1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


билет 1.Жасуша орталығы. Пероксисомалар



бет36/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79
шпор цитооо

16 билет
1.Жасуша орталығы. Пероксисомалар.
Жасуша орталығы (клеточный центр) — адам мен жануарлардың барлық және кейбір өсімдік жасушаларында болатын, жасушалардың митоздық бөлінуін қамтамасыз ететін органелла.[1]
Көптеген жануарлар жасушасы ядроның жанында орналасқан микротүтікшелер ұйымынан (центросомадан) тұрады Центросома фибриллярлы матрикстен және 2-і центролиден тұрады. Әрқайсысы 9 триплетті микротүтікшелерден тұрады.
Жасуша орталығының негізгі қызметі.
1. Жасушаның бөлінуіне қатысады
2. Цитоқаңқаның тұрақтылығын ұстап тұрады
Жасуша орталығы – цилиндр тәрізді бір-біріне тік бұрыш түзіп орналасатын екі денешік. Бұларды центрольдер деп атайды. Центриоль қабырғасы әрқайсысы үш микротүтікшеден түзілетін 9 топтан тұрады. Ортасындағы осы екі микротүтікшеден түзілген. Бұл органоид жасушаның бөлінуі кезінде, бөліну ұршығын түзеді. Бөліну ұршығы хромосомалардың полюстерге ажырауын қамтамасыз етеді.
Пероксисомалар — көлемдері 0,2 мкм-ден 0,5 мкм-ге дейінгі мөлшердегі мембраналы көпіршіктер. Олар лизосомалар секілді Гольджи аппаратының транс-полюсінен бөлініп шығады. Көпіршіктің мембранасының астында неғұрлым тығыз бөлігі мен перифериялық аймағы болады.
Пероксисомалардың екі түрі бар. Ұсақ пероксисомалар (диаметрі 0,15-0,25 мкм) сүтқоректі жануарлардың (адамның) барлық жасушаларында кездеседі. Олардың құрамынды майда осмиофильді зат болады да, алғашқы лизосомалардан ерекшеленбейді. Диаметрі 0,25 мкм-ден ірі пероксисомалар тек кейбір ұлпаларда (бауыр, бүйрек) ғана кездеседі. Олардың құрамын кристалл тәрізді өзекше түзеді. Оның құрамында қою түрдегі ферменттер болады. Пероксисомалармен қатар басқа да мембраналы, құрамында ферменттері бар, диаметрі 0,5 мкм-нен 10 мкм-ге дейінгі микроденешіктер кездеседі.
Пероксисомада пероксидаза, каталаза және D-аминқышқылдарының оксидазасы ферменттері болады. Пероксидаза жасушаға токсинді әсер ететін сутегі тотығының алмасуларында қатысады. Пероксисомаларда биохимиялық реакциялар үшін молекулярлы оттегі қолданылады. Сондай-ақ пероксисомалар басқа да зиянды заттардың қосылыстарын, мысалы этанолды нейтрализациялауға қатысады. Каталаза пероксисоманың басқа ферменттерінің ішінде барлық ақуыздардың 40% құрайды. Пероксисомалар липидтер, холестерин және пуриндердің алмасуларына қатысады. Пероксисомалардың мембраналары тегіс эндоплазмалық тордан бүршіктеніп бөлініп шығады, ал ферменттері цитозольдің полирибосомаларында синтезделініп, пероксисомаға келіп түседі деген көзқарастар да бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет