Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ұғым, оның колледж студенттеріне жүктейтін міндеттері.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары жалпы білім беру үрдісінің және барлық оқытылатын пәндер мен сабақ түрлерінің мазмұндық қосындысының бір бөлігі болып табылады. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары студентте ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші, басқарушы, практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталуы қажет. Студенттің ғылыми зерттеу жұмыстары студентті кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты мақсаттары:
❖ Жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық экономика талаптары сұранысына сәйкестендіре арттыру;
❖ Таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптастыра отырып, шығармашылық кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру;
❖ Бірыңғай білім, ғылым және тәжірибелік үдерістерді қамтамасыз ету;
❖ Әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және шығармашылық бағыттағы сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық т.т. бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыту;
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі міндеттері:
➢ Өз саласы бойынша пікірлер мен ой-пайым қалыптастыру, дағдылар мен тәсілдерге баулу, ойлау жүйесін меңгерту;
➢ Студенттерге ғылыми таным жүйесін меңгерту;
➢ Студенттерді ғылыми зерттеу тәсілдерімен, тәжірибе жүргізу және шешім қабылдау теориясы методикасымен таныстыру;
➢ Ғылыми және тәжірибелік тапсырмалар бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру;
➢ Ғылыми ұжымда жұмыс істеу мен ондағы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерімен танысу дағдыларын қалыптастыру;
➢ Студентті шығармашылыққа, қажеттілікке, өз бетімен білім алуға, өз білімін ұдайы жетілдіруге, ғылыми материалды тереңдей және шығармашылық тұрғыдан меңгеруге үйрету;
➢ Отандық және шетелдік әдебиеттермен ұдайы жұмыс істеу қажеттілігі мен дағдысын патенттік қорлармен жұмыс істеу білуді қалыптастыру;
➢ Қазіргі заманғы ақпараттық технология мен ақпараттық қарымқатынас тәсілдерін меңгерту;
➢ Қоғамның экономикалық әлеуметтік немесе рухани өрлеуіне негіз болатын ғылыми бағыттар өзектілігін бағалауды қалыптастыру;
➢ Студенттің қызығушылығын білім ғылым бағытымен тығыз қарымқатынасқа бейімдеу, оқытудың бинарлық үдерісінде оқытушы мен оның студенттің шығармашылық байланысын шыңдау;
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз ету өте маңызды міндеттерінің бірі болып есептеледі. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде зерттеу қиындықтарын біртіндеп жоғарлатып отыру. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция, үйірмен отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т.б. жазумен аяқталады.
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлеріне: баяндама, ғылыми баяндама, мақала, реферат, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс жатқызылады.
Баяндама - негізінен ғылыми конференцияларда айтылатын, хабарланатын, ғылыми зерттеу жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі жөніндегі хабарлама.
Ғылыми баяндама – негізгі идеяларда жасалған зерттеулердің нәтижелері берілетін, ғылыми конференцияларда жасалатын баяндама.
Дипломдық жұмыс – Студенттердің жоғары, арнаулы оқу орнын бітірерде өз бетімен орындаған жазбаша жұмысы.
Курстық жұмыс – бақылау жұмысы, мәнжазба, баяндамаға қарағанда таңдап алынған проблема негізінде оқу пәні бойынша ауқымдырақ,
көлемдірек зерттеу.
Реферат – латынның refero хабарлаймын дегент сөзінен алынған, ғылыми еңбектің мазмұнын жазбаша түрде қысқаша баяндау.
Мақала – қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.
№12
Достарыңызбен бөлісу: |