1. Бастауыш мектептегі оқытудың әдістері Оза оқытудың әдістері


Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Ойын шарты



бет2/4
Дата26.02.2023
өлшемі45.9 Kb.
#470090
1   2   3   4
1.Бастауыш мектептегі оқытудың әдістері 2.Оза оқытудың әдістері

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ойын шарты:Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау. Мысалы:

Қ, у, о,ы,ш – оқушы


Т, п, і, к, а - (кітап)
І, і, б, л, м- (білім)
М, м, ғ, ұ, а, л, і - (мұғалім)

р, о,б ( бор)


қ, ы, а, з, қ ( қазық)
а, ш, а, ғ ( ағаш)
а, л, а, д ( дала)

к, т, е, р, е, м, е ( керемет)


«Қызық сөздер» ойыны.
Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру .
Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп жазу. Сөз мағынасын тусіндіру.
Қолқанат Ішік Есек
Тымақ Қыран Балта
Нағашы Шұлық Қысым
Түс Балта Ұршық
Мысалы: Ішік – кіші
Өз тәжірибемде әр түрлі жаңа технологиялардың элементтерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға болатынына көзім жетті.
Сабақты әр түрлі әдіс–тәсілдерді қолданып,түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге ,оқып –үйренуге құштарлығын арттыратыны анық.«Қызығушылықты ояту» кезеңінде сөзжұмбақ шешу, «Мен бастайын, сен қоста», «Кім жылдам» ойынын, ал үй тапсырмасын тексеруде немесе өткенді пысықтауда "Ыстық орындық" әдісін қолдану арқылы оқушылардың білімін тексеріп отырамын.
«Мағыныны тану» кезеңінде, яғни жаңа тақырыппен таныстыруда "Көр, жаз, тексер" әдісін жиі ұсынамын. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастырады. Бұл әдістің мақсаты: есіктің сыртына жаңа сабақ тақырыбын ашатын мәлімет жазылады. Оқушылар біртіндеп шығып, оқып,есте сақтап,келіп қағазға жазады, соңынан тексереді. Соңында жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Сабақтың қорытынды бөлімі "Ой толғаныс" кезеңінде эссе жазу, "Синквейн" стратегиясы"бес жолды өлең" құрастыру,"Артық затты тап"әдіс-тәсілдерін пайдаланамын.
"Автор орындығы" әдісін шығармашылық жұмыс орындау барысында жүргізіп отырамын. Мысалы тақырыпқа сай ой шапшаңдығын,сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру, арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру. Сабақты түрлендіріп өткізу оқушылардың сабаққа деген ынта -жігерін арттырады. Оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру белгілі бір бала бойында тұрақтылық пайда болып, шығармашылықты тудырады. Қабілетті ұштайды, дарынды оятады, нәтижелі жеке тұлға қалыптастырады.
Сабақ барысында оқушылар"сәйкестендіру," "Екі" көпіршік" әдісі арқылы салыстыру, топтастыру, теріп жазу. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен берілген тапсырмаларды шешу. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру,бөліктерге бөлу,ат қою сияқты өздігінен орындайтын тапсырманы да белсене орындайды.
Ұстаз қандай әдіс-тәсілді қолданса да,мақсат біреу –ол оқушыларға тиянақтыда сапалы білім беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет