Генетика пәні; тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеудің негізгі аспектілері



бет1/39
Дата04.05.2023
өлшемі461.52 Kb.
#473206
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Генетика п ні; т ым уалаушылы пен згергіштікті зерттеуді не





  1. Генетика пәні; тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеудің негізгі аспектілері.

Генетика барлық тірі организмдерге тән негізгі екі қасиеті - тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік ті зерттейтін биология ғылымының басты бір саласы.
Тұқым қуалау – тірі организмдердің аса маңызды ерекшеліктерінің қатарына жатады. Тұқым қуалаушылық деп – ата-аналарымен олардың арғы тектері белгілерінің ұрпақтарына берілуін және ұрпақ пен ұрпақтың арасындағы жалғастықты қамтамасыз ететін қасиетті атайды.
Өзгергіштік деп – организмнің бойындағы белгілер мен қасиеттердің әртүрлі фактордың әсерлерінен өзгеруін айтады. Соған байланысты организмде жаңа белгілер, қасиеттер пайда болады немесе бұрынғылары өзгеріп, кейде тіпті жойылып та кетеді.
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне қарама-қайшы, сөйте тұра өзара тығыз байланысты процестер. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы ілім жер бетіндегі тіршіліктің пайда болу заңдылықтарын терең де толық зерттеуге мүмкіндік береді.

  1. Генетика және оның жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны (феноменология, әдіснама, праксиология).

Генетика және медицина. Тұкым қуалаудың заңдылықтары барлық тірі организмдерге, оның ішінде адамға да ортақ. Адамнын көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сөйкес жүреді. Адамның тұқым куалайтын ауруларының саны 4 мыңга жуык. Бұл аурулар адам жасушасындағы хромосомалар санының, құрамының, құрылысының өзгеруіне немесе гендердің өзгеруіне байланысты. Тұкьгм қуалайтын және туа пайда болатын аурулардың шығу себептерін анықтау, олардың алдын алу және болдырмау, емдеудің жолын қарастыру мәселелерімен медициналық генетика айналысады.
Генетика және экология. Адам өз тіршілігінде қоршаған орта және оның құрамды элементтерімен (өлі табиғат пен тірі организмдер) өзара тығыз байланыста болады. Экологияда болып жатқан алуан түрлі өзгерістер тірі организмдерге қандай жолмен болмасын "сер етеді. Олардың тұқым куалаушылық қасиетіне жаңа өзгерістер туғызуы мүмкін. Қоршаған ортаға таралған зиянды заттар адамның дене, жыныс жасушаларындағы мутацияны көбейтеді. Адамда көптеген жазылмайтын жаралардың, болашақ ұрпақтарда тұкым қуалайтын аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Сонымен экологиялық мәселелерді шешуде генетиканың жаңа бір саласы ретінде экологиялық генетика пайда болды. Қазір Республика аумағындағы қоршаған орта және жеке аудандардың зиянды заттармен ластануына байланысты экологиялық-генетикалық бақылау жасау жұмысын ұйымдастыру мәселесі қойылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет