1 билет Альцгеймер ауруы



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата20.09.2023
өлшемі0.65 Mb.
#478087
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Патфиз рк 6 глоссарий, есеп

4. Эпилепсиялык статус (лат. status - жағдай) - эпилепсиялық ұстамалар бірінің 
артынан бірі қайталанатын (әдетте 30 минуттан асады), және арасында науқастың 
сана – сезімі толығынан қалпына келмейтін жағдай. Эпистатустың негізінде 


(немесе үзілісті, бірақ жиі қайталанатын) бас миы нейрондарының үзіліссіз 
пароксизмалық электрлік белсенділігі жатыр 
5. Нейрофибриллярлы шумақтар (грек. neuron - нерв + лат. fibra - талшық) - 
гиперфосфорланған нәруыз – тау-протеиннің агрегаттарынан құралған нейрон 
ішілік өрімдер. Нейрофибриллярлы шумақтар түзілгенде нейрондардың 
транспорттық жүйесінің коллапсы және микротүтікшелердің дезинтеграциясы 
туындайды. Нейрофибриллярлы шумақтардың пайда болуы Альцгеймер ауруына 
және басқа таупатиялар тобына жататын нейродегенеративті ауруларға тән.
 
Есеп: 
 Темірге қаныққан сидероахрезиялық анемия
8 билет 
1. Ауыр миастения (Myasthenia gravis) (грек. myos - бұлшықет + asthenia - 
әлсіздік) - аутоиммунды нерв-бұлшықеттік ауру, әртүрлі көлденең-жолақты 
бұлшықеттердің патологиялық шаршауымен және әлсізденуімен (салдануға дейін) 
байқалады. Бұл ауру кезінде постсинапстық мембрананың холинорецепторлары 
зардапталады, ал нерв-бұлшықеттік тасымалданудың патологиялары 
холинорецепторлардың а-суббірліктеріне қарсы антидене түзілуінің салдарынан 
дамиды. 
2.  Приондык нейродегенеративті аурулар
 
(трансмиссивтік спонгиоформды 
энцефалопатиялар) (ағылш. proteinaceous infectious particles - нәруыздық 
жұқпалы бөліктер) – адамдар мен жануарларда кеуекті (губкалы) энцефалопатия 
дамуымен сипатталатын нейродегенеративті аурулар тобы. Бұл ауру ОЖЖ, 
бұлшықеттік, лимфалық және басқа жүйелердің қайтымсыз зақымдануымен, 
пациенттің міндетті түрде өлімімен сипатталады. Ауру ақыл-естің және физикалық 
қабілеттің деградациясына алып келеді. Осы топқа жататын аурулардың 
қоздырғышы, приондық протеин (РrР) - прионның мутацияға ұшыраған түрі болып 
есептеледі. Тасымалдану механизмі – көбіне нәжіспен-ауыз арқылы таралады. 
Приондардың жасушаларға әсер етуінің негізгі механизмінің салдары - 
нейрондардың вакуолизациялануы және өлімі болып табылады, сондықтан ми 
кеуектеніп губка тәрізді болып көрінеді (спонгиоформды өзгерістер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет