерді, әсірісе, орыс тілі әдістемесіндегі
қажетті тиімді, пайдалы деген іс-тіжірибелерді пайдаланып келеміз,3 атап
айтқанда, оқушылар үлгеріміндегі басты кемшіліктер, оны жоюдың нақты
жолдары қарастырылуда. Мысалы, тіліміздің фонетикалық, морфологиялық
негіздерін жетік білмеуден емлелік қате жіберу, пунктуациялық және стильдік
қателердің кездесуі қазақ тілін оқыту әдістемесіне басты назар аударуды
талап етеді. Сондай-ақ, мектептегі оқыту жүйесінің деңгейін мұқият бақылай,
зерттей отырып, әдістеме ғылымының жаңалықтарынан әсіресе, қазіргі сабаққа
қойылатын талаптардан мұғалімнің үнемі хабардар болып өсіп отыруын негізгі
мәселелердің бірі деп санау керек, яғни қазақ тіл білімі мен оның
әдістемесін тығыз байланыста қарау мұғалімдердің жан-жақты шығармашылық
ізденістерін дамыту, ой туғызу, көмектесіп, бағыт беру қазіргі мектеп
реформасы талаптарына сай негізгі мәселелердің бірі болып есептеледі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру процесі әлі аяқталған жоқ.
Өйткені әдістеме озат мұғалімдердің тәжірибелерімен толығып, мазмұны мен
жүйесі, құрылысы кеңейіп, байып отырады.
1. Лернер И.Я. Проблема познавательных задач в обучении основам гуманитарных наук и пути ее исследования (постановка проблемы). В. Сб. Познавательные задачи в обучении гуманитарным наукам под ред. И.Я. Лернера, Москва, 1972.
2. Әлімжанов Д, Маманов Ы. Қазақ тілін оқытудың методикасы, Алматы, 1965. Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы, Алматы, 1967.
3. Құлмағанбетова Б. Құрмалас сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері. Алматы, 1963.
Әдістемеде қолданылып келген кейбір ереже, анықтама, түсініктер,
терминдер нақтыланып, жетілдіріліп, дамытылып отырады. Мысалы, қазақ тілі
әдістемесінің біраз проблемаларын зерттеген әдіскерлердің бірі И. Ұйықбаев
кезінде диктанттың мына түрлерін ұсынған болатын: түсіндірмелі, терме,
өздік, шығармашылық, еркін, сөздік және бақылау диктанттарын, ал әдіскер
Е. Көшербаев шығармашылық диктант, ерікті диктант, өздік ескерту, және
бақылау диктанттарын ұсынса, әдіскер Қ Жолымбетов көру диктантының
психологиялық жағынан тиімділігін дәлелдейді.
Бірсыпыра оқулық авторлары мен лингвист ғалымдар Ә. Хасенов, А.
Әбілқаев Түсіндірмелі салалас, Бұйрықты сөйлем деген тілдік терминдерді
қазақ тілін оқыту әдістемесіне ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет