1 Бекет «Гипертензиялық криз, асқынбаған. Дәрігерлік көмек»


«Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету алгоритмі»



бет2/4
Дата12.05.2024
өлшемі47.47 Kb.
#500938
1   2   3   4
чек парақтар қаз АА 6 курс (копия)

«Анафилактикалық шок кезінде медициналық көмек көрсету алгоритмі»





Қадамдар - Әр қадамды бағалау критерилері

Балл бойынша бағалау

Дұрыс, кезеңімен



Дұрыс, кезеңімен емес

Қате, кезеңсіз

1

Науқасты Тренделенбург қалпына жатқызу
Ауаны және/немесе оттегіні жеткіліктілікті қамтамасыз ету
Көлденеңінен жатқызу.Аяқ жағын (ұшын) аздап жоғары көтеру.Басын бүйірге бұру.Төменгі жақты тарту
Терезені ашу немесе оттегінің берілуін қамтамасыз ету. Оттегі бетперде, мұрын катетері немесе спонтанды тыныс алуды сақтау және естен тану кезінде орнатылатын ауа-су түтігі арқылы түседі.

2,0

1,0

0

2

Организмге аллергендердің түсуін тоқтату
Тамырішілік қолжетімділікті қамтамасыз ету. Дәрілік затты енгізуді тоқтату, жәндік тілін жою және т. б. Дәрі-дәрмекті енгізу немесе шаққан орыннан жоғарырақ жерге мүмкіндігінше жгут қою.Перифериялық тамырды катетеризациялау

2,0

1,0

0

3

Тіршілік (витальды) тынысын бақылау. Пульс, тыныс алу қозғалысының жиілігін, АҚ бақылау. Мүмкіндік болмаған жағдайда мониторды қосып, АҚ өлшеп, қолмен пульсты әр 2-5 минут сайын қарап, оксигенация деңгейін бақылау.

2,0

1,0

0

4

Тамыр тарылту терапиясы.
б/е 0,3-0,5 мл адреналин (0,01 мл/кг салмаққа, максимум – 0,5 мл) енгізу, қажетілігіне қарай эпинефрин енгізу, оны 5-15 минуттан соң қайталауға болады.
Тиімсіз болған жағдайда:
0,1 % немесе 0,18% адреналин ерітіндісін 0,3 - 0,5 мл тамырішілік енгізу. 1,0 мл асырмай 5-20 минут аралығында бөліктеп салу. АҚ, ЖЖЖ және артық дозалану белгілерін қадағалауда ұстау.

2,0

1,0

0

5

АҚ жоғарылату мақсатында прессорлық аминдер енгізу
(көрсетілгендердің біреуі) т/і тамшылатып:
- инфузия 4-8 мкг/мин жылдамдығымен АҚ тұрақтануына дейін 500 мл 5% глюкоза ерітіндісін немесе 0,9% хлорид натрий ерітіндісімен араластыра отырып, норэпинефрин - 2-4 мг (1-2 мл 0,2% ерітіндісі);
- бастапқы 2-20 мкг/кг/мин жылдамдықпен енгізе отырып, 500 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен немесе 5% глюкозы ерітіндісімен араластырып допамин (т/і тамшылатып) - 400 мг, систолалық қысым 90 мм рт.ст. артық болуы үшін доза титрлете отырып жасалады. Анафилаксияның ауыр жағдайларында доза 50 мкг/кг/мин дейін және одан да артырылуы мүмкін.

2,0

1,0

0

6

Инфузиялық терапия
(көрсетілгендердің біреуі) (гиповолемияны жою мақсатында) (коллоидті және кристаллоидті ерітінді):
• декстран, орташа молекулалық масса 35000-45000 Дальтон;
• 0,9% натрий хлорид ерітіндісі (немесе басқа изотониялық ерітінділер), 1-2 литр (5-10 мл/кг алғашқы 5-10 минут).

2,0

1,0

0

7

Гормональды терапия (көрсетілгендердің біреуі)
Бастапқы дозада:
• дексаметазон 8-32 мг т/і тамшылату;
• преднизолон 90-120 мг т/і құю;
• метилпреднизолон 50-120 мг т/і құю;
• бетаметазон 8-32 мг т/і тамшылату;

2,0

1,0

0

8

Бронх терапиясы (көрсетілгендердің біреуі)
Эпинефриннің енгізілуіне қарамастан, сақталып тұрған бронхобструктивтік синдром кезінде:
• аминофиллин
- тамырішілік баяу 5-6 мг/кг 2,4% сұйықтықты 20 мин көлемінде құю;
- бір сағат көлемінде тамырішілік тамшылата отырып 0,2-0,9 мг/кг (брохоспазм басылғанға дейін).
Ингаляциялық терапия:
• 2,5 мг/2,5 мл сальбутамол ерітіндісі (небулайзер арқылы);
• ылғалданған оттегі (SpO2 қадағалауға ала отырып).

2,0

1,0

0

9

Антигистаминді дәрі-дәрмек енгізу (көрсетілгендердің біреуі)
Гемодинамиканың толық тұрақтануы мен көрсетілімдер болған кезде ғана Н-1 гистаминді рецепторлар блокаторлары пайдаланылады.
- тамырішілік немесе бұлшықетке клемастин 0,1%-2 мл (2 мг) енгізу;
- тамырішілік немесе бұлшықетке хлоропирамин гидрохлорид 0,2% енгізу;
- 25-50 мг дифенгидрамин енгізу.

2,0

1,0

0

10

Шұғыл ауруханаға жатқызу (госпитализация): интенсивті терапия мен реанимация бөліміне жатқызуға жолдау

2,0

1,0

0




Барлығы:










Максималды балл -20




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет