1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Топсеруен - химияны оқыту түрі. Топсеруендердің жіктелуі



бет2/58
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482882
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

2.Топсеруен - химияны оқыту түрі. Топсеруендердің жіктелуі.
Химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі-топсеруен. Химиялық топсеруендер оқытудың өмірмен, өндіріспен және қоғамдық құрылыстың сарамандығымен байланысын жүзеге асырады. Оқушыларға политехникалық білім, еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беруге жәрдемдеседі.Топсеруен өткізетін объектілер химия бағдарламасының талабына сай, жергілікті ерекшеліктерге лайықты іріктеп алынады. Химия өндірістері кездеспейтін жерлерде топсеруен негізіне химиялық бағдарда немесе химиялық өнімдері кеңінен қолданылатын өнеркәсіп мекемелеріне ұйымдастырылады.
3.«Химия өндірісте», «Химия ауыл шаруашылығында» атты факультативтік сабақтар.
Химия ғылымының негіздеріне сәйкес кейбір бағыттарды тереңдетіп қарастыру мақсатында факультативтік курстарды жоғарғы деңгей, қолданбалы («Химия ауыл шаруашылығында», «Химиялық өндірістер», «Химиялық талдау негіздері»), арнаулы курстар деп қарастыруға болады. Табиғаттағы химиялық элементтер, олардың маңызы, жергілікті аймақтағы химиялық өндіріс, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу мәселелері, ауыл шаруашылық және т.б. бағыттар бойынша «Химиялық элементттер- тіршілік бастауы», «Минералды тыңайтқыштар химиясы», «Құрылыс материалдар химиясы», «Полимерлер химиясы», «Тамақ өнімдері химиясы», т.б. ұйымдастыру маңызы зор. Бұл таңдап алынған факультативтік курстар үшін, бірінші оқу бағдарламасы құрастырылып, бекітіледі. Осының негізінде факультативтік сабақтар ұйымдастырылып өткізіледі. «Химиялық элементттер – тіршілік бастауы» тақырыбына химия пәнінен 8 сыныпқа арналып факультативтік сабақтың бағдарламасын құрастырылды (кесте1). Бұл бағдарламаның мақсаты: ұлы химиктердің еңбектері мен ғылыми табыстармен танысу, табиғаттағы элементтері, ауа және су элементтері, аналитикалық және электролиз жолымен алынған элементтердің ашылу тарихы, олардың маңызы, қолданылуы туралы кең көлемде түсінікті дамыту. Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыра отырып, интеллектуалды дамуын, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Соған сәйкес мектептік білімнің практикалық іс-әрекеттерге дағдыландыруды, шығармашылықты, ізденушілік, зерттеушілік және эксперименттік сипаттағы өзіндік жұмыстардың үлесін көбейтуді көздейтін құзырлылық-әрекеттік әдіс-тәсілдер оқыту процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан курстың материалын меңгертудегі басты нәрсе-олардың адам өміріндегі алатын орнына оқушылардың назарын аудару қажет. Химияның негізгі ірге тасы қаланатын, әсіресе ғылымның бастауы болып саналатын 8-сыныптағы оқу үрдісінде бұл курсқа назар аударылса, келесі сыныптардағы химия пәні осы негізге сүйеніп, белгілі бір нәтижеге жетері анық. Бағдарлама мазмұны 34 сағатқа арналып жасалды, тарау, тақырыптары кестеде көрсетілген.
Кесте 1 «Химиялық элементтер - тіршілік бастауы» тақырыбы факультативтік курстың бағдарлама жоспары (Мысалы)


Қорыта айтқанда, химиядан өткізілетін факультативтік сабақтардың нәтижесі бойынша өткізілетін олимпиада, конференция, семинар және түрлі жарыстар оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытып қана қоймай, іскер, жан-жақты, шығармашыл, белсенді болуға, өзіндік пікірін қалыптастыруға, өз ойларын, қөзқарасын дәлелдеуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйрететін маңызды сабақ түрі болып табылады.
2 БИЛЕТ



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет