1. Бастауыштың қай сөз табынан болғандығын көрсетіңіз. Қорқақ бұрын жұдырықтар



Дата11.06.2016
өлшемі227 Kb.
#128327


Қазақ тілі


1. Бастауыштың қай сөз табынан болғандығын көрсетіңіз.

Қорқақ бұрын жұдырықтар.

A) Үстеуден.

B) Сан есімнен.

C) Зат есімнен.

D) Сын есімнен.

E) Есімдіктен.





2. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.

A) -Ой, Бәтес, мұның не?

B) -Келістік қой?

C) -Айтқан өзің шығарсың?

D) -Әйел?-деді Қалима.

E) -Тоңып қалғанбысың?





3. Қосарлы айқындауыш қатысқан сөйлем

A) Бұл істі істеген-мен, Базаралымын!

B) Ылғалды жерлерде шөп қалың өседі.

C) Қос аққу бізге қарай жүзіп келеді.

D) Олар ешқайда кетпейді, біржола бауыр басады.

E) Жақия ақсақалмен дойбы ойнайын деп едім.





4. Оқшау сөзге қатысты тыныс белгісі дұрыс қойылмаған қатар.

A) Бәсе, солай боларын біліп едім.

B) Шырағым, арзан – өтірік, қымбат – шындық, даусыз – кәрілік емес пе?

C) Деректерге сүйенсек, сол топтың ішінде Ағыбай батыр да бар еді.

D) Ақсақал сіз елде жоқ қолқа салып отырсыз.

E) Сол жылы Меккеге Құнанбай да барады.





5. Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Ауылда жаңаға, жақсыға ұмтылу етек ала бастады.

B) Сәрсен ертең жұмысқа келмейтіндігін ескертті.

C) Қазақта: «Көзден таса – көңілден болады ұмыт» деген нақыл сөз бар.

D) Ат жүйрігі – асқа, тіл – жүйрігі басқа.

E) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле, Құдайдай құрметте!





6. Төл сөзі автор сөзінен кейін тұрған сөйлемді табыңыз.

A) – Дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап тұр екен, датыңды айтшы!-дейді хан.

B) Шешеннің парызы – шындықты айту.

C) «Абай – ақындардың пайғамбары», - деген Жамбыл ақын.

D) «Ойың өрелі болса, сөзің төрелі болады» дейді халық мақалы.

E) Конфуций айтқан: «Сөздердің мәнділігі – мәңгілігі».





7. Тұрақты тіркестен болған мүше

A) Жалаң мүше.

B) Жалқы мүше.

C) Күрделі мүше.

D) Дара мүше.

E) Үйірлі мүше.





8. Оңашаланған айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Ас піскенше Барлас ақын «Қобыланды батыр» жырын жырлады.

B) Жаза айтылған бір сөзбен жүректі жаралауға болады.

C) Үлкен ұлы, Асаны, еңбекқор азамат еді.

D) Қазақ халқы – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық.

E) Ата-бабаларымыз сөз өнерін аса қатты дәріптеген, бағалаған.





9. Негізгі сұрақты сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

A) - Сиқыр дүние? Тозақ дүние? Тұзақ дүние?

B) - Атым - Қайырғали, өзіңнің атың ше?

C) Сен осы ауылдың баласы шығарсың?

D) Анау келе жатқан Жақып па, Әсет пе?

E) Сендер ертеңнен кірісіңдер. Ертеңнен?





10. Сабақтастың қай түрі екендігін анықтаңыз.

Ұйықтасын деп бөбегім,

Домбыраның қос ішегін

Жамбыл бабаң қағады.

A) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

B) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

C) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

D) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

E) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.





11. Салалас құрмалас сөйлем.

A) Қуанғаннан алақайлап, барақ үйге жүгіріп кіріп кетті.

B) Әнді тыңдап отырып, сол әнді шығарған адамды көріп отырғандай боласың.

C) Екеуі де ойға шомып, үнсіз келе жатты.

D) Айнала аппақ көрпе жамылған, ол да бір әдемі сурет сияқты еді.

E) Уақыт болса зымырап, өткен күндер алыстап барады.





12. Мезгіл мәнді білдіретін атаулы сөйлем

A) Қазан айы. Түнерген кеш. Баяу ескен қоңыр жел.

B) Торғай. Егін. Шалғын

C) Дала. Егін даласы. Егін даласы рақат құшағында.

D) Айнала аппақ жер, қалың қар.

E) Міне, дала көрінеді. Бұл – егін даласы.





13. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

A) Шіркін, Көкшетау. Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен.

B) -Шіркін, Көкшетау, Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен?

C) -Шіркін, Көкшетау? Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен...

D) -Шіркін, Көкшетау! Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен!?

E) Шіркін Көкшетау! Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен!





14. Сілтеу есімдіктері мен сілтеу сөздері арқылы жасалатын салалас түрі.

A) Себеп-салдар

B) Ыңғайлас

C) Түсіндірмелі

D) Қарсылықты

E) Кезектес





15. Пышақ қанша өткір болғанмен, өз сабын жона алмайды.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін табыңыз.

A) Қимыл-сын

B) Қарсылықты

C) Шартты

D) Мақсат

E) Мезгіл





16. Есімдіктен болған дара баяндауышы бар сөйлем

A) Қартайған кезде өмірді жылытатын от - бала.

B) Көз - адамның ішкі сезімінің айнасы.

C) Бұл -Байжанның талай келген үйі.

D) Адамның ішкі сезімінің айнасы - көз.

E) Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі - осы.





17. Дара анықтауыш қатысқан сөйлем

A) Жап-жасыл көл бетінде жүзген аққу.

B) Суы тұп-тұнық, мөп-мөлдір.

C) Ұзын бойлы адам төрге шықты.

D) Мына қыз мені сүріндірді.

E) Айнадай жалтыраған көлге бет бұрды.





18. Әке-шешеңді қуантсаң, мен де қуанамын.

Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшенің түрін анықтаңыз.

A) Күрделі пысықтауыш

B) Дара толықтауыш.

C) Күрделі толықтауыш

D) Күрделі анықтауыш

E) Дара пысықтауыш





19. Күрделі пысықтауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Балаға байқап сөйлесең, ақылыңа көнер.

B) Ауыл шетінде ұста дүкені бар.

C) Қыста арбаңды сайла, жазда шанаңды сайла.

D) Сізге мені әдейі жіберді.

E) Жалқаудың ертеңі бітпес.





20. Күрделі бастауыш қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Қайырымдылық дегеніміз – айналасындағы адамдарға ізгілікті іс жасау.

B) Осындай өжет жастарды Есеней қатты қатты ұнататын еді.

C) Тұман ауырлап, қоюлана түскендей.

D) Бүгінгі Астананың балауса орманы бой түзеп келеді.

E) Кей күні бауырсақтай-бауырсақтай өткінші бұршақтар жауып өте шығатыны бар.



Қазақ тілі пәнінен сынақ аяқталды

Физика


1. Жылулық тепе-теңдік баланс теңдеуі ... негізінде жазылады

A) энергияның сақталу заңы

B) инерция

C) бүкіл әлемдік тартылыс заңы

D) импульстің сақталу заңы

E) электр зарядының сақталу заңы





2. Ток күшінің формуласы

A) 

B) 

C) 

D) 

E) 






3. Электр тогының қуатын сақтап, ток күші мен кернеуді түрлендіретін құрылғы

A) электр қозғалтқыш

B) трансформатор

C) конденсатор

D) тербелмелі контур

E) генератор





4. Электромагниттік индукция құбылысын ашқан ғалым

A) Ньютон

B) Лоренц

C) Галилей

D) Ампер

E) Фарадей





5. Массалары 50 кг және 20 кг екі бала мұз айдынында конькимен тұр. Олардың біреуі екіншісінен 0,01 кН күшпен кері тебіледі. Сонда балалардың әрқайсысының үдеуі

A) 0,2 м/с2, 0,5 м/с2

B) 0,32 м/с2 , 0,5 м/с2

C) 0,25 м/с2, 0,3 м/с2

D) 0,22 м/с2, 0,2 м/с2

E) 0,24 м/с2, 0,3 м/с2





6. Марстың массасы 6кг, оның радиусы 3 300 км. Дененің Марс бетіндегі еркін түсу үдеуі (G=6,67∙10-11 Н∙м2/кг2)

A) 4,7 м/с2

B) 5,7 м/с2

C) 9,8 м/с2

D) 7,9 м/с2

E) 3,7 м/с2





7. Ат арбаны 500 Н күшпен тартқан кезде, арба атты кері бағытта тартатын күш модулі

A) 500 Н

B) 400 Н

C) 300 Н

D) 100 Н

E) 200 Н





8. Инерция құбылысын ашқан

A) Ломоносов

B) Галилей

C) Коперник

D) Архимед

E) Ньютон





9. Цельсий шкаласы бойынша температура -73 0С. Абсолюттік шкала бойынша осы температура

A) 197 К

B) 100 К

C) 273 К

D) 297 К

E) 200 К





10. 100 0С температурадағы массасы 200 г су буын 20 0С температурадағы суға айналдыру үшін қоршаған ортаға бөліп шығаратын жылу мөлшері

су=4200 Дж/кг∙ºС, rсу = 2,3∙106 Дж/кг)

A) 52,7 кДж

B) 0,527 кДж

C) 5,27 МДж

D) 527 МДж

E) 0,527 МДж





11. 30 В кернеуде ток күші 5 А болса, өткізгіштің кедергісі

A) 20 Ом

B) 10 Ом

C) 5 Ом

D) 6 Ом

E) 150 Ом





12. Алюминий ерітіндісінен 5 сағ ішінде 2 А токты өткізеді. Электродта бөлінген алюминийдің массасы (k=9,32·10-8 кг/Кл)

A) ≈9 г

B) ≈4,45 г

C) ≈5,66 г

D) ≈11,5 г

E) ≈3,36 г





13. Жарық Күннен Жерге жететін уақыт (с=3∙108 м/с, S=150 млн.км)

A) 11 мин.

B) 8,3 мин.

C) 1,9 мин.

D) 18 мин.

E) 4 мин.





14. Қос дөңес линзаның көмегімен нәрсенің жалған кескіні алынған. Төмендегі формулалардың қайсысы осы жағдайға сәйкес келеді

A)

B)

C)

D)

E)





15. Массалары бірдей екі дененің арасындағы өзара тартылу күші 1 мкН, ал олардың ара қашықтығы 20 см болса, денелердің массалары (G=6,67∙10-11 Н∙м2/кг2)

A) ≈2 кг

B) ≈10 кг

C) ≈18 кг

D) ≈24 кг

E) ≈5 кг





16. Әрқайсысының массасы 50000 т екі кеме бір-бірінен 1 км қашықтықта тұр. Олардың тартылыс күші (G=6,67∙10-11 Н∙м2/кг2)

A) 0,17 Н.

B) 15 кН.

C) 0,17 кН.

D) 0,27 Н.

E) 17 Н.





17. Денеге басқа денелер әсер етпегенде дене тыныштықта болады немесе

A) түзу сызықты бірқалыпты қозғалады

B) қисық сызықты үдемелі қозғалады

C) түзу сызықты кемімелі қозғалады

D) қисық сызықты бірқалыпты қозғалады

E) түзу сызықты үдемелі қозғалады





18. 5 кН тарту күші әрекетінен 2 м/с2 үдеуімен қозғалатын автомобильдің массасы (кедергі күші 800 Н)

A) 3,6 т

B) 5 т

C) 2,1 т

D) 3 т

E) 1,5 т





19. Жер радиусы 150 млн км болатын шеңбер бойымен Күнді айнала қозғалады. Күннің массасын 2 кг-ға тең, Жердің орбитадағы жылдамдығы (G=6,67∙10-11 Н∙м2/кг2)

A) 6 м/с

B) 5 м/с

C) 5 м/с

D) 3 м/с

E) 3 м/с





20. Массасы 2 т автомобиль орыннан 2,5 кН тарту күш әрекетінен қозғалады. Егер автомобильге әрекет ететін кедергі күші 500 Н болса, автомобильдің үдеуі

A) 1 м/с2

B) 2 м/с2

C) 0,5 м/с2

D) 0,2 м/с2

E) 0,1 м/с2



Физика пәнінен сынақ аяқталды

Қазақстан тарихы


1. Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл:

A) 1846 жылы

B) 1847 жылы

C) 1848 жылы

D) 1845 жылы

E) 1849 жылы





2. 1914-1918 жылдардағы Ресей үшін Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі рөлі осы оқиғаға байланысты күшейді:

A) Ұлы Отан соғысы

B) Әскери коммунизм

C) Аграрлық реформа

D) Бірінші дүниежүзілік соғыс

E) Буржуазиялық демократиялық революция





3. Түркістан автономиясындағы мемлекеттік дін:

A) Буддизм

B) Христиан

C) Ислам

D) Католик

E) Иудаизм





4. 1917 жылы тыл жұмысына алынғандардың «Жас арбакештер одағы» құрылған қала:

A) Верный

B) Петропавл

C) Мерке

D) Ақмола

E) Сергиополь





5. Қазақстанда кеңестер билігі ең алғаш орнаған қала:

A) Павлодар

B) Әулиеата

C) Ақмола

D) Перовск

E) Орынбор





6. Е.Пугачев көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып, басып алған бекініс

A) Тройцк

B) Жайық

C) Петропавл

D) Пресногорьковск

E) Кулагин





7. Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері

A) Барлық үш жүз

B) Кіші және Орта жүз

C) Ұлы және Кіші жүз

D) Орта және Ұлы жүз

E) Тек Кіші жүз





8. Орынборда Шекаралық сот құрылды:

A) 1786 ж.

B) 1789 ж.

C) 1791 ж.

D) 1775 ж.

E) 1749 ж.





9. 1837 жылы хан сарайын қоршауға алғандағы көтерілісшілердің саны

A) 5 мың

B) 10 мың

C) 2 мың

D) 7 мың

E) 3 мың





10. Верный бекінісі бой көтерген жылы

A) 1854 жыл

B) 1847 жыл

C) 1849 жыл

D) 1859 жыл

E) 1860 жыл





11. 1813 жылы әскери училищелер ашылған қала

A) Омбы

B) Троицк

C) Орынбор

D) Торғай

E) Семей





12. Е.Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны

A) Ералы

B) Досалы

C) Сейдалы

D) Айшуақ

E) Нұралы





13. Кіші жүздің ханы Әбілқайыр орыс үкіметіне елші жіберді:

A) 1736 ж.

B) 1730 ж.

C) 1729 ж.

D) 1731 ж.

E) 1735 ж.





14. Е.Пугачев әскерімен бірге Орынборда қоршауға қатысқан қазақтар саны

A) 350

B) 200

C) 250

D) 50

E) 150





15. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғайдағы соңғы шайқас өткен жер:

A) Тоқмақты қоршауда

B) Доғал-Үрпек түбінде

C) Орынбор бекінісін құлатуда

D) Қарақара жәрмеңкесін қоршауда

E) Торғайды қоршау кезінде





16. 1918 жылы наурызда Торғай облыстық Кеңестер сьезінің қаулысымен жабылған газет:

A) «Бірлік»

B) «Алаш туы»

C) «Қазақ»

D) «Алаш»

E) «Айқап»





17. Жаңа экономикалық саясат жылдарында дамытуға көбірек көңіл бөлінген ауыр өнеркәсіп түрі:

A) Түсті металлургия өнеркәсібі

B) Энергетика өнеркәсібі

C) Машина жасау өнеркәсібі

D) Мұнай өндеу өнеркәсібі

E) Химия өнеркәсібі





18. Азамат соғысы кезінде Солтүстік Жетісу жерінде ерекше қаталдық көрсеткен атаман:

A) Б.Анненков

B) Н.Юденич

C) М.Фрунзе

D) А.Колчак

E) А.Дутов





19. Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығының уақыты:

A) 1933-1937 жж.

B) 1925-1929 жж.

C) 1935-1939 жж.

D) 1922-1927 жж.

E) 1928-1932 жж.





20. 1925-1933 жылдары Қазақстанда билік құрды:

A) Ф.И.Голощекин

B) Л.И.Мирзоян

C) О.Исаев

D) Л.Ерназаров

E) Л.Лукашев



Қазақстан тарихы пәнінен сынақ аяқталды


3


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет