Атауы:
Эндометрий полипі немесе істік ұшты кондилома түзілетін өнімдік қабыну.
Жіктелуі: Пролиферациялық қабыну-полип түзетін қабыну
Сипаттамасы:
Жатыр мөлшері ұлғайған ,айқын шекаралары бар, бездік эпителий мен
астындағы дәнекер тіндік жасушалар бірге көбейіп , ұсақ бүрлер мен ірі құрылым полип
түзілген.
Жатыр қабырғасы қалыңдаған, қуысы кеңейген, эндометрийдің кең негізінде
оның түбінде полиптер көрінеді: бұл бірнеше миллиметрден 3 см-ге дейінгі кішкентай
түйіндер, көп жағдайда олар диаметрі 1 см-ден аспайды. Консистенциясы эластикалық,
беткейі тегіс.Полиптер бір немесе бірнеше болуы мүмкін.
Олар сарғыш кішкентай
цилиндрлерге ұқсайды. Олардың жұқа қабығы арқылы тамырлар айқын көрінеді. Көлемі
шағын,жұмсақ,өсінділері саусақ тәрізді.
Даму механизмі: Қабынудың бұл түрінде бездік эпителий мен оның астындағы дәнекер
тіндік жасушалар бірге көбейіп, көптеген ұсақ бүрлер мен ірі құрылым, яғни
полип
түзіледі.
Себебі:
биологиялық (микроб, жануарлық паразит)
физикалық (радиация)
химиялық (дәрі-дәрмек)
иммунпатологиялық үдерістің (иммундық қабыну)
эндометрий гиперплазиясы