1. «Бейорганикалық қосылыстарының маңызды класстары» тақырыбына қойылатын тәжірибелер техникасы.
Тәжірибе1. Негіздік оксидтердің гидратациясы:Сөндірілмеген ізбестің бірнеше түйіршігін шыны стаканға салып, оның үстіне су құяды. Реакция қарқынды жүре бастайды. Нәтижесінде сөндірілген ізбестің іркілдек ертіндісі пайда болады.Алынған ертіндігіе фенолфталеин индикаторын тамшылатып көр. Реакцияда байқалған өзгерістерді және индикатордың түсінің өзгеруін түсіндір.
Тәжірибе2. Барлық негіздік оксидтердің гидратацияланбайтындығы дәлелдемесі:Мыс.темір,алюминий т.б. оксидтерін алып әрқайсысын жеке стаканға салып, оған су құямыз. Қандай өзгерістер болғанын бақылаймыз. Индикатордың әсерін тексереміз
Тәжірибе3.Негіздік оксидтердің қышқылдармен әрекеттесуі:Мыс оксидінің аздаған мөлшерін қалақшаның ұшымен алып, оны стаканға саламыз, үстіне сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын құямыз. Мыс окиді толық реакцияға түсу үшін, қышқылдың артық мөлшерін алған дұрыс
Тәжірибе4 Қышқылдық оксидтің гидратацияс: Пробиркаға фосфор (V) оксидінің 1г салып, үстіне 1мл су құямыз.Алынған ертіндіні индикатормен тексереміз
Тәжірибе 5 Қышқылдық оксидтердің барлығы сумен әрекеттесе бермейтіндігінің дәлелдемесі. Кремний оксидінің (құмды) аздаған мөлшерін алып, оған су қосамыз,жақсылап шайқаймыз. Индикатордың әсерін тексереміз.
Тәжірибе 6 Қышқылдық оксидтердің негіздермен әрекеттесуі. Алдымен жеке пробиркаға көмір қышқыл газын (IV) жинап аламыз (Қалай алуға болатындығын ойластыр).Көмірқышқыл газын жинап алған пробирканың аузын газ өткізгіш түтікпен жауып, түтіктің ұшын су құылған стаканға батырамыз. Судың пробиркаға тартылуы байқалмайды. Түтіктің аузын қысқышпен бекітемізде, пробирканың аузын ашып, оған КОН не NaОН ұнтағын аздап салып, пробирканың аузын жабамызда ,жақсылап шайқаймыз. Сынауық қызады, қабырғаларында су тамшылары пайда болады. Көміртегі (IV) оксиді сілтімен әрекеттеседі. Дәлелдемесі ретінде пробирканың аузындағы газ өткізгіш түтіктің ұшынан қысқышты алсақ, суы бар стакандағы су пробирканың ішіне тартылады.
Тәжірибе.7 Ерімейтін негіздерді алу. Стаканға натрий гидроксидінің ертіндісін құйып оған мыс купоросының ертіндісін қою тұнба түскенше қосамыз.Алынған тұнбаны сүземіз.тұнбаны бірнеше рет сумен шайамыз.Фильтрат фенолфталеинмен түсін өзгертпеу керек.
Тәжірибе8. Ерімейтін негіздердің қасиеті Алынған тұнбаны екі пробиркаға бөліп саламыз. Бір пробираға су қосамыз, ертіндіге фенолфталеин тамызамыз. Фенлфталеин түсі өзгермейді. Пробирканы спирт шамында қыздырамыз. Мыс гидроксиді оксидке айналады.Тұнбасы бар екінші пробиркаға тұз қышқылы немесе күкір қышқылын құямыз. Бейтараптану реакциясы жүреді.Барлық өзгерістердің себебінтүсіндіріп, сйкес реакция теңдеулері арқылы қортынды жаса.
Достарыңызбен бөлісу: |