Екінші ереже. Оқушылардың психологиялық даярлығына қамқор болу қажет. Мұнда сөз сабаққа келушілердің барлығы бірдей жұмыстың қандай да бір түріне тікелей қатысуға психологиялық даяр болмауы мүмкін. Осыған байланысты, сергіту, қатысушыларды жұмысқа белсенді қатысуымен мадақтап отыру, оқушының өзін жүзеге асыруына мүмкіндік беру пайдалы.
Үшінші ереже. Қатысушылардың саны мен білім беру сапасы тікелей бағыныштылықта болуы мүмкін. Тек осы жағдайда топтағы өнімді жұмыс мүмкін. Өйткені мәселе бойынша әрбіреуін тыңдау, әрбір топтың шығуы маңызды. Өзіміз жоғарыда айтып кеткендей, топтың құрамы – 5-7 адамнан тұруы тиімді болып табылатынын тәжірибе жұмысымыз көрсетті.
Төртінші ереже. Жұмысқа арналған орынды даярлауға көңіл бөлу керек. Бұл алғаш көрінгендегідей жай мәселе емес. Сынып бөлмесі қатысушылардың үлкен және топтардағы жұмысқа ауысуы жеңіл болатындай есепте даярлануы қажет. Яғни оқушыларға денелік қолайлылық тудырылуы қажет.
Әрине сабақ кезінде біреудің мойнын бұрып отырғаны қолайсыз. Сондықтан да үстелді «шырша», «дөңгелек үстел» түрінде орналастырған тиімді, мұнда әр оқушы сабақты жүргізушіге қырынан, «бетпе-бет» отырады және топта жұмыс жасауға мүмкіндік алады.
Бесінші ереже. Жүру барысы мен тәртібіне аса мән беру қажет. Топта жұмыс жасау ережелерін алдын ала келісіп алып, оны бұзбауға тырысу қажет. Мысалы, барлық қатысушылардың кез-келген көзқарасқа шыдамдылық танытуын, әр адамның сөз бостандығына деген, өзіне деген құқын сыйлауға келісу пайдалы.
Алтыншы ереже. Сабаққа қатысушылардың топқа бөлінуіне үлкен көңіл бөлу қажет. Алдымен оны еріктілік негізде жүргізген жақсы. Кейін кездейсоқтық таңдау принципін қолданған дұрыс.
Қорытындыда айта кетеріміз, топта білім беру бір мезгілде бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді. Бастысы - ол коммуникативтік білік пен дағдыны дамытады, оқушылардың арасында эмоциональдық байланыс орнатуға көмектеседі, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді, өйткені топта жұмыс жасауға, жолдастарының пікірін ескеруді үйретеді. Сонымен қатар, сабақ барысында топты қолдану, практика көрсетіп отырғандай оқушылардың жүйкесіне түсірер салмақты шешеді, олардың іс-әрекет түрін алмастыруға, сабақтың негізгі сұрақтарына зейін аударуға мүмкіндік береді.
Топтық жұмыстың мәні - адам арнайы жасалған ортасында алынған тәжірибесін сыртқы әлемге ауыстырып, оны сәтті қолдана алуы. Алайда топтық оқыту технологиясын ұйымдастырушылары үшін таза оқу мақсатынан басқа, топта жүріп жатқан өзара әрекет үрдісінде өзге адамдардың құндылығы есепке алынып, олармен қатынасқа, олардың қолдауына деген қажеттілік қалыптасуы маңызды. Топтық оқытудың барысын бақылау мақсатында бірнеше сабақтар блогынан кейін (лексика, синтаксис және т.б.) оқушыларға кері байланыс парақтары үлестіріліп отырды. Ондағы сұрақтардың мазмұны төмендегідей болды:
1) Топта жұмыс жасау жеңіл ме?
2) Кім қолайсыздық сезінді және неліктен?
3) Өзіне топтың басқарушысы рөлін алатын адам үнемі дұрыс па?
4) Үндемей қалатындардың позициясы қандай нәтижеге әкеледі?
5) Сөйлеуіне мүмкіндік ала алмаған адам нені сезінеді?
6) Жалпы жұмысқа не көмектеседі және не кедергі болады?
7) Мұғалімнің көмегі қандай болу қажет?
8) Бірлескен жұмыста өзіңе не аласың?
Топта қолданған әдістерге кеңірек тоқталып өтсек.
Сократтық әдіс. Тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған оқытудың белсенді және өнімді формасы. Негізі – баланың өзі араласатын білім беру үрдісіне белсенді қатыстыруда ақыл-ойдың қозғалысы жайындағы Сократтың ілімі. «Сократтық сұрақтар» көмегімен оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру - баланың санасында «шындықтың өз бетімен туындауының» факторы болып табылады. Сократтық әдістің дидактикалық құрылымы білім беру мазмұнының өткеннен келесіге, жақыннан қашықтағыға өту қағидасына негізделеді және «белгілі білім емес» принципі бойынша құрылады. Ерекшелігі – әдіс қарапайым өмірлік ситуациялар негізінде құрылады. Шындықты бірлесе іздеу – білім берудегі ең басты тәсіл. Сократтың оқушылармен әңгімесі дәстүрлі тақырыптардан басталған. Диалогты өрістете отырып, оны құрамдас бөліктерге ажырата отырып, оның әрбір талқылау тармақшасынан жаңа сұрақтар тудырып, өзімен бірге ойлануға дайын адамдардың ойын шындықты іздестірудің қиын жолына апарған. Ойдың туындауына көмектесе отырып, Сократ бірде бір көзқарасты назарынан тыс қалдырмаған, алдын ала ешбір көзқарасқа жақтаспай, әңгімелесушілерді өзін-өзі жоққа шығаруға қатыстырған, осылайша, беделге емес, тек дәйектерге сенуге үйреткен. Сократтың пайымдауынша, педагог ештеңені қалыптастыру керек емес, ол басқа адамдарда даналықтың туындауына жағдай жасауы керек. Бұл сенім оның «майевтика» (повивальное искусство) деп аталатын еркін әңгімелесу әдісінің негізінде жатыр. Кейде майевтиканы әңгімелесушіге көрсетілетін құрметтің жеткіліксіз деңгейі үшін сынға алған, былайша айтқанда, сократтық мысқыл үшін: философ өтірік ештеңе білмейтін және ештеңе түсінбейтін болып көрініп, өзі әңгімелесіп отырған адамнан үйренген, олардың айтқан дәйектерін кенеттен «қарапайым» сұрақтармен, қорытындылармен, ой тұжырымдарымен оның білімін жоққа шығару. Бұндай әңгімеден кейін аса ақылды емес адам ренжісе, ақылды адам өзінің біліміне күдіктене қарап, ізденетін болған. Сократ мұғалім тұлғасына ерекше қараған: одан нақты білім де, идеяны оқушының бойына дарыту да емес, сұрақ қою шеберлігін, өзіндік талқылау, ой жүгіртуге итермелеу шеберлігін жоғары бағаланған.
Нәтижеге бағытталған білім беру үрдісін ұйымдастыруда білім беру негізінде сынып оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың мүмкіндіктерін зерттеуге арналған тәжірибе нәтижесінде оқушылардың өз ойын еркін түрде рәсімдей алатыны, мәселені баяндауда қосымша құралдарды толық сауатты пайдаланатыны, оны шешуде шынайы қызығушылық танытатыны, топтық қарым-қатынасқа бейім екені, диалогқа, талқылауға белсенді араласатыны анықталды.
Біз құрастырған сабақтың құрылымы, ақпараттық мәдениеттілікке бағытталған тапсырмалар, топтық оқыту әдістемесі, диалогтық қарым-қатынастарды орнату негізгі жалпы білім беретін мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға маңызды өзгерістер әкелді.
Сабақта мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, күтілетін нәтиженің өзіндік жүйесін құруға, оқу үлгірімі әртүрлі оқушыларға арналған дидактикалық материалды қолдануға мүмкіндік берді.
Ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды даярлау әдістемесін меңгерді. Ал оқушының ақпараттық мәдениеті қалыптасып, қарым-қатынас орнату дағдыларын, сөйлеу іс-әрекетінің барлық түрлерін, сөйлеу мәдениетінің негіздерін, сөзді түрлі ситуацияларда пайдаланудың іскерлігі мен дағдысын меңгерді.
12 жылдық білім берудің бастауыш сатысында білім берудің ұстанымдарына, педагогикалық үрдіске қатысушыларды субъект ретінде белгілейтін мұғалім мен оқушының диалогтық қарым-қатынастарына негізделген педагогикалық ортада мұғалім (кеңес беруші) мен оқушының (үйренуші) өзара әрекеттесуін тұлғалық-бағдарлы білім беру негізінде ұйымдастырып, оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру әдістемесінің нәтижесі анықталды.
Жұмыс соңында анықталған қорытынды нәтижелер білім беруді ұйымдастыру қағидаларына, педагогикалық жолдарына сәйкес негізгі мектепте оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру деңгейінің жоғарылағанын көрсетті:
-
білім беру үрдісі сынып оқушыларының мектепке, мұғалімге көзқарасын өзгертіп, оқуға қызығушылықтарын арттырды. Оның себебі мынада:
- білім беру барысында оқушының мақсаттары мен құндылықтары, оның іс-әрекеті бірінші орынға шығып, оқушының субъектілі тәжірибесі негізінде ұйымдастырылды, яғни мұғалім оқушылардың дербес белсенді қызметін ұйымдастырушы, білікті кеңесші және көмекші ролінде оқушыларға жақын, тең дәрежелі қарым-қатынастар орнату мүмкіндігі дұрыс, дұрыс емес жауапты ешқандай қысылмай, еркін айту мүмкіндігі оқуға ынталандыра түседі;
- топта, үштікте, жұпта жұмыс жасай отырып, оқушы өз біліміндегі, қарым-қатынасындағы кемшіліктер мен қателерді өзімен бірдей адамнан қабылдай отырып, дұрыс шешуге тырысады;
- топтық оқыту білім мазмұнының практикалық мәнін ашуға әсер етеді, себебі оқушы білімді күнделікті өзіне үйреншікті қарым-қатынас әрекетінде алады, топта жұмыс жасау ережелері ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді;
-
білім беру үрдісі мектептегі оқытуды жекелеу мүмкіндігін туғызды. Жекелеп оқытуды болашақ 12-жылдық мектептің бастауыш сыныптарында қолдану оқушылардың 8-9 сыныптарда таңдайтын бейіні мен тұлғалық қасиеттерінің айқындалуына өз септігін тигізеді. Себебі оқытудың бейінін анықтау оқушылардың жеке мүдделері мен қабілеттерінің негізінде жүзеге асырылатын болады.
-
жалпы білім беретін орта мектепте бағдарламалық-әдістемелік құралдардың болуы оқушылардың өз бетімен ізденісін тудыруға мүмкіндік берді, оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай туғызды:
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар оқушылардың пәндік білімдерін интеграциялауға мүмкіндік береді, интеграцияланған білімді қажетіне қарай пайдалану дағдысын дамытты;
- оқушылар ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды түрлі деңгейлерінде орындай алды;
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытты;
-
оқушылардың өзіндік әрекеттерін жоспарлауын, орындауын, оны бақылауын белсендендіріп, өз қабілетіне сенімділігін арттырды;
-
топтық оқыту сынып оқушыларының ұжымдық ойлау, өзара көмек және қолдау, ұйымдастыру, кеңес беру, бақылау, бағалау, жоспарлау, мақсат қою, шешім қабылдау сынды іскерліктерін қалыптастыруға ықпал етті:
- сынып оқушыларының негізгі іс-әркеті қарым-қатынас болып табылады, сондықтан қарым-қатынасқа негізделген технологиялар (топтық оқыту, интерактивті әдістер, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары және т.б.) арқылы ұсыналатын оқу материалын қабылдау кезінде айрықша көрсетіліп, интонациямен айшықталған, пікірталас барысында туындаған ақпарат оқушының жадында қалады. Егер ол нақты бір әрекет, ситуациялық жағдай, имитациялық модель болса, онда ол ұзақ уақыт ұмытылмайды;
- бағдарлама бойынша берілетін тақырыптық материал ауқымды, бірақ оқушыға түсінікті түрде берілген ақпараттың көлемі ғана оқу сапасының жоғары болуын қамтамасыз ете алады. Бұл мүмкіндік мәтіндік ақпаратты нақты өмірлік ситуация арқылы толықтыру немесе өмірдегі рольдік бейнелердің берілумен түсіндіріледі;
оқушының ақпараттық мәдениетті білім беру негізінде қалыптастыру әрбір оқушының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін барынша ескеріп, оның әлеуеттік мүмкіндіктерінің ашылуына және дамуына жағдай жасалды;
- топта жұмыс жасау, тиісті топтың ерекшеліктерін білу, ынтымақтастық ахуалын ұстай білу, мәселені шешу мақсатында тиімді қарым-қатынастар құру, түрлі өзгерістерге дайындық оқушының еркін сөйлеуін, қарым-қатынас мәдениетін, шыдамдылықты жетілдіруге мүмкіндік берді.
Сонымен, оқушылардың ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мүмкіндіктері білім беру негізінде айқындалып, оның жағымды нәтиже беретініне көз жетті.
Сабақты ұйымдастыру алгортимі жасалды. Сабақ – бұл оқушының субъектілі тәжірибесіне негізделген, аяқталған, мәндік, уақыттық және ұйымдастырушылқ қатынастағы оқыту үрдісінің элементі. Сабақтың мына деңгейлері ажыратылды:
Деңгей 1 – Сабақты ұйымдастыру, мақсат қою, ағымдағы күй мен жоспарланған мақсатты салыстыру. Бұнда басқа сабақтар жүйесінде өткізілетін сабақтың орны анықталып, мотивацияны тудырудың барлық логикалық деңгейлерін пайдалану жүреді. Оқушылардың тұлғалық таңдауларын, сабаққа қатысты мазмұндық және үрдістік таңдауларды, оқушы мен мұғалімнің жеке мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді зерттеу белгіленеді. Білімді қолданудың нақты контексті анықталады.
Деңгей 2 – Сабақтың негізгі кезеңдерін іске асыру. Оқушылардың өз бетімен жұмыстануы, оқу үрдісіндегі таным үрдісі арасындағы және мұғалімнің жаңа материалды презентациялаудың арасындағы міндетті үйлесімділіктің сақталуы белгіленді. Педагог жаңа материалды презентациялаудың түрлі тәсілдерін (визуальды-көрнекілік, аудио-сөздік, сезімдік-процестік) пайдаланғаны жөн.
Деңгей 3 - Рефлексияны және кері байланысты ұйымдастыру, аралық нәтижелерді түзету. Мақсатқа қалай жетеміз? Педагогтың оқушылармен кері байланысты орнату бойынша жұмысы. Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бақылау және тексерудің дәстүрлі жұмыс түрлерімен қатар оқушылардың тұлғалық және оқу мақсаттарына жеткендігі жөнінде жеке және топтық рефлексияны міндетті түрде ұйымдастыру қажет. Ол диалог, полилог, кері байланыс парақтары формасында өтуі мүмкін.
Деңгей 4 - Сабақты қорытындылау, білімді болашақта пайдалануға бағытталу деңгейі болып табылады. Бұнда сабақ барысында алынған барлық мәліметтерді қорытындылау, өткен білімге шолу жасауды ұйымдастыру және әрі қарайғы «жолды» белгілеу. Алынған білімді түрлі контекстіде пайдаланудың тәсілдерін қарастыру: осы білім саласында әрі қарай оқу үшін, басқа салаларда пайдалану үшін, болашақ тұлғалық және кәсіптік мақсаттарды жэүзеге асыру. Педагогтың жағымды бағалауды (вербальды және вербальды емес) мадақтау, құптау, ауыспалы «білім кубогын» немесе грамота беру түрінде пайдалануы.
Бағалау жүйесін ранжирлеу: сапалық жағынан – жаңа тәсіл мен стратегияны меңгеруі, оқу материалын шығармашылықпен қолдану, өзінің ашқан білімі; сандық жағынан – көлемдік көрсеткіштер, бастапқы және соңғы көрсеткіштер. Баға қою жүреді.
Аталған сабақтың дәстүрлі сабақтан басты айырмашылығы – оқушының субъектілі тәжірибесіне сүйене отырып, оның өзіндік білім жүйесін құрастыруға көмектесу болып табылады. Ең маңызды кезең – үшінші деңгей, себебі оқушы өзіндегі бар білімін жаңа білммен салыстыра отырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыра бастайды. Сонымен қатар, сабақ үстіндегі диалогтық қарым-қатынастар субъектілі тәжірибенің толық ашылуының негізгі шарты болып отыр.
Сізді, ата-анаңызбен бірге досыңыздың отбасы қала сыртындағы саяжайға қонаққа шақырды. Олар ең алдымен автобуспен, содан кейін аялдамадан бері қарай жаяу жүру керектігін түсіндірді. Автобус аялдамаға таңғы сағат 9.00.-де келеді.
Сіздің әкеңіз, бұл жерлерде ертеректе өзінің жұмыстарымен болған екен. Сондықтан да, ол бұл жердің сұлбасын сызып бере алады және онда жайдақ жолдар өте көп екенің, екіншіден, кішкентай өзен тасыған кезде, оны киіммен немесе заттармен кесіп өту мүмкін болмайтындығын айтты.
Ата-анаңыз, сізден досыңыздың анасынан баратын маршруты туралы сұрастырып біліп, әкеңіздің сұлбасына сол маршрутты түсіріп беруді және қонаққа шақырғандары үшін алғыс айтуды сұрады.
Досыңыздың анасымен сөйлесіңіз (оның рөлін мұғалім ойнайды).
Сөйлесуді сыпайылық ережелеріне сәйкес бастаңыз.
Қоятын сұрақтарыңыздың мазмұны сізге, маршрутты нақты салуға көмектесетіндей болсын.
Әкеңіздің планына өз маршрутыңызды түсіріңіз. Сіз маршрутты әңгімелесу барысында да сала аласыз, ал жаңылып кеткен жағдайда, сізбен әңгімелесіп тұрған адамнан кешірім сұрап, алаңдауға не себеп болғандығын түсіндіріңіз.
Қонаққа шақырғандары үшін досыңыздың отбасына рахмет айтып, жексенбіні асыға күтетіндеріңді хабарлаңыз.
Әңгімелесуші құрбыға ақпарат:
700 м.
1 км.
500 м.
Ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырма үлгісі
Ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалардың бағалау бланкасына түсінік
1. Бақылау тестінің барысында барлық топ мүшелері бірдей балл алады. Егер тапсырма қалыптастырушы бағаны анықтау үшін жүргізілсе, топты бағалау бланкасы топтың әрбір мүшесін жеке бағалау бланкасымен бірге қолданылады.
Содан соң топтың ілгерілеуі, білім алушының жеке үлесі мен әр білім алушының өсу деңгейі талқыланады.
2. Тапсырма 5 немесе 7 білім алушыдан тұратын топқа ұсынылады.
3. Сынып жағдайында мұғалім тек бір ғана топтың жұмысына бақылау жасай алады. Бұл уақытта басқа білім алушыларға өз бетімен орындайтын тапсырмалар берілуі керек.
4. Мұғалім топтық талқылау үшін нақты уақыт береді.
5. Егер топ мүшелері берілген тапсырма шартын ұстанбаса, уақыттың тең жартысына дейін сұрақты талқыламаса, мұғалім топтың жұмысына араласып, талқылауды жүргізушінің рөлін өзіне алады.
Бұл жағдайда топ «ақпараттық мәдениет шарты» бағаны бойынша 3 балдан артық алмайды.
6. Мұғалім топтық жұмыс кезінде бақылау жүргізіп, нәтижесін бланкке түсіреді.
Үздіксіз бақылау барысында мұғалім топтың жұмысы берілген өлшемдердің біріне сәйкес келетіндігін көрсе, тиесілі ұяшыққа белгі қояды.
Мұғалім А қатарындағы ұяшыққа (төмендегі кесте) мұғалім өлшемге тек топтағы бір білім алушының әрекеті сәйке келсе, Ә қатарындағы ұяшыққа – топ мүшелерінің жартысынан азының әрекеттері сәйкес, ал Б ұяшығына – топтың жартысынан көбінің әрекеттері сәйкес келеді деп тапса ғана белгі қояды.
Оқушылардың білімін бағалау бланкісі
ақпараттық мәдениеттің қалыптасу барысы (процедурасы)
|
ақпараттық мәдениеттің қалыптасу мазмұны
|
ақпараттық мәдениеттің қалыптасу нәтижелігі
|
|
А
|
Ә
|
Б
|
|
А
|
Ә
|
Б
|
|
А
|
Ә
|
Б
|
2.3. Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуға қолданылатын дидактикалық материалдар
Бастауыш сыныптарда бала үшін –оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әр түрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу һте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істей білуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.
Оқушылардың компьютермен жұмыс жасауы көңіл-күйлерін көтеріп, қызығушылық қабілеттерін арттырады. Әрі ізденуіне, алуан әдіс-тәсілдерді таңдауына жол ашары сөзсіз. Сондықтан біздің мектепте 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап 12 жылдық білім берудің тәжірибелік орталығы ашылған болатын. Осы орталықта 2 сыныптан бастап информатика пәні оқытылуда. Оқушылармен компьютермен жұмыс жасап үйренумен қатар, алгоритм құру және команда беруге үйрету үшін «Кішкене Кря» («Утенок Кря») ортасымен сабақ жүргіземіз. Бұнда алгоритм тілінің негіздемелерімен таныстырады. Бұл ортада ойын арқылы сызықты алгоритм құруға үйренеді.
«Кішкене Кря» компьютерлік ортасымен танысайық.
Кішкентай Кря оң жақтағы экранды алып тұратын тіктөртбұрыштың ішінде орналасқан. Алаңның көлемі тігінен 15, көлденеңінен 19 қадам. Бұл бағдарлама тек 3 команданы ғана орындай алады;
Утя бір қадам алға жүреді де, артында бір қадамға тең кесінді сызылады.
Утя сол жағымен 90 градусқа бұрылады.
Утя бір қадам алға секіреді де, артында із қалдырмайды.
Экранның жоғарғы жағында қызметші командалар, сол жағында бағдарлама парағы орналасқан. Қажетті командалар арқылы алгоритм жазып болған соң, нәтижені көру батырмасын басып қарауға болады.
Бастауыш сынып оқушылары оқу ортасында жоғары ынтамен жұмыс жасап, үлкен жетістікке жетеді. Өз шығармашылықтары пайда бола бастайды.
Сабақта компьютерді қолданғанда оның тиімді жақтарын айтып кетуге болады:
-
оқушының дербес жұмыс жасауына мүмкіндік мол;
-
компьютер алдында оқушының еркін жұмыс істей алуына болады;
-
компьютерде сабақты пайдалану уақытты үнемдейді және оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады;
-
оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сабақтың өту ұзақтығын да ескеруге болады;
Бастауыш сыныпта информатикадан істейтін жұмыс құрылымы
Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.
Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:
-
Математика мен орыс тілі курстарымен сабақтастығы;
-
Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.
Жаңа ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастыруымен қатар, оқушылардың сыныпта және сынынтан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейтесті мәсслелердің бірі. Бұл мәселе бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой-өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениетгілігін арттыру, оларды «компьютер әлеміне» баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы мәселелердің әр түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің іс-тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:
1.Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану аркылы;
2.Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту аркылы;
3. Мектептерде балаларға арналган информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір-бірімен ұштастырылса, жас жеткіншектердің компьютерлік сауаттты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады.
Ғылым мен тсхниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел карқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын - бастауьш мектепке де өз әсерін тигізудс. Сондықган бастауыш білім жүйесініңде көздеген мақсаты - әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальды білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық кабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мекгепте оқытатын басқа пәндермеи үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрдс меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғаліміге бастауыштағы оқу үрдісінің кұрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сонымен қатар, жаңа ақпараттык технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімсн немесе бірлескен түрдс шығармашылық жұмыспсн шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әр түрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағьн жүргізудің тиімді жолдарын карастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту.
Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәделденіп отыр.
Ғалымдардың, тәжірибелі мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
-
бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
-
ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
-
бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек, бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
-
Қолданушылық
Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттыөтырушы бағдарламалар негізінде кқмпьютерлік сауаттылықтары өалыптасады.
Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше,баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай – ақ техникаға сауатты, ұқыпты ұарауы.
Қолданушылық бағыттағы пропедевтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушылар төмендегідей білім мен іскерліктер қалыптасуы тиі:
-
оқу, ойын бағдарламаларымен жұмыс істей білу;
-
программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;
-
программамен жқмыс істеуге машықтану: программаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу;
-
компьютерді нұсқаусыз жүмыс істейтіндігін түсіну.
-
Ақпаратты – логикалық
Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол.
Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтан да алгоритмдік ойлау қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен - өзі туындайды.
-
Шығармашылық
Бұл бағыт бойынша оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасын қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде ұжымдық жобаны жасақтауға және оны іске асыруға қатысады.
-
Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу
Ғалымдардың зерттеулері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың ролі зор.Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігің арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады:
-
проблемалық оқытуды қолдану
-
алгоритмдік оқыту
-
оқытуды ақпараттандыру
-
пәнаралық кіріктіру
Информатика пәні баланың техника құлағында ойнап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал –жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары жаңаруда.
Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:
-
Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі.
-
Ойды логикалы түрде дамыту.
-
алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік.
-
Компьютерді үйренудің оңай жолдары іздеу.
Информатиканы үйренуді бастаған кезде алгоритмдеу негіздерін жоғарғы сыныптарда бердік. Бүгінде тәжірибе көрсеткендей бұл мәселені бастауыш сыныптардан бастаған жөн. Бастауыш сынып оқушысының алгоритмдік ойлау стилі өз жасына сай информатиканы үйренуге өте қолайлы. Олардың психологиялық өзгерістері, іске іштей жоспар құра білуі рефлекс сиякты сияқты болып келіп, оқытуға жақсы жағдай туғызады.
Жаңа ақпараттық технология білім берудің стратегиялық мақсаттарына қызмет етеді, атап айтқанда, проблемаларды сараптай алатын, жүйелі байланысты құра білетін қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, шешім кабылдауға, оны түрлі өзгерісте дамыта білуге кабілетті, ойлауы шығармашылық түрде қалыптасқан жеке тұлғаның ннтеллектуалдық-психологиялық дамуын қамтамасыз ететін болуға тиіс. Міне, осы мақсатта бастауыш сынып үшін дербес компьютердің соңғы мүмкіндіктері пайдаланылған. Мультимедиалық аудио-визуалды электрондық оқу-әдістемелік құралдары бастауыш сынып оқушыларының денсаулығына зиян келмейтіндей техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау ескеріліп, әр тақырып мазмұнына 1-сынып үшін - 10 минут, ал 2-5-сыныптар үшін - 15 минут көлемінде уақыт белгіленді, Оқу құралын сабақтың қай кезінде пайдалану мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық мүмкіндігіне байланысты. Сонымен қатар үйде, ата-аналар баласының ой-өрісін дамытып, өз бетінше білім алуын қадағалауына мүмкіндік туады.
-
12 жылдық мектепке көшу жағдайында қазіргі заманға лайық акпаратгык-коммуникациялык технологияларды қолдану мүмкіндіктерін жетілдіру;
-
жаңа ақпараттық технологияларды қолдану аркылы бастауыш білім берудің мазмұны мен технологиясын модернизациялау;
-
12 жылдык мектеп оқушыларын бағдарлап оқытатын "жаңа сатыдағы" мұғалім даярлау проблемасын шешуге үлес қосу.
Бастауыш сынып оқушыыларын жеке тұлға етіп қалыптастырудағы
ойындардың тиімділігі
XXI ғасыр адамның шығармашылығы дәуірлеген ғасыр екені баршамызға аян. Адамзат баласы қол жеткізген жетістіктер негізінде жаңалық ашу өркениеттіліктің белгісі. Осы тұрғыда қарайтын болсақ, бастауыш сыньш оқушыларын шығармашылықка баулу арқылы жеке тұлға етіп қальштастыру басты міндеттеріміздің бірі. Еліміздегі «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасы негізгі бағыттарының» идеялары мен нұсқаулары жан-жақты жүзеге асырылуда.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда, баланың білімге ынта-ықыласын арттыру, баланы шығармашылыққа жетелеу ол мұғалім құзырында. Ол үшін әрбір педагог заман талабына сай жұмысты шығармашылықпен, озық педагогикалық шеберлікпен уақытгы ұтымды пайдалана отырып сабақты түрлендіріп жүргізулері керек. Бастауыш сынып оқушылары үшін қажеттілік, олардың психологиялық және жас ерекшеліктерін барынша ескеруден туындап отыр. Өйткені жаңа буын оқулығы мен 12 жылдық білім беру жүйесіндегі материалдар ойын қызметінен оқу қызметіне табиғи ұштастырудың негізгі әдістемесі болып табылады.
Дамыта оқыту процесінде балалар көптеген мағлұмат алады, әртүрлі дағдылар мен шеберліктерді меңгереді, сабақ процесінде ой-еңбегін қажет ететін сан алуан қиындықты жеңеді, төзімділікке үйренеді. Сабақты тартымды, қызықты ойын түрінде жүргізу жас ұландардың білімге қызығушылығын арттырады. Ойын барысында орындалатын іс-әрекеттермен оқушылардың сабақ барысында өз беттерінше жұмыс істеуі өте қажет.
Алты жасар бала - бұл әлі кішкентай ойын баласы. Егер оны үлкендермен салыстырмалы түрде алатын болсақ, біріншіден, ол көп нәрсені істей алмайды. Сонымен бірге ол, көп нәрсені, шаруаны тындыра да алады. Бұл ретте не істей алатынын және оның психикасы мен жеке басы мүмкіндіктерінің қандай екенін білу өте-мөте маңызды.
Мектепке беру — баланың қандай жаста бірінші сыныпқа келетініне қарамастан, оның өміріндегі бетбұрысты сәт. Қоғамдық карым-қатынас жүйесінде бала орын алмасады. Мектепке дейінгі балалық шақ ойындарымен, аздаған қоғамдық міндеттерімен қош айтысып, ол мүлдем басқа бір дүние есігін ашады. Мектепке бару дегеніміз — бұл жаңа тұрмыс салты мен жаңа қаракет жағдайына көшу, бұл қоғамдағы жаңа жағдайға бойұсынып, бала мен үлкендер, құрбы-құрдастар арасында жаңа қарым-қатынастың орнауы, осыған орай, оның факторы, яғни баланың дамуы мен өмірін айқындайтын әлеуметтік жағдайлары да өзгереді.
Қоғамдағы жаңа жағдайдың мәні мынада: бала жайдан-жай бала-бақшадан мектепке ауыса салмайды, оның мектепке баруы, мектептегі оқуы міндетті, қоғамдағы мәні бар қызметке айналады. Ол жауапкершілікті сезінеді, яғни бала өзін-өзі басқаша бағалайды, ендігі жерде ол мектеп окушысы. Ал, мектеп оқушысы жасы төмен балаға қамқор болуы тиіс. Демек, баланың ойыны да өзгере бастайды. Бұрын тәрбиеші, сатушы, қуыршақ, машина сияқты ойындар ойнаса, мектепті көрген оқушы ретінде енді өзге балаларға ұстаз ретінде «әріп танытушы апай» ретінде қарап, өзін жоғары ұстайды. Тіпті, «сендермен ойнауға қолым тимейді, сабақ дайындауым керек. жазуым көп» — деп, балаларды өзіне еліктіре түседі.
Қоғамдык қарым-қатынастар жүйесінде орын алмастыру (бала-бақша мен үй жағдайынан мектепке ауысу) баланың психологиялық тұрғыда алғанда сыр бүкпеуіне жол ашады. Мұғалім талаптарын орындауға дайын тұратын сенгіш баланың одан ешбір де жасырын сыры болмайды. Ата-анасына, достарына айтпаған сырды мүғалімінё айтады. Тағы бір ерекшелік — бала бүл жаста сезімтал, ынталы, кабылдау сапасы мен ойлауы біршама дамыған, кеңістік пен уакытты ажырата алатын, тілі дамыған болып келеді. Мұгалім қандай болса, .оқушысы да соңдай дәрежеде болатыны белгілі, яғни оқушы мұғалім айнасы. Сондықтан да, үнемі ізденіп оқушысының ойын дұрыс түсініп, дер кезінде білім нәрін бере алған мұғалімнің ғана болашағына жарқын жол ашылмақ.
Бастауыш сынып оқушыларына іс-әрекеттің үшеуі де: ойын да, еңбек те, оқу да тән. Олар еңбек ету барысында білім жолында жеңіске жетеді, дегенмен ойын бұл жастағы балалар үшін ең маңыздысы.
А.С.Макаренко: «Ойын-балалар өмірінде өте маңызды зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ кайраткер ең алдымен тәрбиені ойын арқылы алады» — деп балалардың ойынын жоғары бағалады.
Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын-айналадағы дүниені танытудың ең негізгі де, тиімді тәсілі. Ойын —- балаларға өмірде кездесетін қиындықтарды мойымастан жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық кабілетін қалыптастырады.
А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» — деп санайды.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оларды оку процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақта алған білімін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді қодданылған ойын элементтері материалды түсіндірудің кезінде берік меңгертуге кездеседі: өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабактан гөрі ойынға ауып тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы әрі сапалы, әрі ыкыласпен орындайды. Ойынға мынадай әдістемелік талаптар койылады:
1.Ойынның максаты: нақты немесе керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге койылуы керек.
2. Ойынға кірісер алдында олардьң жүргізу тәртібі окушыларға әбден түсіндірілгені жөн.
3. Ойынға сыныптағы баланың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.
4.Ойынның жүру барысында мұғалім баланың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардьң ойын үстінде шешім қабылдай білуіне жетелеуі керек.
Адам мәдениетінің компоненті қазіргі дүниетанудағы бастысы екені тусінікті. Әрбір мәдениетгі және тәрбиелі адамның өмір сүріп отырған коғамда өзін қоршаган ортаның қалай құрылғаны туралы ең болмаса жалпылама түсінігі болуы керек. Табиғатты сүю үшін ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай заңдылықтарға байланысты өзгерістер болып отырғанын білу кажет.
Адамның жас ұрпағында жетілдірілмеген ойлау қабілеті сол қалпында қалып коятыны белгілі. Сондықтан қазіргі акпараттық қоғамдағы өмірге балаларды дайындау үшн олардың тек ойлау қабілетін, анализ бен синтез жасау мүмкіндіктерін ғана дамытып қоймай, оқыту процесінің ең маңызды бөлшегі -ақпараттық мәдениет элементтерін бойларына сіңіріп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмір сүретін адам бастауыш мектептің өзінде-ақ өзін-өзі шектей білетш негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс.
Осыған орай бастауыш сыныпта "Ақпараттык мәдениет негіздері» пәнін енгізу мынадай мақсаттарды көздейді:
• сезімді ынталандыру;
• білім, білік дағдыларын дамьпуға қызығушылығын арттыру;
• жауапкершігі мен міндеттерін қалыптастыру:
• есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
• логикалық жәнс ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту.
Акпараттық мәдениет негіздері курсын оқытудың негізгі нәтижелері дегеніміз оқутьшың төмендегідей қасиеттерін жетілдіру болып саналады:
• ақпараттыкқ обьектілерді мұғалім ұсынган мәтіндік, бейнелік және ақпаратгың жиыны ішінен іздеп табу;
• мұғалімнің жетекшілік етуімен кез келген объектілер мен процестерді байқау, тіркеу, сипаттау және өлшеу жүргізу;
«ақпараттық объектілерді тікелей қабылдау, түсінік беру, таңдап алу және бағалау, бір-бірімен байланысын аныктау;
• қойылған талапқа сай объект мысалын тұрғызу.
Мұндай қасиеттерді оқушы бойына қалыптастыру жас баланың ақыл-ойының дамуы мен әлеуметгік даярлығы үшін өте кажет.
Компьютерді оқыту және бакылау процесінде пайдалану кезіндегі негізгі әдістемелік принцип оның қалыпты оқыту және бақылау тәсілдерімен үйлесімділігі болып саналады, Сондықтан сабақты жоспарлау барысында осындай программаларды бұрынғы оқыту құралдарымен тиімді түрде араластырып пайдалану қажег. Компыотерлік программалардың өзі оқушыға керекті мәліметтерді беріп, белгілі бір кезекпен оның орындайтын тапсырмаларын анықтап, дұрыс шығарылғанын тексеріп, қажетті көмекті де беріп отырады. Мұнда оқыту ісі мұгалімнің қатысуынсыз интеракгавті режимле жүргізіледі, оқытушы тек программада қарастырылмаган жағдайлар кездескенде ғана көмек бере алады.
Осы айтылғандарды негізге ала отырып, бастауыш сыныпта ақпаратгық мәдениетгі қалыптастыруда "Ақпарат" оку бағдарламасын жасалды. Онда мынадай тақырыптар қарастырылған:
1. Жалпыдан жекеге өту;
2. Жекеден жалпыға өту;
3. Негізгі қасиетін белгілеу;
4. Образдық ойлау.
Жалпыдан жекеге өту тақырыбында үш сурет берілген. Оның ішінен белгілі бір нысанды айырып айту керек болады. Мұндағы мақсат нысанды топтарға бөліп, оларды белгілеріне қарай ажырата, жіктей білу. Нысанды пайдалана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Әр сұраққа дұрыс жауап бермесе келесі сұраққа өтпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |