Педагогикалық зерттеулердегі модельдеу әдісі.
Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқаға байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің (субъект) баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, әрі категориясы болып саналады.
Модельдеу екі түрге бөлінеді.
1) заттық модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады.
2) Идеалдық модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін.
Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.
Модельдеу, ол ғылымның жаңадан ашылған жетістігі емес. Модельдеудің тарихы мыңжылдықтармен саналады. Медицина атасы Гиппократ та адамның көзін емдеуде модельдеуді қолданған. Әйтсе де, тек қазір біздің заманымызда модельдеу арнайы пән ретінде, сонымен қатар философиялық ізденістерде де қолданылатын болды.
Модель таным объектісінің орнын басатын және ол туралы ақпарат көзі болып табылатын материалдық жүйе деп түсіндіріледі. Модельдер зерттеу мақсатына байланысты әр түрлі прициптермен классификацияланады. Солардың ішінен ортақтары ретінде келесілерді көрсетуге болады:
таным процесінде қолдану мақсаты бойынша классификациялау принципі;
түпнұсқа туралы ақпараттың орындалу әдісі бойынша классификациялау принципі;
адамның оларды жасау барысында қатысу дәрежесіне қарай классификациялау принципі.
Осы принциптерге сәйкес модельдер үш үлкен топқа бөлінеді:
эвристикалық және дидактикалық;
таңбалы және заттық-техникалық;
табиғи және жасанды.
Таным үрдісінде модельдер әр түрлі функцияларды орындайды. Олар кейбiр құбылыс немесе теорияның интерпретациясын түсiндiруде құрал ретінде қызмет көрсете алады. Ғылыми зерттеулердегi үлкен мәнi модельдің болжаушы (эвристикалық) функциялары болып табылады. Модель жиi ол жөнiнде теорияны шындыққа тексеру мақсаттарына да қызмет жасайды.
Модельдің алуан түрлi функцияларын жалпылай отырып, оның бас гносеология функцияларын көрсетуге болады: модель — бұл мәлiмет көзi; модель — бұл өнер — бiлiмнiң бекiту құралы.
Модельдеу — жемiстi әдiс. Ол негiзiнде үш пайдалы мақсаттарға қызмет көрсетедi.
Эвристикалық — жаңа заңдардың табылуы, белгіленуі, жаңа теориялардың құрастырылуы және алған мәлiметтердiң интерпретациясын классификациялау үшiн керек.
Есептеуiш – модельдер арқылы есептеуiш мәселелердiң шешiмдерiн шешу.
Эксперименталды – эмпирикалық тексеру (верификация) болжамын осы немесе басқа модельдерді операция жасау арқылы мәселенiң шешiмін табу.
Педагогикалық зерттеулерде модельдеу өте күшті құрастыру құралы болып келе жатыр. Ғылыми модель - бұл зерттеу пәнін көрсеттін және модельді зерттеуде бұл объект туралы жаңа мәлiметтi алуға мүмкiндiк беретін, оның орнын басуға теңбе-тең бейнелеуге қабiлеттi, ойша көрсетiлген немесе заттық жүзеге асырылған жүйе. Модельдеу - бұл модельдерді жасау және зерттеу әдiсi. Модельдеудегі басты артықшылық - мәлiмет ұсынысының бүтiндiгi. Педагогика жүздеген жылдар бойы негiзiнен талдау есебiнен дамыды - бүтінді бөлшектеу; синтезбен, сол сияқты iс жүзiнде бағаланбады. Модельдеу синтетикалық бағытқа негізделеді: бүтiн жүйелерді мүшелейдi және олардың жұмыс жасауын зерттейдi. Дидактикада модельдеуді келесi маңызды есептердiң шешiмi үшiн қолданады: · оқу материалының құрылымын оңтайландыру; · оқу барысының жоспарлауын жақсарту; · танымдық қызметтi басқару; · оқу-тәрбиелiк үрдісті басқару; · диагностикалар, болжаулар, оқытуды жобалау. Кәсіби педагогика бойынша зерттеулерде модельдерді жасау мен пайдалануда басқа педагогикалық құбылыстарды зерттеу әдістерін кешенді байланыстыру керек. Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің моделін жасауда регламент белгiлейтiн және реттейтiн өзiндiк жұмыстар негізгі болып табылады: «негіз», «iске асыру технологиясы», «әдiстемелiк қамтамасыз ету», «заттық-техникалық қамтамасыз ету», «қатынастарды бақылау» және «оқушыларды аттестациялау». Оқу пәнін жүзеге асыру технологиясы мамандықтың жұмыс оқу жоспарымен, пән бойынша жұмыс бағдарламасымен (пәннің мазмұны, негізгі және қосымша әдебиеттер, сұрақтар), пәннің технологиялық картасымен (аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары), курстық жобалаудың графигімен (жеке тапсырмалар) және қажеттілігіне қарай оқытудың жеке жоспарымен анықталуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |