«Фишбоун» әдісінің тиімділігі берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Балықтың басына: зерттелетін , қаралатын, талқыланатын тақырып жазылады.
Оң жақ қабырға сүйектеріне: анықтаған проблема себептері, тақырыптың негізгі мазмұндары мен түсініктері жазылады.
Сол жақ қабырға сүйектеріне: проблемаларды шешу жолдары, қарама-қайшылық тудырушы кедергілер жазылады.
Балықтың құйрығына: анықталған жұмыстың нәтижесі мен талданған тақырыптың қорытындылау сұрағына жауап жазылады.
себебі
«Бес саусақ» әдісі.
1. «Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
5. «Кішкентай бөбек» - көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Бұл әдісті сабақтың қорытынды бөлімінде кері байланыс жүргізгенде тиімді. Өйткені бүгінгі жасаған жұмысына талдау жүргізеді. Келесі жолы қандай өзгеріс енгіземін деп ойланады.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятатын, олардың ой-өрісінің, ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің дамуына дәнекер болатын, өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыратын жұмыс түрі-топтық жұмыс. Мысалы
Достарыңызбен бөлісу: |