33-билет Жануар жасушасында қандай лизосоманың түрі үнемі кездеседі? Аутолизосомалар (аутофагосомалар) карапайымдылардың, өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларында әр кез кездеседі. Аутолизосомалар вакуоляларының кұрамында әр түрлі. органоидтардың қалдықтары (митохондриялардын, эндоплазмалық торлардың, рибосомдардың, пластидтердің) бар. Аутолизосомалардың пайда болуы және қызметі әлі де толық зерттеліп біткен жок. Аутолизосомалар саны жасушалардың патологиялық процестерінде құрт көбейеді. Бүдан жасушалардың өлуі тек қана лизосомалардағы ферменттердің эсерінен болады деген түсінік тумаса керек. Әр түрлі эксперименттер бойынша жасушаның өлуі лизосомалардағы гидролаза ферменттерінің гиалоплазмаға шығуына дейін жүретіні анықталады. Ал гидролаза ферменттері жасуша өлгеннен кейінгі процесіне қатынасатыны белгілі. Сонымен қорытып айтқанда, лизосомалар эндоплазмалық тор және ГА- ының активті қызметтерінен пайда болады, ол өздігінше жаралмайды, негізгі қызметі жасуша ішіндегі эндогенді және экзогенді макромолекулаларды ыдырату болып табылады.
Центромераныңң орналасуына қарап, хромосоманы неше типке бөлеміз?
Центромераның орналасуына байланысты келесідей хромосомаларды анықтайды:
– акроцентрлі немесе таяқша тəрізді хромосомалар. Центромера хромосоманы тең екі иыққа бөлмесе, ондай хромосомаларды акроцентрлі хромосома деп атайды.
– субметацентрлі хромосомалар, иықтарының ұзындығы əртүрлі хромосомалар.
– метацентрлі хромосомалар. Егер центромера хромосоманың ортасында орналасса жəне хромосоманы тең екі иыққа бөлсе, онда хромосоманың құрылымы Х тəріздес болады, оны метацентрлі хро- мосома деп атайды.
– телоцентрлі хромосома. Егер центромера хромосоманың ұшына жақын орналасса жəне хромосома иықтарының біреуі ғана анық көрінсе телоцентрлі хромосома деп атайды.
Центромера – бірінші тартылыс хромосоманың маңызды бөлігінің бірі, ол хромосомалардың митоздық таралуында маңызды орын алады, қозғалысына жауап береді. Центромера метофазадағы хромосомалардың пішінін анықтайды (3-сурет), микорскоппен қарағанда ашық түсті болып көрінеді. Центромераның құрылысы күрделі, онда белгілі бір ретпен орналасқан жəне арнайы ақуыздармен қауымдасқан нуклеотидтерімен ДНҚ бар.
Тығыз дәнекер ұлпасының қанша түрі бар және олардың бір-бірінен айырмашылығы.
Талшықты тығыз дәнекер ұлпасы негізінде аморфты заттан және талшықтардан құралған. Клеткалары өте аз болады. Талшықтардың орналасуы мен бағытына байланысты тығыз дәнекер ұлпасның қалыптаспаған және қалыптасқан дәнекер ұлпасы деп ажыратылады.
Қалыптаспаған тығыз дәнекер ұлпасына сүтқоректілер мен адамның терісінің тор қабаты, буындар мен кейбір ішкі органдарды қаптап тұратын дәнекер ұлпалық қабықшалар жатады. Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасына тән ерекшелік клеткааралық заттың талшықтар шоғыры түрлі бағыттарда жатады және олардың орналасу бағытында қатаң заңдылық болмайды.
Ұлпаның негізгі массасын құрайтын талшықтардың түріне байланысты қалыптасқан коллагендік және серпімелі деп бөледі.Коллагендік қалыптасқан тығыз дәнекер ұлпасының сіңір жатады.Коллаген талшықтары –І реттегі шоғырлар бір – біріне паралель және тығыз орналасады.Талшықты шоғыр арасында саңылаулар аморфты затта фиброциттер(сіңір клеткалары) жатады.
Тығыз қалыптаспаған эластиндік ұлпа дәнкер ұлпасы адам мен сүтқоректілерде желке мен дыбыс тарамыстарын құрайды.Өкпе , тыныс жолдарында кездеседі. Құрылысы тығыз қалыптасқан коллагендік дәнекер ұлпасына ұқсас, айырмашылығы оның механикалық қасиеттерін анықтайтын негізгі құрылымдық компоненті коллагендік талшық болмайды.
Тыгыз дәнекер ұлпаның механикалық маңызы бар. Оның кұрамында клеткалар мен аморфтық зат аз болады да, талшыктар басым келеді. Талшыктары тәртіппен орналасқан. Тығыз дәнекер улпа терінін негізін, сіңірді, шандырды, желкені құрайды.