1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


Кеп клеткалылардын (Metazoa) негізгі сипаты



бет32/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79
шпор цитооо

2. Кеп клеткалылардын (Metazoa) негізгі сипаты: денесі дифференцияланған көп
клеткалардан және үш ұрық
жапыракшаларынан - эктодерма,
энтодерма,
мезодермадан тұратындығы. Осындай үш
жапыракшалар көп клеткалылардың
ұрығы дамыған кезінде қалыптасады.Ұрыктың дамуы барлық көп клеткалы
жануарларга тән.Ұрықтану кезінде аталық және аналық екі гаметалар қосылып
зиготаны тузейді, содан кейін организмнің жеке дамуы - онтогенезі басталады.
Зигота белшектеніп бір- біріне тыгыз
жанасқан бластомерлер деп аталатын клеткалар тобын құрайды, ал осылардан бластула деген бір қабатты ұрық тузіледі.
Бластула шар тәрізді, ішкі қуысы бластоцель деп аталады, бұл бірінші қуыс.
Бластула түзіліп болғаннан кейін дамудың екінші кезені - гаструляция немесе екі
кабатты урыктың дамуы басталады.
Ұрықтың екінші кабаты, бластула клеткаларының ішкі бластоцель куысына ауысуы нәтижесінде пайда болады.
Гаструляция әр түрлі әдіспен журе алады: инвагинация (бластуланың бір жақ қабыргасы ішкі бластоцель қуысына жиырылу арқылы екінші қабат түзіледі);
иммиграция (бластула қабырғасындагы клеткаларының біразы өз орнынан бластоцель қуысына ауысып, екінші кабатты құрайды); эпиболия т. б. Гаструланың
екі ұрық жапырақшасының біреуі - эктодерма сыртқы қабат, екіншісі -
энтодерма ішкі қабат. Осыдан кейін эктодерма жене
энтодерманын аралығынан клеткалардың үшінші мезодерма қабаты түзіледі де,
мүшелер құрала бастайды.
3.Қанның дамуын гемопоэз (haima – қан, poesis – жасалу) дейді. Қантүзілу немесе гемопоэз — қан жасушаларының түзілу, даму және толық пісіп жетілу процесі, яғни қан жасушаларының адам мен жануарлар организмінде белгілі бір қызмет атқаруға маманданған жасушаларға айналғанға дейін, көпсатылы дамудан өтетін күрделі процес. Омыртқасыз жануарларда қантүзу мүшелерінің жетілмеуіне байланысты қантүзілу негізінен қуыстық сұйықта және қанның өзінде, ал адам мен омыртқалы жануарларда бұл процесс қан жасау мүшелерінде жүреді. Қан тірі ұлпа ретінде ұрықтық кезеңде дамып жетіледі. Ал іштегі төл (нәресте) туғаннан соң, қанда негізінен физиологиялық қалпына келу процесі жүреді. Осыған байланысты қантүзілудің екі түрі ажыратылады. Олар: ұрықтық және туғаннан кейінгі қантүзілу. Ұрықтық қантүзілу — қанның ұлпа ретіндегі даму және қалыптасу процесі. Қан мен қан тамырлары ұрықтың алғашқы даму сатысында ұрық организмінен тыс, сарыуыз қапшығының қабырғасында мезенхимадан қан аралшықтары ретінде қалыптасып дамиды. Аралшықтардың орталығында орналасқан мезенхима жасушалары дөңгеленіп, қан жасушаларының діңгекті клеткаларына айналады.Туғаннан кейінгі қантүзілу процесі сүйектің қызыл кемік майының миелоидты(гр. myelos ми, жілік майы) және тимустың, көкбауырдың, лимфа түйіндері мен лимфа түйін- шіктерінің лимфоидты ұлпаларында жүреді. Туғаннан кейінгі кезеңінде қан жасушалары эмбриондық кезеңде ұрықтың қан жасау мүшелеріне келіп қоныстанған қанның діңгекті жасушаларынан дамиды.. Гемопоэздің екі түрін ажыратады эмбриондық және постэмбриондық.
Эмбриондық гемопоэз қан мен ұлпаның эмбриондық кезеңіндегі түзілуі, ал постэмбриондық гемопоэз қанның физиологиялық регенерациясы. Эритроциттердің түзілуін эритропоэз, гранулоциттердің жетілуін гранулопоэз, тромбоциттердің дамуын тромбоцитозпоэз, моноциттердің түзілуін моноцитозпоэз, лимфоциттердің жасалуын лимфоцитопоэз деп атайды.Ересек организмдерде эритропоэз мына схема бойынша жүреді: гемоцитобласт — проэритробласт, базофильді эритробласт — полихромотофильді эритробласт — оксифильді эритробласт — ретикулоцит — эритроцит. Ересек организмде гранулоциттердің дамуы да сүйектің кемік қызыл майында жүреді. Гранулоциттер гемоцитобластлардан пайда болады. Гранулоциттерге дамитын гемоцитобластларды миелоциттер деп атайды. Миелоциттер базофильді, эозинофильді және нейтрофильді миелоциттер болып бөлінеді. Миелоциттер біраз уақыт кебейеді. Ядросы ұзарып, цитоплазмадағы дәвдер саны көбейеді, ақырында клеткалар бөліну қабілетінен айырылып жас, кейін таяқша ядролы және сегментті ядролы лейкоциттерге айналады.Адам мен сүтқоректілерде лимфоциттер лимфалық без-дерде дамиды . Лифмоциттердің түзілуі эритроциттер мен гранулоциттерден кейін жүреді. Лимфоциттер гемоцитобластлардан дамиды. Гемоцитобластлар бөлініп орта және үлкен лимфоциттердің бастамасын құрайды, ал кіші лимфоциттер олардың бөлінуінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет