1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет107/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134
емтихан

35. «Ассоцациямен жұмыс» әдісі- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту – ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту. Бұл тіл үйренушінің шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімін шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік туғызады. 
36. «Mind Map» тәсілі- аталған тәсілді шетелдік ғалым Т.Бузан ұсынады
Тәсілді басқаша ойды, әңгімені жазып алу техникасы деп атауға болады. Жазу өте жылдам өтеді және оның өзінше құндылықтары бар. Алдымен сөз, ой, мәселе туындайды. Одан кейін қағазда көрсетілуге тиісті ойлар туындайды және олар шектелмейді. Жұмысты жеке және топта жасауға болады. Көп ойды бір уақытта мида сақтау психофизиологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Сол себептен ойды көрініс ретінде көрсету келесі ерекшеліктерімен айқындалады:
-негізгі ой анық көрініске ие бола алады;
-көптеген ұғым, элементтер жеңіл танылып, олардың өзара байланыстары көрінеді;
-ассоциациятивтік ойлау дамытылып, қайталау тез және тиімді түрде өтеді.
37. «Ирек» әдісі- Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат - әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында.
38. «Пікір алысу» әдісі - Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.
39. «Әңгіме» әдісі- Өзіне - өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау.
40. «Жұқа» және «қалың» сұрақтар әдісі
41.Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі (Алан Лэйкен)
Кішкене бөбек – ойлар, білім, ақпарат. Мен үшін бүгін қандай жаңалық болды? Қандай маңызды білім алдым? Құзыреттілігім қалай өсті?
Шылдыр шүмек – мақсатқа жақындау. Мені мақсатқа жетуге жақындататын қандай оперативті міндеттерді шештім? Керісінше, қандай міндеттетді шешу мұмкіндігі жеткіліксіз болды?
Ортан терек – жәйі. Қандай жұмыстар ерекше қызықты болды? Жағымды эмоциялар мен жоғары уәждемелер немен байланысты болды? Керісінше, қандай жұмыстар қызықсыз, қиын болды, ерекше күш жұмсалды?
Сұқ саусақ – қызмет, көмек, ынтымақтастық. Мен бүгін кімге көмектестім, кіммен ортақ тіл табыстым, кіммен жақсы жұмыс жасадым?
Жаңа адамдармен таныстым ба? Ескі таныстарыммен арадағы қарым – қатынас қалай болды? Керісінше, кіммен кикілжіңге түстім? Кіммен бірлесіп жұмыс істеу нәтижесіз болды, неліктен?
Бас бармақ – сергектік. Қандай міндеттерге ерекше күш жұмсадым? Демалуға, күш-жігерімді қалпына келтіруге қандай жағдай жасалды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет