2 -нұсқа - «іріленген мамандандыру», кәсіптік пәндерді бір пәндік аумақта топтау. Мысалы, «ірілендірілген мамандандыру»
Кәсіптер
|
Кәсіптік пәндер
|
"Аралас", кәсіптік, пәндерді қамтамасыз ететін
|
Табиғи - ғылыми
| Физика, химия, биология |
Математика, информатика
| Гуманитарлық |
Тарих, ана тілі және әдебиет, қоғамтану
|
Өнер, МХК
|
Тілдік
|
Шет тілі
|
Тарих, ана тілі және әдебиет
| Әлеуметтік-экономикалық
|
Экономика, құқық
|
Математика, информатика, тарих
|
Нақты оқушының кәсіби оқуды таңдауы әртүрлі негіздерде іске асырылады:
Оқушының интеллектуалдық қабілетін дамыту;
-
Психикалық қабілеті (ойлау, есте сақтау, қабылдау);
-
Қасиеттері, таңдаған кәсібіне қажетті деректер үшін жеке қабылдаған тәжірибесінде көрінетін;
-
Оқушының жеке таңдауы.
Жоғары сыныптардың жас ерекшеліктері
Жоғары кәсіптік мектеп
|
Өзін анықтайтын кәсіптік мектеп
|
Жастың негізгі мінездемесі
| -
Әлеуметтік өзін бекіту және өз бетінше тұтынудың өсуі;
-
Болашаққа бағыттау: өмір жолын таңдау, мамандықтар, референттік адамдар тобы (өзін сыйлау және өзін анықтау қажеттілігі);
-
Үлкендемен серіктестік құруға ұмтылу;
-
Өз істерінде прагматикалық мотивация рөлінің өсуі
|
Барлық жасөспірімдердің жаңашалануының жалғасуы өзін анықтаудан көрінеді. “Жасөспірімнің арманы болашақпен байланысты, өзін анықтауы қалыптасқан қызығушылықтары субъектіге жетуімен ерекшеленеді; ол өзінің мүмкіндіктерін және сыртқы жағдайды есепке алады; қалыптасқан дүниежүзілік көзқарасқа сүйенеді және бұл кәсіпті таңдауына байланысты..” (Л.И.Божович). Өзін анықтау сонымен оқушының өзі алатын бірге ішкі позицияларымен байланысты Л.И.Божовичтің көзқарасымен орта және жоғарғы мектеп жасындағылар әр түрлі бағыттарды ұстанады”, егер де біреулері болашаққа бүгінгі позициямен қараса, онда екіншілері бүгінге келешектегі позициямен қарайды ”.
|
Оқушының жас ерекшеліктерінің негізінде, оқу мазмұнының принциптерін құру
|
- ұсынылған оқу ақпаратын оқушылар өз бетінше ойланып оны шығарудың формасын таңдауға мүмкіндіктері бар;
- «үлкен» ғылыми әдебиеттерді меңгеруге дайындалу үшін, иерархиялық байланысты және себеп-салдар байланысын құру үшін, үлкен көлемдегі құрмалас сөйлемдерді қолдану мүмкіндіктері бар, етістіктерден зат есімдерді және де септіктерді қолдану мүмкіндіктері бар;
- полилог – “көптеген көзқарастардың болуынан қиыншылықтарды ойлау мүмкіндігі, өз кезегінде монологты құрылым мүмкіндіктеріне көшуді дамыту керек (диалог және полилог режимінде қиыншылықтарды талқылау мүмкіндіктері);
- жоғары дәрежелі қиыншылықтарды, сайлау бостандығымен қамтамасыз ету және қарастырылатын сұрақтардың өз көзқарасын анықтау қажет;
- оқу мазмұнының әр түрін ұсынғанда оның есебінен: сараптама-логикалы, бейнелі, практикалы, алгоритмді, оқушылардың танымдық стиліндегі оқу-материалының кіріспе бөлімінің материалдары;
- жеке тұлғаның және кәсіптік өзін анықтаудың мазмұнын ұсынуда қиыншылықтарды шешу мүмкіндігі;
- арнайы жүйелік құндылықтың мазмұнын ашуда, өзіндік жүйені идентифициялаудың мүмкіндігі;
- «гипермәтіндік», мазмұнын меңгеруде жоғарғы бөліммен қамтамасыз етеді .
|
Кәсіптік білімнің мақсаты. экономикадағы нарықтық қатынасына көшу мүмкіндігін анықтауда кәсіптік дифференциалды оқытудың негізгі мақсаты, алдымен қоғамда әлеуметтік заказ, осы бөлімді дамытуда специфика. Оның құрамына кіреді:
1) кәсіптік саралап оқытуда жеке тұлғалардан мектеп бітірушілер сыныбын құру, интеллектуалды және тұлғаның әлеуметтік сапасын, мектеп бітірушілердің моделіне сәйкес келетін және экономикада нарықтық экономика қатынасының шартында адаптациялаудың ең төменгі әсері болады;
2) бүгінгі күнде қажетті техникалық прогресті дамытуға, әрбір болашақ мамандарды бұл мектептің түлектерін жалпы орта білімнен терең де кең «мамандықпен» қамтамасыз етеді.
“Информатика” пәнiнiң даму бағыттары 12 жылдық білім беруге көшу бағытында мына түрде анықталған:
-
Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерiн зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдiстерiнiң өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлi ақпараттық орталарда ақпараттық үрдiстердi жүзеге асырудың негiзгi заңдылықтарын зерттеу мәселелерi қарастырылады.
-
Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердiң, микропроцессорлардың есептеу қызметiнiң мүмкiндiктерi және аймақтық желiлер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтерi туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлi ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкiндiктерiн одан әрi жетiлдiру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерiн қарастырумен жалғасады.
-
Әлеуметтiк информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазiргi қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және программалық өнiмдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауiпсiздiгi төңiрегiндегi мәселелер қарастырылады.
Информатика пәнiнiң базистiк оқу жоспарында алатын орны мектепте оны оқытудың мақсатын игерту, информатика негiздерiн үйрету мен ақпараттық мәдениеттi қалыптастырудың бiрнеше кезеңдерiн бөлiп көрсетудi талап етедi.
Бiрiншi кезең (5-10 сыныптар) – базалық курс. Ол информатика пәнi бойынша оқушылардың мiндеттi (минимум) жалпыбiлiмдiк дайындық деңгейiн қамтамасыз етедi. Бұл кезең нақты мәселенi шешуде оқушылардың ақпараттық технология құралдары мен әдiстерiн меңгертуге, сонымен қатар компьютердi үйренуде, одан әрi кәсiптiк бiлiм қызметiнде оны еркiн, әрi тиiмдi қолдана бiлу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Екiншi кезең (11-12 сыныптар) – информатика пәнi бойынша жоғарғы сыныптарда көлемi мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы курс. Мұнда оқушылар кәсiптiк даярлыққа бағытталған оқу материалдарын меңгерудi жалғастырады.
“Информатика” пәнiнiң базалық мазмұны төмендегi материалдар көлемiнде шоғырланған: ақпараттық бейнелеу, ақпараттық үрдiстер, компьютермен танысу, ақпараттық технологиялар, формальдау және модельдеу, алгоритмдеу және программалау, телекоммуникация және әлеуметтiк информатика.
11-12 сыныптарда “Информатика” пәнiн оқытудың мазмұндық желiсi қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша қарастырылған.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негiзiнде қарастырылған: ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, телекоммуникациялық желi, әлеуметтiк информатика. Мұнда оқу материалдары информатиканың және ақпараттық технологиялардың гуманитарлық қызмет саласында қолданылу мүмкiндiктерiмен байланыстырылып қарастырылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негiзiнде қарастырылған: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтiк информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың жаратылыстану-математикалық бағыттарда қолданылу мүмкiндiктерiмен байланыстырылып қарастырылады. Сонымен қатар, программалау тiлдерi тереңдетiлiп, оқытылады.
Курстың мақсаты төмендегiдей:
-
мемлекеттiк бiлiм стандартында жаратылыстану-математика бағыты үшiн мектептiң негiзгi және жоғарғы сынып оқушыларының мiндеттi дайындық деңгейiне қойылатын талаптарды орындайды;
-
программалау саласы, компьютерде есептердi шешу әдiстерi, модельдеу тәсiлдерi кең көлемдегi ақпараттарды өңдеу сияқты информатиканың қосымша материалдарынан түсiнiктер беру.
Курстың негiзгi мiндетi – оқушылардың ғылыми-танымдық әдiстерiн, ғылыми түсiнiктердi дамыту, ғылыми дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру, ақпараттық модельдеу әдiстерiн және түрлi салалар бойынша программалар жүйесiнiң құралдарын қолдану.
Мектепте информатиканы оқыту оқушыға мынадай мүмкiндiк бередi:
-
формализация, модельдеу, компьютерлiк эксперимент ретiндегi ғылыми танымның қазiргi әдiстерiн меңгерту және оптимальды шешiмдi таңдауға бағытталған әрекеттiк ойлау қабiлетiн қалыптастыру;
-
бiлiм берудiң ақпараттық бөлiктерiн меңгерту;
-
мектеп пәндерi бойынша ғылыми жобаларды орындау, түрлi программалық құралдарды жасақтау, құбылыстар мен нысандарды модельдеу мен оған зерттеулер жүргiзу сияқты әрекеттер бойынша оқушының зерттеушiлiк және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;
-
алгоритмдеу және программалау курстарын тереңдету арқылы оқушыларды олимпиадаға дайындау;
-
ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қазiргi қоғам талабына сай мамандыққа даярлау.
Курстың мазмұны төмендегi 4 бөлiмнен тұрады:
-
Теориялық информатика
-
Аппараттық және программалық құралдар
-
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
-
Әлеуметтiк информатика
Бөлiмдер iшiнде материалдың құрылымына сәйкес тақырыптар мен тақырыпшалар бар. Бағдарламаға енгiзiлген мәселелер тереңдетiлген курстың мағынасы мен мәнiн ашады. Атап айтқанда, түрлi процестердi модельдеу және оны компьютердiң көмегiмен зерттеу. Бағдарлама мазмұнын тереңдетiп үйрету мен оны меңгерту оқушының дайындық деңгейiне қойылатын талаптарда анықталған.
7-11 сыныптарда информатиканы тереңдетiп оқытудың күнтiзбектiк-тақырыптық жоспары ұсынылады. Тақырыптық жоспарлау үлгi ретiнде берiлген. Курс тақырыптарын үйретуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, оны үйрету ретi мен көлемiн мұғалiм әдiстемелiк шеберлiгiне сәйкес өзгертуiне болады.
Курсты үйрету концентрлiк түрде ұйымдастырылған. Мысалы, программалау тiлi концентрдiң әрбiр бөлiгiнде программалау технологиясының дамуы арқылы берiледi: программалау тiлi (Qbasic), мұнда программа ұсақ бөлiктерден және бөлек операциялардан құралады және ол қарапайым құрылымды бередi; Pascal құрылымдық программалау тiлi оның құрылымына сәйкес өте кең көлемдегi есептердi кiшкене iшкi есептерге бөлу; объектiлi-бағдарлау визуалды программалары (Delphi, Visual Basic) – бұл программалау құрылымын құрастырудың объектiлiк принциптерiн сипаттау және абстрактiлеу деңгейi. Бұл стиль бойынша мектеп оқушыларына материалдарды тiзбектей үйрету олардың ойлау қабiлеттерiн дамытады, талдау және жинақтау тәсiлдерiн меңгерудi ұсынады.
Программалау тiлiн тереңдетiп үйрету.
Программалау тiлдерi жүйелi түрде таңдалған. Qbasic тiлi – алгоритмдi орындаудағы қарапайым және ең тиiмдi, әрi ол басқа программалау тiлдерiн меңгерудiң негiзгi бастамасы. Мұнда Visual Basic-тi үйретудiң негiзi қамтылады. Microsoft фирмасы Visual Basic-тi негiзгi программалар жүйесiнiң бiрi ретiнде дамытып келедi.
Паскаль тiлi олимпиадаға дайындау тiлдерiнiң бiрi ретiнде қарастырылады және онда программалаудың процедуралық-бағдарлы технологиясымен таныстырылады. Олимпиадалық есептердi шешу тәжiрибесi осы тiлдердi үйрету барысында қалыптасады.
Информатикадан олимпиадалық тапсырмалар деңгейi сыныптар мен оқушылардың жас ерекшелiктерiне сай таңдап алынбайды. Жыл сайын олимпиадаға берiлген материалдар деңгейi күрделенiп, оған қойылатын талаптар да жоғарылауда. Сондықтан, олимпиадаға дайындықтың бастапқы кезеңiне Паскаль тiлiн үйретудiң орны ерекше. Қазiргi уақытта халықаралық олимпиадаға қатысатын оқушылардың iшiнде 7-8 сынып оқушыларының қатысу деңгейi де жыл санап өсiп келедi. 9 сыныпта Visual Basic программалау технологиясымен және IDE интегративтiк ортасымен таныстырылады. Visual Basic ортасында IDE жасақталған программалар модельденедi. Бұл кезеңде оқушыларды олимпиадалық жұмысқа немесе ғылыми жобаларды орындауға бағыттау процесi жүргiзiледi. Visual Basic-ке балама ретiнде Delphi ортасын 10 сынып оқушыларына беруге болады. Турбо Паскаль тiлiнде программалау технологиясы 10 сыныпта берiлген.
11 сынып оқушылары Access деректер қорын басқару жүйесiн және деректер қорын жобалауды, Интернетте қосымшаларды құруға негiзделген FrontPage ортасы үйретiледi.
Курс бағдарламасы бойынша оқушылардың меңгеру бiлiмiн бақылау мына бағыттарда жүргiзiледi:
-
теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау барысын бағалау;
-
тақырыптар бойынша сынақтар;
-
шығармашылық және бiтiру жұмыстарының бағасы.
Жаздық практика оқушылардың шығармашылық жұмыс тақырыптарын орындауға бағытталған жұмыстың мазмұны ғылыми-iзденiс сипаты ретiнде берiлуi керек, атап айтқанда, мектеп пәндерi бойынша оқу-әдiстемелiк құралдарды жасақтау (пән мұғалiмдерiнiң сценарийi бойынша), физика-математика бағаттары бойынша қиындығы жоғары есептерге программалар құру, электрондық оқулықтарды жасау, түрлi пәндер бойынша тест программалары, мектеп әкiмшiлiгiнiң жұмысын ұйымдастыруға бағытталған программалар, презентацияны жобалау және т.б.
Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы мамандық алуға мүмкiндiк бередi:
-
Бастауыш кәсiптiк бiлiм беру – электронды есептегiш машина операторы;
-
Орта кәсiптiк бiлiм беру – техник-программист.
2-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Білім сапасындағы жаңашылдық жұмыстарын жүргізетін басты тұлға мұғалім болғандықтан, оның психологиясы, әдістемесі өзгеруі - 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің алдыңғы шартынын бірі болып табылады.
Осы орайда, 12 жылдық білім жүйесіне көшу барысында мамандарды қайта даярлауға мақсатты қаражаттың бөлінуі үкіметіміздің асқан көрегендігін көрсетеді. Себебі, әдістемелік-психологиялық дайындығы бар маман ғана жаңа бастаманы шығармашылықпен қолдап, өмірге тән ете алады.
Бiлiм беру жүйесiн қайта құрудың негiзi – мектептi ақпараттандыру. Олай болса, мектептi ақпараттандыру жағдайында информатика пәнiн бастауыш сыныпқа енгiзу – бүгiнгi күннiң негiзгi талаптарының бiрiне айналып отыр. Ал бұл талапты орындау үшiн ең алдымен, мамандарды компьютерлiк технологияның мүмкiндiктерiн жан-жақты пайдалану бойынша бiлiктiлiктерiн көтеру қажет. Аталған қажеттiлiктi шешу үшiн бiз ең алдымен, мамандық құзырлықтарын мына бағыт бойынша жiктеуге болатындығын зерттеп отырмыз:
-
iргелi ақпараттық-технологиялық құзырлылық;
-
базалық ақпараттық-технологиялық құзырлылық;
-
арнайы ақпараттық-технологиялық құзырлылық.
Ендi әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Iргелi ақпараттық-технологиялық құзырлылық – бұл ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн мамандық деңгейлерiне сәйкес шешуге мүмкiндiк беретiн бiлiм мен бiлiктiлiктердi және дағдыны қалыптастыру.
Негiзгi мiндеттерi:
-
жалпы компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру;
-
құжаттарды терiп, форматтау және оны редакторлеу;
-
бақылау жұмыстарын компьютерлiк тест арқылы жүргiзу және оны талдай бiлу;
-
деректер қорында және Интернет-технологияда ақпараттарды iздей бiлу;
-
түрлi ақпараттарды өңдеп, оның графиктiк сызбасын салуға үйрету;
-
компьютерлiк технологияның мүмкiндiктерiн дидактикалық материалдарды жасақтауға қолдана бiлу;
-
басқа пәндердiң оқытылуына дамытушы компьютерлiк ойындарды және түрлi үйрету мен жаттығу программаларын қолданып, талдау жасай бiлу және т.б.
Базалық ақпараттық-технологиялық құзырлылық. Оның мазмұны мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана бiлумен анықталады. Төменгi кестеде осы бағытта мұғалiмдердi даярлаудың мақсаты мен сәйкес мiндеттерi келтiрiлген.
Базалық ақпараттық-технологиялық құзырлылықты бастауыш сынып мұғалiмдерiнде қалыптастыру негiздерi
Мақсаты
|
Мiндеттерi
|
Бiлiм берудi ақпараттандыру процесiнде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру
| -
компьютерлiк техноолгияны оқу процесiнде пайдалану бағытында оқушылардың даму қабiлетiн анықтайтын педагогикалық диганостика жүргiзу;
-
оқу процесiнде кiшi жастағы балалар үшiн компьютерлiк тест құру мен оны қолдана бiлу;
-
ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесiнде пайдалану барысында бастауыш сынып оқушыларының сапалық деңгейiн анықтау және оның оқу процесiне әсерi;
-
қолданбалы программалық құралдарды пайдалану жағдайында оқушылардың даму динамикасы мен олардың өзара қарым-қатынасын зерттей бiлу.
|
Бастауыш сыныпта оқыту процесiнiң ерекшелiгiн ескеру арқылы ақпараттандырудың мақсатын анықтау
| -
оқушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету (техника қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық-гигиеналық және эргономикалық талаптарды сақтау);
-
оқу мақсатына сәйкес қолданбалы программалық құралдардың сапасын анықтап, таңдай бiлу;
-
оқушылардың жұмысын дамытушы компьютерлiк ойындарды қолдану арқылы ұйымдастыра бiлу;
-
жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарды компьютердi пайдалану арқылы ұйымдастыра бiлу;
-
сабақтың мақсаты мен компьютердi пайдаланып арқылы өткiзiлетiн сабақтарды өзара бiр-бiрiмен сабақтастыра бiлу және оқушылардың өзiндiк бiлiм алуына жағдай жасау және оны бағалай бiлу.
|
Пәнаралық байланысты дамыту және ата-аналармен қарым-қатынасты орнықтыру
| -
басқа пән мұғалiмдерiнiң өз қызметтерiне қолданбалы программалық құралдарды қолдануға көмектесу;
-
оқушылардың үйде компьютермен жұмыс жасау барысында санитарлық-гигиеналық және эргономикалық талаптарды сақтау ережелерiн жан-жақты ата-аналарға түсiндiре бiлу;
-
информатика мұғалiмiмен және мектеп директорының ақпараттандыру iсi жөнiндегi орынбасарларымен бiрiге отырып, өзара байланысты жетiлдiру.
|
Ақпараттық ортаны құру және оны ұйымдастыру
| -
нақты педагогикалық мiндеттердi (өзiндiк оқытуды дамыту, өзiн-өзi бағалау және бiр-бiрiн бағалау, шығармашылық және iзденiстiк белсендiлiктерiн дамыту) шешуде ақпараттық ортаны құру;
-
бастауыш сынып оқушыларына ақпараттық ресурстар туралы мәлiметтер беру;
-
оқушылардың жоба жасау қызметiн ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы ұйымдастыру;
-
бастауыш сынып оқушыларын Интернет арқылы тұрлi халықаралық жобалар жасауға баулып, қатыстыру.
|
Өзiн-өзi бiлiм алу жобаларын жасақтау және оны жүзеге асыру
| -
жаңа қолданбалы программалық құралдарды өздiгiнен үйрену және оның дидактикалық мүмкiндiктерiн бастауыш сынып оқушылары деңгейiнде анықтау;
-
кәсiби шеберлiктерiн дамыту барысына түрлi ақпарат көздерiн, Интернеттiң ақпараттық ресурстарын пайдалану.
|
3. Арнайы ақпараттық-технологиялық құзырлылық. Бұл “Информатика және ақпараттық технология” пәнiн берудiң әдiстемелiк мәселелерiн шешумен анықталады. Аталған бағыт мына кескiндi сызуға мүмкiндiк бердi:
Оқыту үрдісін ұйымдастыру құрылымы
Технологиялық модуль мұғалiмнiң iргелi ақпараттық-технологиялық құзырлылығын қалыптастыруға бағытталған. Ал базалық ақпараттық-технологиялық құзырлылықты қалыптастыруда дидактикалық модульдiң бiлiм беру бағдарламасына бағытталған. Әдiстемелiк модуль бастауыш сыныпта информатиканың оқу бағдарламасын таңдауға, оны оқытудың әдiстерi мен формаларын ұйымдастыруға үйретедi.
2.2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН қалыптастырудың әдістері мен технологиялары
Бұл параграфта білім беру негізінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі қарастырылады. Зерттеушілер білім берудің ұстанымдарына сәйкес технологиялардың алты түрін белгілейді: білім берудің диалогты әдістері; ойын технологиялары; тренингті технологиялар; интеграцияланған тұлғалық-бағдарлы технологиялар; оқу-кеңістік ортасы; сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары.
Осы аталған білім беру технологиялары әртүрлі болғанмен, олардың жалпы бір ұқсастығы бар: практикада олардың барлығы білім берудің сынып-сабақ жүйесінде негізделеді. Бірақ оларды практикада қолдану мынадай факторлармен қиылыспайды: ең жақын даму аймағында білім беру ұйымдастырумен; шығармашылық оқыту әдістерімен; оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне білім берудің бағытталуымен.
Дәл осы факторлар оқушы тұлғасына бағытталған білім берудің моделін жасауда ең негізгілер болып табылады.
Қазіргі уақытта сынып-сабақ жүйесінде білім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқыту формалары бар. Олар бір сыныпта түрлі деңгейлі оқу бағдарламаларының бірнеше нұсқасын қолдануға, оларды оқушылардың таңдап, ең жақын даму аймағына сәйкес жеке жылдамдықпен ұйымдастырылуына, әрбір оқушының дер кезінде кәсіби көмек алуына, білім берудің шығармашылық сипатта болуына, материалды проблемді ұсынуға мүмкіндік береді. Ол мүмкіндікті қазіргі информатика мен телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, жүзеге асырады.
Білім беру негізінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды диалогтық және топтық қарым-қатынастарға негізделген интерактивті технологиялар арқылы жүзеге асырады. Олар: сократтық әдіс, еркін микрофон, миға шабуыл, ашық ойлар сәті, «үлкен шеңбер», «вертушка», «аквариум».
Әр оқушының еңбегі пайдалы болу керек. Өзінің ғана емес, өзгенің де еңбегі жауапкершілікпен қаралуы керек. Түсінген әр оқушы басқаға, серіктесі меңгергенше тексеру. Өзі оқи отырып, өзгені оқытуға үйрену. Мұндағы диалогтық білім берудің негізгі мақсаты: әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, коммуникативтік қабілетін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқампаздыққа жетелеу. Қарым-қатынасты дамыту негізінде білім беру оқушының жеке тұлға ретінде және ақыл-ой зердесін дамытуда үлкен роль атқарады. Жоғарыда аталған жағдайды талдай келудегі ізденісте осы негізде біріктіруші құрал болып мәтінді технологиялық өңдеу жатыр.
Диалог пен топқа негізделген сабақты ұйымдастырудың тәжірибесін талдай отырып, мына ережелерді ұсынамыз:
Бірінші ереже. Сабаққа барлық қатысушылар қандай да бір деңгейде тартылуы қажет. Бұл мақсатта сабаққа қатысушыларды талқылау үрдісіне қатысуға мүмкіндік беретін технологияны қолдану пайдалы.
Достарыңызбен бөлісу: |