2. Химияны оқытудың ауызша, сөз - көрнекі әдістері. ДИНАРА 49
3. Диалогтік оқыту. Түрлері мен оқыту әдістемесі. САУЛЕ 79
№20 БИЛЕТ
1.«Этилен қатардағы көмірсутектер» тақырыбын оқыту әдістемесі.
Органикалық химияның негізгі танымдық міндеті биологиялық құбылыстарды молекулалық деңгейде зерттеуде тұр. Жасушада өтетін химиялық процестер анықталып, «ағзаға диалектикалық өтуді» түсіндіреді.
Егер органикалық химия заттардың көмірсутектерден күрделі қосылыстарға дейінгі дамуын зерттесе және өмір құбылыстарының химиялық негізін ашуға бағытталса онда органикалық химия оқу пәні де осы прцесті жаңғыртып, оқушыларды оны түсінуге әкелуі қажет. Осының негізінде органикалық химияның оқу материалы қатарына ағзаның сыртқы ортамен зат алмасуы негізінде түзілген заттар енуі керек. Оларға ақуыз, май, көмірсулар, нуклеин қышқылдары кіреді. Осы аталған заттар арқылы тірі ағзалар сыртқы ортамен зат алмасуы негізінде күрделі материалдық жүйені құрайды.
Амин қышқылдарын оқу үшін алдымен аминдер мен карбон қышқылдарымен танысу, ал майларды күрделі эфирлерді көп атомды спирттер мен қаныққан және қанықпаған қышқылдардан кейін қарастыру қажет.Осы кластардың бәрін оқу үшін ең алдымен көмірсутектер жайлы білім керек. Органикалық химия курсын осы аталған кластарды кері күрделену бағытында оқуға негіздеп құру керек. Яғни көмірсутектерден ақуыздарға, нуклеин қышқылдарына қарай.
Бұрынғы оқулықтарда алдымен мысалы метанның құрылысы мен қасиеті, табиғатта кездесуі, қолданылуы жайлы толық беріліп, содан кейін басқа қаныққан көмірсутектерді қолданып гомологтық қатар туралы түсінік берілген. Қанықпаған көмірсутектер мен спирттерді оқу да осылай жүргізілген. Нәтижесінде көп нәрсе қайта-қайта қайталанған.
Қазіргі кездегі бағдарламада гомологтық қатардың алғашқы өкілдері жайлы түсінік беріліп, қалған аспектілері гомологтық қатар негізінде қарастырылады.
Қаныққпаған көмірсутектер. Бір қос байланысы бар қосылыстардаң қолайлысы әрине этилен. Оның халық шаруашылығындағы маңызы да үлкен. Заттың қасиеттері, алыну әдістері және басқа да жалпы мәселелер гомологтық қатарды тұтас қарастырғанда анықталады. Кейбір жеке заттар туралы қажетті мәліметтер де осы негізде беріледі.Үш байланысты көмірсутектер мәселесі де осы жолмен шешіледі. Олардың маңыздысы ацетилен. Ацетилен арқылы осындай қосылыстар жайлы мәлімет берген қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |