Кезеңдер
|
Жаттығулардың негізгі тақырыбы
|
Сұрақ түрлері
|
Ретке келтіру
|
Оқушыларға тақырыппен танысуға мүмкіндік беру.
· Тақырып бойынша оқушыларды қызықтыратын мәселелерді анықтау.
|
Тақырып қандай? Неліктен осы тақырыпты зерттеу қажет?
|
Зерттеуге дайындық
|
Оқушыларға осы тақырып бойынша бұрыннан белгілі нәрселерді анықтау.
· Оқушыларға жұмыс істеу бағыты мен нысанын белгілеу.
· Тақырып бойынша орындау керек жұмыстар мен жаттығуларды жоспарлауға көмектесу.
|
Біз бұл тақырып туралы не білеміз? Осы тақырыпқа қатысты не ойлайсыңдар? Бұған тағы кім көз жеткізді? Сен не ойлайсың?
|
Зерттеу
|
Оқушылардың білімге қызығушылығын одан әрі ынталандыру.
· Бұған дейін қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін жаңа ақпарат ұсыну. Біздің нақты нені білгіміз келеді? Бұны істеудің ең үздік жолы қандай?
· Болашақта зерделеу үшін басқа да сұрақтар ұсыну.
Оқушылардың білімін, құндылықтары мен түсініктерін тексеру.
· Оқушылардың алдағы уақытта орындалатын жаттығулар мен жүргізілетін жұмыстарды түсінуіне көмектесу.
|
Біздің нақты нені білгіміз келеді? Бұны істеудің ең үздік жолы қандай? Ақпаратты қалай жинаймыз?
|
Сұрыптау
|
Оқушыларға «зерттеу» кезеңінде анықталған ақпарат пен идеяларды сұрыптау мен таныстырудың нақты тәсілдерін ұсыну.
· Оқушылардың жинақталған ақпаратты өңдеуіне және әртүрлі тәсілдермен таныстыруына мүмкіндік беру.
· Нәтижелердің кең ауқымды болуына мүмкіндік беру.
|
Ақпаратты қалай сұрыптай аламыз? Қандай байланыс орната аламыз? Ақпарат нақты, құнды және пайдалануға тұратынына қалай көз жеткізе аламыз?
|
Алға ілгерілеу
|
Тақырып аясын кеңейтіп, оқушылардың тақырыпты түсінгенін тексеру.
· Оқушыларға қолжетімді түсініктер аясын кеңейту үшін көбірек ақпарат ұсыну.
|
Біз қандай қорытындыға келдік? Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз? Нәтижелермен не істейміз? Біз қандай шара қабылдай аламыз?
|
Байланыс орнату
|
Оқушылардың не үйренгені туралы қорытынды жасауға көмектесу.
· Оқу үдерісінің барысы туралы және не үйренгені туралы рефлексия жасауға мүмкіндік беру.
|
Біз қандай қорытындыға келдік? Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз? Нәтижелермен не істейміз?
|
Шара қабылдау
|
Оқушыларға өздерінің түсінігі мен өмірлік тәжірибесінің арасында байланыс орнатуға көмектесу.
· Оқушылардың таңдау жасауына және өзінің қоғамның табысты мүшесі бола алатындығына сенімін арттыруға мүмкіндік жасау.
· Тақырыпты одан әрі жоспарлау барысында оқушылардың түсінігін ескеру.
|
Біз қандай шара қабылдай аламыз? Тақырып туралы енді не ойлайсыз?
|