1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет22/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   134
емтихан

Арнайы педагогика — көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым. Пед. ғылымында дефектология (лат. defectus — жетімсіздік және грек. logos — сөйлеу, оқу) деп те аталады. Ол төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика — саңырау, мылқау балаларға, тифлопедагогика — соқыр балаларға, олигофренопедагогика — ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия — тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді.Табиғи кемтар балалар мемл. есебінен арнайы мектептерде тегін оқытылады.
Педагогика тарихы – педагогика ғылымының жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының тарихын, қалыптасуын зерттейді.
Дефектология - педагогика ғылымынының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселерін зәрттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға бөлінеді.
Сурдопе¬дагогика - саңырау, мылқау және керең балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Тифлопеда¬гогика - көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Олигофренопедагогика -ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие беру мәселерін зерттейтін педагогика саласы.
Логопедия- тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогикасы.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару зақының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудық бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудық негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады.
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі.
Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді.Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады.
Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері.
Педагогиканың методологиясы дегеніміз - кез келген педагогикалық мәселені зерттеу негізіне жататын жалпыға ортақ ережелер, философия заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі отырған құбылыс туралы жалпы ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін қолданады. 
Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). 
Бақылау - еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудық негізгі қызметі - зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. 
Әңгіме әдісі. Әңгімелесу кезінде жеке адамдардық дербес ерекшеліктерін ескеруді керек етеді. Себебі, кейбір оқушылар мұғалім сұрағына жауап бермей, өзінше сақтанып ар жағындағы ойын айтпайды. Сондықтан әңгімелесуге мұғалім алдын ала дайындалу керек. Жауаптар дәптерге жазылады. Кейде оқушыға білдірмей магнитафонға жазуға болады.
Эксперимент - оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу. Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті - педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой - гипотеза деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет