Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38-1/ 2-006



жүктеу 291.43 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі291.43 Kb.




Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 15-38-1/ 2-006


ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ

ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

беттің беті



СМЖ «Институтты басқару»

ҮК БҮ 01-2011

Баспа 1.Дана №1




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында

2015 жылы орындалған ғылыми жұмыстардың

ЕСЕБІ

Тараз 2015

2015 жылы орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының

ЕСЕБІ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақстандық қоғамда үзіліссіз білім беру тетігін құру аса қажет екенін, себебі, білім – ол жеке адамның да, сондай-ақ, тұтастай еліміздің де құндылығы мен табысының негізі екенін айқындап берді. Бұл қазақстандық жоғары оқу орындары интеграциясының әлемдік білім беру кеңістігіне енудегі жаңа сатысы деп біліп, біз де мемлекеттік жоғары оқу орны ретінде өз тарапымыздан осы сатыға, ХХІ ғасырдағы жоғары оқу орындарының эталоны болуға ұмтылуымыз қажет. Бұл үшін бізге тек қана білім беріп қана қоймай, ғылыммен де жете айналысып, инновациялық жақтан да өсіп-өркендеуіміз қажет. Себебі қазіргі талап, бәрімізге белгілі постиндустриалды үштікте, яғни: білім, ғылым, инновация.

Болашақ мұғалімдердің ғылыми-зерттеушілік құзырлығын дамыту педагогикалық білім беру жүйесінің іргелі құраушыларының негізгі мәселелерерінің бірі болып табылады. Ғылыми базаны нығайтпайынша қазіргі күн талаптарына сай бәсекеге қабілетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау мүмкін емес. Осы орайда институтымызда атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес, оның айғағы ретінде келесі жетістіктерімізді атап өткіміз келеді:



  • Институтымыздың ректоры, т.ғ.д., професор Д.П.Қожамжарова Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтауымен білім саласындағы ерен еңбегі түшін Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында "Құрмет орденімен" марапатталды;

  • п.ғ.к., доцент Г.Жылқыбекова ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2015" грантының иегері атанды;

  • п.ғ.д., профессор К.Ж.Бұзаубақова Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясына Академикке сайланды (14.11.2015)

  • п.ғ.к., доцент Л.Ибраимова 2015 жылы, 14 желтоқсанда "Халықаралық Болашақ бағдарламалар" Орталығының бұйрығымен Болашақ Халықаралық стипендия иегері атанып, Наурыз айында Берлин Техникалық университетінде Ғылыми тағылымдамадан өтуге жолдама алды;

  • Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің шешімімен институтымыздың профессор-оқытушылар қатары тіркелген Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 14 куәлік алды;

  • п.ғ.к., доценті М.Джилкишиева Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласында PhD докторы ғылыми дәрежесі бойынша диссертация қорғады;

  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсында ҚР Білім және ғылым министрі А.Б.Сәрінжіпов бұйрығымен ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдармен 5 студентіміз марапатталды;

  • Импакт-факторы нөлдік емес халықаралық базаға енетін ғылыми журналдарда институт профессор-оқытушылар құрамының 6 мақаласы жарық көрді;

  • «Дене шынықтыру Ілімі мен әдістемесі» кафедрасының профессоры Б.К.Абдраков және а-ш.ғ.к., доцент А.У. Тайчибековпен бірге от 20.08.2015 ж. «Использование биостимуляторов роста растений ЖОТ-7 на посеве озимой пшеницы сорта «Стекловидная 24» Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының «Нан» шаруашылық қожалығында өндіріске ендірілді.

  • Таубаева Р.С., Айдарова А.О., Мажибаев А.К. 2014/2015 ж.ж. «Флокуляция гидросуспензии каолина водорастворимыми полифункциональными полимерами» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі «Химия және химияның оқыту әдістемесі» кафедрасының оқу жүйесіне ендірілді.

  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай институтымыздың ректоры басқарған бір топ ғалымдарымыздың редакциясымен институтымыздың атағын республикамыздың ғана емес, шетелдік ғалымдарға да танымал еткен бірқатар тарихи құнды кітаптар, энциклопедия, монография жарық көрді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары – институттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Институтымыздың 2015 жылдағы ғылыми-зерттеу жұмыстары «Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Стратегиялық даму жоспарына», сондай-ақ, институттың ғылыми ізденістерінің Тақырыптық жоспарына сәйкес жүргізілді. Стратегиялық жоспардың перспективті бағыты жаңа онжылдықта инновациялық білім мен ғылымның дамуы, барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған Қазақстан дамуының стратегиялық басымдылықтары мен келесі онжылдықтың шешуші бағыттары мен мақсаттарына сәйкес айқындалады.

Тақырыптық жоспарға озық ғылыми бағыттарды құруға негізделген іргелі, жеке қолданбалы, сондай-ақ институттың инновациялық іс-әрекетінің дамуына ықпал ететін ғылыми әзірлемелер, қолданбалы зерттеулер, ізденіс жұмыстары кіреді.

Ғылыми бағыттар іргелі, ізденушілік және қолданбалы зерттеулерді қамтып, осы зерттеулер аясында профессор - оқытушылар құрамы, қызметкерлер, докторанттар, аға ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, магистранттар мен білімгерлердің ғылыми зерттеулері жүзеге асады. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау аймақтың, институттың мүддесі мен талаптарына жауап беретін негізгі ғылыми бағыттармен сәйкестендіріле жүргізіледі. Институттың барлық факультеттері мен кафедраларында ғылыми-зерттеулер 8 ғылыми бағдарламаға біріктірілген гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының бағыттары бойынша жүргізілді.

Ғылымды дамыту мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екені белгілі. Бұл ретте ғылыми-техникалық саясаттың қалыптасуында мемлекет әрқашан маңызды рөл атқарып келді. Турасында, ғылымның ұйымдық құрылымы елдегі мемлекеттік басқару күші мен жағдайын айқындайды.

Ғылымға дұрыс әдіспен және дұрыс ұйымдастырушылықпен көмектесуді көздеген Елбасы ғылымды және ғылыми ұйымдық мекемелерді қаржыландыруға баса назар аударған болатын. Осы орайда елімізде ғылымға бөлініп жатқан гранттық қаржыландырулар оң нәтижесін беруде.

Гранттық қаржыландырулар конкурстарында ұтып алынған әрбір жоба институтымыздың ғылыми әлеуеті мен беделін көтеруге үлкен септігін тигізері анық. Осылайша, институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлеміне тоқталар болсақ, 2014 жылы гранттық қаржыландыру бойынша ұтып алынған екі жобаның ортақ сомасы орта есеппен - 10 млн. теңгені құраса, есепті 2015 жылы бұл көрсеткіш орта есеппен - 24 млн. теңгені құрап отыр.

1кесте

Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру

Қаржыландыру

жылдар

2014

жылы

2015

жылы

Ғылыми-зерттеу жұмысының қаржылай жалпы көлемі, тенге

10000 000

24 000 000

1 профессор оқытушы құрамына шаққанда, тенге есебінен

29 762 тг.

70 381тг.

Мамандандырылған кафедралар мен жетекші, салалық ғылыми институттар, сондай-ақ алыс және жақын шетелдік ЖОО-ы арасында қарым-қатынасты орнату бойынша жұмыс жайлап жүйеге келе бастады десек артық болмас, оған дәлел ретінде «Математика және МОӘ» кафедрасының ПОҚ құрамы алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыста. Білімгерлерді ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға, баулуға және арнайы курстарды әзірлеуге алыс және жақын шетел ғалымдарымен қатар еліміздің іргелі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарынан танымал ғалымдар: Мәскеу мемлекеттік университеті және ЕҰУ профессоры, академик М.Өтелбаев, ЕҰУ профессоры Қ.Н.Оспанов, Берлин еркін университетінің (FBU) профессоры Г.Бегер, Ресей Халықтар достастығы университетінің (РУДН) профессоры Г.А.Калябин, Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Я.Т.Султанаев т.б. шақырылып тұрады. Кафедра ғалымдары атақты М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен (МГУ), Новосибирск мемлекеттік университетімен және Берлин университетімен тығыз-ғылыми педагогикалық байланыс орнатқан.

Халықаралық қатынастарды дамыту мақсатында әрі академиялық ұтқырлық бағдарламысы аясында, кафедра оқытушылары бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, Ким О.В. ТарМПИ мен Германия арасында байланыс орнатуға атсалысты. Осы іс-шара бойынша екі жақты ынтымақтастық келісімшартын жасауға негізделген, университеттерінің ректорлары атына жіберілген шақырту қағаздары және келісім-шарттарды неміс тіліне аударды.

Факультеттің оқытушысы Джен Хен Сук 2015 жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Корей елінің Қазақстандағы елшілігімен бірлесе отырып, институтымызда корей тілінің апталығын жүзеге асырды, соның ішінде Корей елінің елшісімен кездесу, корей елінің дастарқан жаю салтаннаты т.с.с. ұйымдастырды, оған барлық корей тілінде оқитын білімгерлер жұмылдырылып, кафедраның оқытушылары қатысты.

Сондай-ақ Джен Хен Сук есеп беру жылдың маусым-шілде айлары аралығында екі елдің білімгерлерімен алмасу мақсатында институт қабырғасында Корей халқының бір топ білімгерлеріне ғылыми-танымдық конференция, Тараз қаласына кішігірім саяхат ұйымдастырды.

ҚР БҒМ-нің жариялаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2015» конкурсына тарту бойынша іс-шаралар қыркүйек айынан бастап жүрді, кафедралардан ұсыныс берілсін деген өкім де таратылды. 13 қазан күні құжаттарды жинастыру, рәсімдеу тәртібімен таныстыру мақсатында арнайы семинар өткізіліп, ұсыныс берген ПО құрамының бәрі түгелдей мағлұмат алды.

Үміткерлердің конкурсқа түгелдей қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, «Сандық және сапалық көрсеткіште» берілген талаптарға қатысы бар институттың барлық бөлімдері мен бөлім бастықтарына үміткерлердің құжат жинау барысындағы жұмыстарына кедергі келтірмеу, мүмкіндігінше жағдай жасау мақсатында тағы да өкім шығарылып, көмек көрсетулері тапсырылды.

Бастапқы уақытта 18 оқытушы өз кандидатурасын ұсынған болатын, айдың аяғына таман кей талаптарға сай келмейтіндіктен, бұл көрсеткіш 11 оқытушыға түсті. Конкурсқа қатысу талаптарына сәйкес, штаттағы әр 50 оқытушыға 1 кандидатура ұсыну мүмкіндігіне байланысты бастапқы кандидатураның тек 7-і ғана құжаттарын жинастырумен толық айналысып, уақытында тапсырып үлгерді.

Сонымен, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2015» конкурсына қатысқандар тізімі төмендегідей:

1. М.Мұратбеков - ф.-м.ғ.д., профессор;

2. А.Н.Тұрарова - ф.ғ.к., доцент;

3.З.Тоқбергенова - т.ғ.к., доцент;

4. Г.Қарымбаева - ф.ғ.к., доцент;

5. Т.Әбдіқадырова - ф.ғ.д., профессор;

6. С.Тамаев - ф.-м.ғ.к., доцент;

7. Г.Жылқыбекова - п.ғ.к., доцент.

Төмендегі кесетеде байқауға соңғы үш жылда қатысқандар мен ұтқандардың саны көрсетілген.

Кесте №2

ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына соңғы үш жылда қатысқандар мен ұтқандар мәліметі


2013 жылы

2014 жылы

2015 жылы

қатысқаны

ұтқаны

қатысқаны

ұтқаны

қатысқаны

ұтқаны

4

0

6

3

7

1

Есепті жыл және өткен жыл өзге жылдармен салыстырғанда авторлық куәлік алу жағынан ең озық жылдар болып тұр. Институтымызда соңғы екі жылда авторлық құқық куәлігін алу бойынша өте жақсы үрдіс қалыптасып келеді. Олай деуге негіз болатын фактілерді төмендегі слайдтан көре аласыздар:



Кесте №3

Авторлық куәліктер саны

2014 жыл

2015 жыл

15

14


Кесте №4.

2015 жылы алынған авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы

КУӘЛІКТЕР


  1. Аманбай Шонбаевич Молдыбаев, Лесбек Тұрсынбекұлы Сайлаубек «Жалын кешкен» (мәтіні бар музыкалық туынды) Тізілімде 2015 жылы 15 қаңтарда жасалған № 66 жазба бар.

  2. Аманбай Шонбаевич Молдыбаев «Таң Шолпан» (мәтіні бар музыкалық туынды) Тізілімде 2015 жылы 15 қаңтарда жасалған №67 жазба бар.

  3. Аманбай Шонбаевич Молдыбаев «Ғаламат» (мәтіні жоқ музыкалық туынды) Тізілімде 2015 жылы 15 қаңтарда жасалған №56 жазба бар.

  4. Аманбай Шонбаевич Молдыбаев «Кәсіподақ» (мәтіні бар музыкалық туынды) Тізілімде 2015 жылы 15 қаңтарда жасалған №65 жазба бар.

  5. Аманбай Шонбаевич Молдыбаев «Сен ғана» (мәтіні бар музыкалық туынды) Тізілімде 2015 жылы 15 қаңтарда жасалған №68 жазба бар.

  6. Махаббат Пернебаевна Оспанбаева «Мектепке психологиялық даярлық диагностикасы» (оқу құралы) Тізілімде 2015 жылы 14 желтоқсанда жасалған №2337 жазба бар.

  7. Махаббат Пернебаевна Оспанбаева, Айгуль Турсынбаевна Абдрахманова «Конфиктология» (оқу құралы) Тізілімде 2015 жылы 14 желтоқсанда жасалған №2338 жазба бар.

  8. Кульжамила Жолдасова, Айбала Есенғалиқызы Сарбасова, Кундызай Кенесбаевна Нышанбаева «Электронды оқулықты өңдеу әдістемесі» (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама – электрондық оқулық) Тізілімде 2015 жылы 11 маусымда жасалған №1170 жазба бар.

  9. Бұзаубақова Клара Жайдарбекқызы «Электронный учебник «Білім берудегі инновациялық технологиялар» (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама) Тізілімде 2015 жылы 30 желтоқсанда жасалған №2464 жазба бар.

  10. Бұзаубақова Клара Жайдарбекқызы «12 жылдық мектепте бейінді оқытудың педагогикалық негіздері» (ғылыми туынды) Тізілімде 2015 жылы 30 желтоқсанда жасалған №2463 жазба бар.

  11. Бұзаубақова Клара Жайдарбекқызы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» (ғылыми туынды) Тізілімде 2015 жылы 30 желтоқсанда жасалған №2465 жазба бар.

  12. Бұзаубақова Клара Жайдарбекқызы «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» (ғылыми туынды) Тізілімде 2015 жылы 30 желтоқсанда жасалған №2466 жазба бар.

  13. Бұзаубақова Клара Жайдарбекқызы «Педагогика» (Электронды оқулық) Тізілімде 2015 жылы 30 желтоқсанда жасалған №2467 жазба бар.

  14. Аманбай Шонбаевич Молдыбаев «Жастар маршы» (мәтіні бар музыкалық туынды) Тізілімде 2015 жылы 15 қаңтарда жасалған №57 жазба бар.

Өткен оқу жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында жоспарға сәйкес 4 конференция өткізілді. Оның ішінде «Мәңгілік ел» идеясы және білім берудегі модернизация» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы "Қазақ филологиясы" кафедрасының ұйымдастырылуымен өткізілді.
Кесте № 5

Өткізілген ғылыми іс-шаралар



1.

19 ақпан 2015 ж. - «Евразиялық экономикалық ықпалдастық: қазақстанның даму болашағы» атты дистанционды Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2.

14-15 мамыр 2015 ж. - Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Жас ғалым-2015» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.

3.

«Мәңгілік ел» идеясы және білім берудегі модернизация» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция еңбектері,

Қазақстан, Тараз, 20 қараша 2015 жыл.



4.

«EXPO-2017» Болашақ технологиялар көпірі» атты дистанционды ХҒПК жинағы, Тараз, 25-желтоқсан 2015ж.

Ғылым аясын реформалаудың маңызды аспектісі–әлемдік ақпараттық ресурстар құралдарын қолдануға рұқсат алу арқылы ғылымның дамуын ақпараттық қамтамасыздандыру.

Қазіргі уақытта елдегі немесе аймақтағы, ұйымдардағы зерттеулердіңғылыми белсенділік сапасын және дәрежесін бағалау мақсатында екі негізгі критерий қабылданды. Оның бірі - рейтингтік журналдардағы жарияланым саны, екіншісі - жарияланымдардың қолданылуы, яғни басқа мақалаларға сілтемелер саны. Сонымен, Хирш-индексі бар мақала саны -2, олар "Математика және МОӘ" кафедрасының профессор-оқытушылары М.Мұратбеков пен С.Игисиновтың импакт-факторлы мақалалары.

Біздің институтымызға таңдаулы әлемдік ақпарат базаларында тіркелген журналдарға мақалаларын жариялау үрдісі жылдан-жылға оң шешімін тауып келеді. Осы есепті жылы да халықаралық мәліметтер базасындағырейтингтік журналдарда жариялану белсенділігі қанағаттанарлық. Мұндай журналдарда институт профессор-оқытушыларының алты мақаласы жарық көрді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:


Кесте №6

2015 жылғы нөлдік емес көрсеткіші бар, шетелдік ғылыми басылымдарда жарық көрген ғылыми мақалалар

ТІЗІМІ




Аты жөні

Журнал атауы

Жылы

Мақала аты

  1. 1

Muratbekov, MB ; 

Kalmenov, T ; 

Muratbekov, MM 

COMPLEX VARIABLES AND ELLIPTIC EQUATIONS

Том: 60, Выпуск: 12

 Стр.: 1752-1763

ISSN: 1747-6933

Impact Factor 2014 JSR (Web of science) - 0,61



2015

On discreteness of the spectrum of a class of mixed-type singular differential operators

  1. 2

Muratbekov, MB ; 

Muratbekov, MM ; 

Abylayeva, AM 

COMPLEX VARIABLES AND ELLIPTIC EQUATIONS

Том: 60


 Выпуск: 1

 Стр.: 38-44



ISSN: 1747-6933

Impact Factor 2014 JSR (Web of science)- 0,61



2015

On bounded invertibility of a class of degenerate elliptic differential operators in L-p

  1. 3

Barany,S  ; 

Meszaros, R ; 

Taubaeva, R ; 

Musabekov, K 

COLLOID JOURNAL

Том: 77


 Выпуск: 6

Стр.: 692-697



ISSN: 1061-933X

Impact Factor 2014 JSR (Web of science) - 0,789



2015

Electrosurface properties of kaolin and bentonite particles in solutions of electrolytes and surfactants

  1. 4

Taubaeva, R ; 

Meszaros, R ; 

Musabekov, K ; 

Barany, S 

COLLOID JOURNAL

Том: 77


 Выпуск: 1

 Стр.: 91-98



ISSN: 1061-933X

Impact Factor 2014 JSR (Web of science)- 0,789



2015

Electrokinetic potential and flocculation of bentonite suspensions in solutions of surfactants, polyelectrolytes and their mixtures

  1. 5

Beknazarov, B; Sydykov, T

The Social Sciences

Volume 10, Issue 3,

Page No.: 230-233

ISSN : 1818-5800

SJR 2014 (Scopus)– 0,140



2015

Element of Art Skill and Literary World View in Military Prose of Bauyrdzhan Momyshuly

  1. 6

  • Sveta Berdibayeva 

  • Issabek Nurdaulet, 

  • Saparbaikyzy Sholpan, 

  • Akhmetova Gulmira,

  • Mursaliyeva Agaisha, 

  • Maigeldiyeva Sharban

Procedia - Social and Behavioral Sciences Volume 171, Pages 203–208, ISSN: 1877-0428

SJR 2014 (Scopus) – 0,156



2015

Psychological Features of Gender Relations in Self-regulation of Personality





Конференция нәтижесі бойынша кітапқа шыққан мақала



Аты жөні

атауы

Жылы

аты

  1. 1

Muratbekov, MB ; 

Muratbekov, MM 

Book: Current Trends in Analysis and Its Applications. Springer International Publishing Switzerland. P.85-91.

ISBN 978-3-319-12577 Editors: Mityushev, Vladimir, Ruzhansky, Michael V. (Eds.)

Proceedings of the 9th ISAAC Congress, Kraków 2013

2015

On Existence of the Resolvent and Discreteness of the Spectrum of a Class of Differential Operators of Hyperbolic Type

Осы жақсы үрдісті қалыптастыру және одан әрі дамыту мақсатында біздің институтымыз да арнайы келісім-шарттарға отырып, жыл бойы профессор-оқытушылар құрамы аталмыш ірі компаниялардың толық мәтінді базалық мәлімет қорын пайдалануға үлкен мүмкіндік алды. Бұл базаларды профессор-оқытушылар құрамы дұрыс пайдалана білу, керектісін тауып игере білуге көмек көрсету мақсатында институтымыздың қабырғасында кітапханамен бірлескен арнайы семинарлар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Астана қаласынан әр базалық мәлімет қорының арнайы мамандары шақырылып, олар семинар соңында сертификаттар табыстады. Атап өтер болсақ:

- Онлайн семинары по ресурсам Thomson Reuters для научных исследований;

- Платформа Web of Science – расширенные возможности поиска;

- Поиск по автору в Web of Science и Researcher lD. Поиск по организации в Web of Science;

- Работа с библиографией в программе Web of Science EndNote Online

Аналитические инструменты Journal Citation Reports и Essential Science Indicators на платформе InCites;



- Әлеуметтік ғылымдар және гуманитарлық саласында ғылыми журналдарды таңдау және мақалалар жариялау - Назарбаев Университетінің профессоры Тедиссо Маккойл.

Қалыптасқан үрдіс бойынша республикада және шет елдердегі академиялық ғылыми ортадағы басылымдарының дәрежесі ғалым-педагогтың ғылыми белсенділігін танытатын нақты және салмақты көрсеткіш болып табылады. Институт ғылыми-білім беру мекемесі болғандықтан, басылым деңгейі ғылыми ізденістер көрсеткішінің бірі.

Басылымдар жайында мәліметке келер болсақ, халықаралық, республикалық және басқа да конференцияларда баяндамаларын жариялап, сондай-ақ, монография, оқу құралдары мен оқулықтарын баспадан шығарып,

факультеттер арасында салыстырмалы түрде басқа да басылымдар жайында анықтамаларға тоқталар болсақ, олар келесі кестеден көрініс тапқан:



Кесте № 7


Рет №

Жарияланымдар

Факультеттер

Барлығы

ЖҒФ

ФФ

ПФ

ТжӘПФ

ХБФ

ШМФ

1

Монография


-

2

2

6

-

-

10

2

Оқу құралы және электронды оқу құралы

1

2

13

6

5

6

33

3

Оқулық


-

-

2

1

-

-

3

4

Әдістемелік құрал

2

-

29

2

1

2

36

5

Ғылым комитеті тізбесіне енген журналдар

11

6

3

10

-

-

30

6

Шетел басылымдарында

17

38

66

26

2

7

156

7

Ғылыми журналдарда

2

2

38

5

3

-

50

8

Республикалық конференцияларда

4

48

24

4

16

5

101

9

Халықаралық конференцияларда

30

66

51

53

10

19

229

10

Аймақтық басылымдарында

6

5

36

10

4

2

63

11

ЖОО басылымдарында

2

2

9

8

2

11

34

12

G – global платформасында

-

4

-

21

-

-

25

13

Басқа басылымдарда

2

2

3

1

3

1

12




Барлығы

77

177

276

143

46

53

772

Көріп отырғандарыңыздай, институт бойынша есепті жылы барлығы 772 мақала жарияланған.




Сонымен қатар, институтымызда былтырғы жылдан бері G-Global халықаралық жобасы мен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін қолдау мақсатында «Global Energy Team» атты институттың дарынды студенттері мен жас ғалымдардан жасақталған жастар қозғалысы құрылды.

Сондай-ақ, әр айдың 20-на дейін G-Global виртуалды жобаның платформасында берілген тақырыптарға сәйкес, әр пән бойынша 5-тен кем емес қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі мақалаларын жариялап отырамыз. Сонымен қатар, қызметкерлер мен білім алушыларды G-Global платформасында орналасқан мақалалармен танысуды және талқылауды үйретуді жалғастырудамыз.

Білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру – негізінен білімгер жастарды ғылымға тартуды; білімгерлердің ғылыми шығармашылыққа, өзімен-өзі болуға, белсенділік танытуға деген қызығушылығын дамытуды; олардың интеллектуалдық әлеуетін өзекті ғылыми мәселелерді шешуде қолдануды; ТарМПИ-да ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлардың жаңа ұрпағын құруға себін тигізуді көздейді.

Білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми- техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру.

Студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстары жүйесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері мыналар:

-    студенттердің сабақтары мен ғылыми- зерттеу жұмыстарының интеграциясын қамтамасыз ету;

-     -    студент жастардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау;

-    студенттерді ғылыми жұмысқа көптеп тарту және нәтижелілігін арттыру;

-    педагогикалық ғылыми жұмыстарға деген қабілеті бар талантты жастарды іріктеу;

-   студент жайында ғылыми – педагогикалық сапа және ғылыми қызметкер қалыптастыру және дайындау;

-   Болашақ мамандарда өндіріс орындары мен мекемелерде ғылыми негізделген кәсіптік жұмыстарды алып кете алу шеберлігін , тез бейімделе алу қабілетін, алған білімі мен шеберлігін өзгерген талапкерлерге сай қолдана алу; жоспарлаудың методологиясы мен практикасын меңгеру, нарықтық қатынас жағдайларында маңызды шешім қабылдай білу; біліктілігін көтеруге және қайта даярлануға дайындығы мен қабілетін қалыптастыру және дамыту;

-    конструкторлық - жобалау жұмыстарына икемі бар, өндірісте өзін-өзі басқару дағдысы қалыптасқан, нақты ғылыми-практикалық іс-шараларды сауатты жасай алатын және жүзеге асыратын жоғары білікті маман, жетекшілер даярлау.

-   қоғам мен мемлекеттің қазіргі қателіктеріне байланысты ғылымның басым бағыттарына студенттерді тартуда ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру;

-    қаржыландыруды жоғары оқу орнының бюджеттен тыс және инновациялық жұмыстарына байланысты арналардан іздеу және жүзеге асыру.

Соңғы бағыт бойынша білімгерлерді мемлекеттік және мемлекеттік емес бюджеттік тақырыптарға тарту жұмысы мүлдем жоқ. Тек қана тақырыптық жоспарда көзделген тақырыптар бойынша бірнеше кафедралар ғана білімгерлерді өз жобасына қосады, кестеде институт бойынша тақырыптық жоспарға қосылған студенттер саны берілген:

Кесте №8


Жылдар

Білімгерлер саны

2014

21

2015

27

Осы орайда мақтанышпен айтып өтетін жай - 2015 жылдың ақпан айында Петропавл қаласында студенттерге арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырылған 7 студентіміз ұсынған баяндамаларының жоғары нәтижелігі мен мазмұндылығы үшін басқа ЖОО-ы студенттерінің арасынан ерекше көзге түсіп, жүлделі 1-ші орындарды дипломдармен марапатталды.

Факультеттерде студенттердің ғылыммен айналысуына жағдай жасауға атсалысу барысында олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары ретінде мыналарды ескерген жөн:

-       Түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауда студенттер мен оқытушылардың бірлесе жұмылуының арқасында оқу үдерісі сапасын көтеру;

-       Студенттердің қолданбалы, әдістемелік, ізденушілік және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысуы;

-       Жоғары оқу орындарының ғылыми мектептерінде ұрпақ ізбасарлығын қолдау және дамыту;

-       Студенттерде өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасай білу қабілетін дамыту;

-       Студенттерге оқу үдерісінде қазіргі ғылымның түрлі бағыттарында өз күштерін сынай білуге мүмкіндік беру;

-       Студенттерді өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстарға тарту;

-       Студенттердің оқу жоспарынан тыс жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңінен қатысуы;

-       Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми-техникалық іс-шаралар нәтижелілігін арттыру;

-       Студенттердің түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларының ғылыми-шығармашылық бірлестіктерінде білім мен кәсіпкерлікті ұштастыру;

2015 жылы Білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына жіберілген 27 жұмыстың ішінен ең үздік деп танылған 4 жұмыс жүлделі орындарға ие болып, ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтың атынан берілетін дипломдармен марапатталды. Бұл мәлімет төмендегі кестеде көрініс алған:


  1. Досан А., Х-13-1, ІІІ-дәрежелі диплом, жетекшісі: Мырзаханов Р.

  2. Жақсылық А., КЯ-12-5, ІІІ-дәрежелі диплом,жетекшісі: Макулова Л.

  3. Алиханова Ә., ОПЭ-12-1, ІІІ-дәрежелі диплом, жетекшісі: Махашова П.

  4. Нұрыш Н., СПиС-11-1, ІІІ-дәрежелі диплом, жетекшісі: Қонақбаева Т.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты бойынша «ТарМПИ білімгерлері ғылыми жұмыстарының байқауы туралы Ережеге» сәйкес 2015 жылдың 30 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында «Жас талап - 2015» атты білімгерлердің Ғылыми апталығы өтті.

Барлық 6 факультет бойынша байқауға 154 білімгер белсенді қатысты.

Байқауға қатысқан 139 жұмыстан 57 жұмыс 1-5 орындарға ие болды. Осы 57 жұмыстың ішінен І-ІІІ орын алған 25 жұмыс Республикалық байқауға жіберіледі.

Студенттердің ғылыми әлеуетін толықтай ашуға қолайлы жағдай жасаудағы бағыттардың бірі – жарияланым деңгейін көтеру.

Осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, байқауға қатысып, жүлделі орын алған білімгерлерге мақаласын тегін шығару құқығын беретін «Білімгер-зерттеуші» куәлігін табыстау - оларды ғылыми-басылымдық ізденіске жетелейтіні анық. Осылайша, білімгерлердің жарияланым деңгейі едәуір арта түседі.

Есеп беру жылындағы білімгерлердің басылым көрсеткішіне тоқталар болсақ, алдыңғы жылдармен салыстырғанда есеп беру жылындағы көрсеткіш арта түскен. Оны слайдтан көруге болады:

Кесте № 10


2014 жыл

2015 жыл

86

173

Кестеден көріп отырғандарыңыздай, алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда соңғы оқу жылында білімгерлердің өз баяндамаларын жариялау белсенділігі едәуір арта түскенін байқаймыз. Мұндай жетістікті екі жылда бір рет өткізілетін дәстүрлі "Жас Ғалым-2015" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен байланыстыруға болады деп ойлаймыз.


Қорытынды

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ұжымының 2010 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары қанағаттанарлық деңгейде деп есептеуге болады, алдағы уақытта ұжым жұмысын ғылыми-зерттеулерді өзектендіруге, нақты ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге бағыттау, ғылыми-зерттеу жұмыстары сапасын арттыру мақсатында мониторинг жасау қажет.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты профессор-оқытушылар құрамының 2015 оқу жылындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейі жақсы деп есептеуге болады, дегенмен, ғылыми әлеуетімізді әлі де жақсарта түсіп, көзге түсер кемшіліктерімізді жою мақсатында әлі де қарқынды жұмыс жасап, тыңғылықты еңбек ету қажет:

- Ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды бірлесіп жүргізуге бағытталған келісімшарттар жасалмаған;

- Ғылымның кейбір бағыттары бойынша ҚР БҒМ, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры, сондай-ақ, түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар жариялайтын ғылыми гранттар мен бағдарламаларға қатысу белсенділгі төмен;

- Алыс және жақын шетелдік ЖОО-ы және Қорлармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастық дұрыс жолға қойылмаған;



  • Жылдағыдай гуманитарлық ғылымдар бойынша профессор-оқытушылар құрамы өнертапқыштық пен патент алу жұмыстарына қажетті көңіл бөлмейді.


5. Кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар:

- Халықаралық базаға енетін импакт-факторы нөлдік емес ғылыми журналдарға, сондай-ақ, ҚР БҒМ ғылыми тізбесіне енетін журналдарға мақалалар жариялауды арттыру.

- профессор-оқытушылар құрамының, оның ішінде жас мамандардың ғылыми потенциалын көтеру мақсатында оқытушылардың магистратура және докторантурада ғылыми дәрежелерін жоғарылату, сондай-ақ, бірлескен профессор атағын алу мәселелерін қолға алу;

- Алыс және жақын шетелдерде өткізілетін форум, конференция мен семинарларға қатысуды, еңбектер нәтижесін мақала түрінде жариялауды, баяндама жасауды белсендіру;

- Білімгерлердің Республикалық, Халықаралық ғылыми жобаларға қатысуын толықтай қамтамасыз ету.

- Алыс-жақын шетелдің және Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен кафедрааралық ғылыми байланыс келісімшарттарын жасауды үрдіске айналдыру;



  • Ғылыми жұмыстарды әр кафедраның өз мамандығына және қоғамнын қазіргі талап сұраныстарына сай бағыттар бойынша орындау.

- «Ғылым туралы» Заң, «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «ТарМПИ даму стратегиясы» негізінде «Профессор-оқытушылар қызметін кешенді бағалау ережесіндегі» ПОҚ рейтингін анықтау тәртібіне өзгерістер енгізу және оның ішінде шығармашылық мамандықтарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша оңтайлы шешімін табу.


Ғылыми-инновациялық қызмет

бөлімінің басшысы Г.А.Жұмабекова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет