1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Топсеруен. Құрылымы, мақсаты мен мазмұны. Өндіріс аясында топсеруендерді ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі



бет4/58
Дата10.11.2023
өлшемі0.65 Mb.
#482882
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

2. Топсеруен. Құрылымы, мақсаты мен мазмұны. Өндіріс аясында топсеруендерді ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі.
Топсеруен тақырып бойынша немесе кешенді түрде өькізіледі. Кешенді топсеруен бірнеше пәннен-химия, физика, география, биология, тарих ұйымдастырылады. Мұнда бір объект әр жағынан қарастырылып, оқушылар өндіріс туралы жан-жақты мағлұмат алады және уақыт үнемделеді.Тақырыптық топсеруендер оқу материалын өтпестен бұрын өту кезінде немесе өткеннен кейін ұйымдастырылады. Топсеруенге байланысты оқу материалы алдымен арнайы сабақта қарастырылады.
Химия танымжорықтың маңызы және оның түрлері
Оқу курсын ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі-өндірістік танымжорықтар. Өндірістік танымжорықтар мектепте оқылатын теориялық материалдарды өндіріс тәжірибесімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Өйткені, олар оқушыларды қандай болсын өндірістік үрдістер неге және не үшін жүзеге асырылатынын түсінуге алып келеді. Өндірістік танымжорықтар оқушылардың әржақты жетілуіне жәрдемдесе отырып, олардың политехникалық ой өрісін де дамытады.
Химиялық танымжорықтың өтілуі
Өндірістік әрбір танымжорық әдетте қысқаша кіріспе әңгімеден басталады. Бұл әңгімеден танымжорық жетекшісі өндіріс жөнінде: оның ұйымдастыру тарихы өндірістің не жасап шығаратыны, оның технологиясының және өндірістік үрдісінің өзіне тән ерекшеліктері, ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын пайдалану, өндіріс жоспарын орындау, немесе ауыл шаруашылығы өндірісінен ең жоғары өнім алу жолындағы күресі туралы жалпы мәлімет береді.Оқушыларды шектен тыс қалжыратпау үшін өндірістік танымжорықтардың ұзақтығы әдетте 1,5-2сағаттан аспауы керек, тек ерекше жағдайларда, онда да жоғары сыныптарға аздап созуға болады. Әңгіменің қорытындысына мұғалім оқушылардан танымжорықтан түсіндіргендерін, ұққандарының дұрыстығын байқау үшін оларға бірқатар тексеру сұрақтарын қоюы керек.
3.Химияны оқытуда пәнаралық байланысты қолдану.
Пәнге деген қызығушылықты дамыту үшін оқушылар сабақтың белсенді қатысушылары болу қажет. Химияны оқытудың көптеген заманауи тәсілдерінің арасында оқу материалын түсіндіруде пәнаралық байланыстарды қолдануды бөліп көрсетуге болады . Пәнаралық - білім беру үдерісіндегі маңызды қағида . Мұғалім оқушыларға басқа оқу пәндерінің білімі мен біліктілігін қолдануды үйретуі керек . Бұл біліктілікті меңгеру пәнаралық байланыстарға мүмкіндік береді . Химиктердің ерте кездегі арманы зертханалық жағдайда тірі ағзаны құру болғанымен , химия мен биология ұзақ уақыттан бері өз жолдарымен жүріп келе жатқаны бәрімізге мәлім . Химияның биологиямен өзара байланысы органикалық қосылыстардың химиялық құрылысының Бутлерлік теориясы нәтижесінде нығая түсті . Дәл осы химиямен фотосинтездің химиялық негізі ретінде хлорофиллдің маңызды рөлі , тыныс алу қызметінің негізі ретінде гемоглобиннің , жүйкенің қозуының , нуклейн қышқылдарының химиялық құрылымы анықталады . Бірақ ең бастысы - биологиялық процестердің , тірі функциялардың негізінде химиялық механизмдер жатыр . Тірі ағзада болатын барлық функциялар мен процестер химия тілінде , нақты химиялық процестер түрінде баяндалуы мүмкін . Әлбетте , өмір құбылыстарын химиялық процестерге келтіру дұрыс болмас еді . Бұл өреккел механикалық жеңілдету болар еді . Және оның жарқын дәлелі тірі жүйелердегі Химиялық процестердің жансызбен салыстырғандағы ерекшелігі болып табылады . Бұл ерекшелікті зерттеу материя қозғалысының химиялық және биологиялық формаларының бірлігі мен өзара байланысын ашады.Кез келген оқу пәнi пәнаралық байланыстардың қандай да бір түрлерінің көзі болып табылады . Пәнаралық байланыстардың негізгі білім беру функцияларының бірі - материя қозғалысының әртүрлі формаларының өзара байланысын көрсететін нақты әлем туралы оқушылардың жалпы білім жүйесін қалыптастыруиологиялық формаларының бірлігі мен өзара байланысын ашады
3 БИЛЕТ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет