1 билет Альцгеймер ауруы



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата20.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#478087
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Патфиз рк 6 глоссарий, есеп

 
Есептің жауабы; 
Жіті бласттық лейкоз
10 билет 
1. Пресенелиндер 1, 2 (РS1 және PS2) (лат. prae - алдында + senilis - қарттық) – 
мембраналық нәруыз АРР-ға қатысты секретаза қызметін атқаратын және олардың 
ß-амилоид деңгейіне дейін процессингін іске асыратын мембраналық нәруыздар. 
Пресенелиндердің гендеріндегі мутациялар ßамилоидтың ұзарған түрлерінің 
түзілуін қамтамасыз етеді, ұзарған пептидтердің агрегациясы, қысқа түрлеріне 
қарағанда тез жүреді. Салдарынан перинейрондық сенильді түйіндер пайда болады.
 
2. Глутамат (лат. glut - желім + ағылш. ammonia – аммиак) – ОНЖ барлық 
бөлімдерінде кездесетін, мидағы негізгі қоздырушы нейротрансмиттер, ол 
постсинапстық рецепторларды стимуляциялайды (NMDA, AMPA, kainate). Мидың 


ишемиясы кезінде жасуша сыртылық кеңістікте глутамат мөлшерінің көбеюі 
байқалады, олар глутаматты рецепторларды әсіресе NMDA шамадан артық 
қоздырады. Салдарынан жасушаға кальцийдің енуі күшейеді де оның өлімі 
байқалады (глутаматтың эксайтуыттылығы). Синапстарда глутаматтың 
концентрациясы 1 мМоль асып кетсе апоптоз процесі іске қосылады.
 
3. Менингококцемия
 
(грек. meninx - ми қабығы + kokkos – дән + haima - қан) - 
менингококтық инфекциялардың генерализацияланған (жайылымды) түрі, 
менингококтардың басым өлімімен, бактериемиямен және жіті септицемия 
көріністерінің туындауымен, инфекциялық - уытты шок және 
тромбогеморрагиялық синдром дамуымен сипатталады. 
 
4. Антиноцицепциялық жүйе (ауырсынуға қарсы жүйе)
(лат. anti – қарсы + посеге 
- зақымдау + сереге - қабылдау) - ноцицепциялық жүйе құрылымдарының қызметін 
бақылайтын және ауыру сезімінің басылуын қамтамасыз ететін жүйе. Негізгі 
компоненттері: нейрондық және гормондық опиатты анальгезиялық жүйелер, 
сонымен қатар опиатты емес нейрондық және гормондық анальгезиялық жүйелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет