2006 жылға Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының жұмысы туралы есеп ведомстводағы бөлімдердің жұмысы туралы ақпарат



жүктеу 83.97 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі83.97 Kb.
2006 жылға Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының жұмысы туралы ЕСЕП

1.Ведомстводағы бөлімдердің жұмысы туралы ақпарат.

Талдау жасап отырған кезеңде аудандық қаржы бөлімімен аудандықбюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қаржы процедураларын уақтылы өту бойынша жұмыс жүргізілді. Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімімен және аудандық Қазынашылық бөлімімен бірлесе жоспарланған бюджетті қаржыны толық, мақсатты және тиімді пайдалану бойынша 8 семинарлар мен кеңестер өткізілді.2006 жылдың ағымында аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімімен аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге 2007-2009 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының Орта жедел жоспары ұсынылды, 2007 жылға арналған аудандық бюджетке түсімдердің болжамдық көрсеткіштері анықталды, 2007 жылға арналған ауданның ағымдағы бюджеті бойынша шығыстар лимиттері анықталып, аудандық бюджеттік комиссияның қарауына жіберілді, 2006 жылға арналған аудан бюджетін нақтылау бойынша аудандық бюджеттік комиссияға 6 ұсыныс енгізлді, аудан бюджетінің кіріс бөлігін толық орындау бойынша салық комитетімен бірлесе жұмыс жүргізілді, құқығы орнатылған құжаттары жоқ жылжымайтын мүлік объектілерін жария етуді толық қамту бойынша жұмыс жүргізілуде.Ауданның ауыл шаруашылық бөлімімен 2006-2010 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты даму Бағдарламасы әзірленген, осы Бағдарламаға сәйкес мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында қазіргі заман технологияларын енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бөлім мамандарымен лизинг бойынша жаңа ауыл шаруашылық техникасын, өсімдіктерді, гербицидтерді, улау және минералды тыңайтқыштарды қорғау құралдарын сатып алу бойынша көмек көрсетілді, сатылып алынған және пайдаланған дизельді жағар майға субсидияларды ресімдеу бойынша жұмыс уақтылы ұйымдастырылды, мемлекеттік қорға астықты сату бойынша жіберілген квотаны орындау бойынша ұйымдастыру шаралары жүргізілді.Ауданның жер қатынастары бөлімімен аудандық мәслихат мәжілісіне бекітуге ауданның ауылдық елді мекендері кесіндісінде эколого-десографиялық зерттеу нәтижелеріне сәйкес ауыл аумақтарының жоспарлауын ұйымдастыру өңірлік сызбасы даярланды, жеке және заңды тұлғаларға берілетін жер телімдеріне жер-кадастрлық істердің заңды бөлімі құрылған, жоспарлы негізде көрсетумен арнайы ауданның жер қоры, есептегі кварталдар бойынша қордағы жерлерді қалыптастыру және есепке алу жүргізілді, бар жерлер туралы жыл сайынғы есеп және оларды санаттар, жер телімдерінің иелері, жер пайдаланушылары мен иеліктері бойынша бөлу даярланды.Аудандық тұрғын-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен ауданның 2006-2007 жылдардың жылыту кезеңіне дайындық бойынша әзірленген шараларды толық орындауға бақылау жасалды, аудан тұрғындарын қуат, жылумен қамту және сапалы ауыз суымен үздіксіз қамтамасыз ету, коммуналды қызметтерге пайдаланушылардың қарыздарын төмендету бойынша ұйымдастыру шаралары, аудан аумағында барлық жол және көлік кешендерінің қызметін үйлестіру жүргізілді және жүргізіліп жатыр.Ауданның құрылыс бөлімі ауданның елді мекендерін көркейту және санитарлы тазалау бойынша әзірлеген шараларды толық орындауға бақылауды жүзеге асырды, құрылысы аяқталмаған, бұзылған және апатты ғимараттардың иелерімен сол ғимараттарды жою бойынша жұмыс жүргізді, аудан аумағында дұрыс ресімделмеген салынып жатқан немесе бұзылып жатқан объектілерге 4 тексеру ұйымдастырды, 109 жаңа объектілерді пайдалануға беруге қажетті құжаттар дайындады, қаланың бас жоспарын әрі қарай әзірлеу үшін Шемонаиха қаласының картасы дайындалды, аудан орталығының орталық бөлігін сәулетті-көркем ресімдеуін әзірлеу жүргізіліп жатыр.Ауданның білім беру бөлімі жұмысының басты мақсаты оқушылардың білім сапасын және олардың жұмысқа орналасу нарығында бәесекеге қабілеттіліктерін көтеру болып табылады. Бұл үшін «Оқыту» аудандық бағдарламасы әзірленді, оны жүзеге асырудың технологиясы мен механизмі оқушыларды сапалы оқыту бойынша мектеп қызметінің барлық бағыттарының мониторингімен. 2006 жылы аудан негізінде оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуін қабылдау пункті ашылды, ұстаздардың сапалы құрамын көтеру бойынша жұмыс жүйелі жүргізілуде, жыл сайын оның өсу динамикасы көрініп жатады, Камышинка және Октябрьское ауылдарында балабақшалар ашылды.Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен жұмыспен қамтуға көмек көрсету бойынша жұмыс, сондай-ақ тұрғындарды әлеуметтік көмектің барлық түрлерімен толық қамту жүргізілді және жүргізіліп жатыр. Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен тіл заңнамасын жүзеге асыру және мәдениет мен өнерді дамыту бойынша жұмыс жүзеге асырылады. Жыл бойында бөліммен шығармашылық әуесқой ұжымдарының 26 есеп беру концерттері ұйымдастырылды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамдарына және аудан өміріндегі атаулы оқиғаларға арналған шаралар циклы, аудандық семинарлар өткізілді – аудармашылар мен қазақ тілінің мұғалімдеріне кеңестерт мен тренингтер, «Ең үздік аудармашы» және «Ең үздік қазақ тілінің мұғалімі» байқаулары.Дене шынықтыру және спорт бөілімімен облыс деңгейінде түрлі спортты жарыстарға аудан командаларының қатысуы бойынша жұмыс ұйымдастырылды, аудан әкімінің сыйлығына жыл сайынғы халық ойындары өткізілді, мемлекеттік қызметшілер спартакиадасына ауданның құрама командасы қатысты.Ішкі саясат бөлімімен Қазақстан халқына ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын, республикалық, облыстық және өңірлік бағдарламаларды, ішкі саясат мәселелерін, Қазақстан Республикасы Заңдарын, «Қазақстан – 2030» Стратегиясын насихаттау және түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен бірлесе «Жизнь, рожденная землей», «2006 жылдың 1 наурызынан кезекті жыл сайынғы Президент Жолдауына шемонаихалықтардың сын-пікірлері, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына, Шемонаиха қ. мерейтойына, аудан әкімінің шығару балына арналған мерейтойлық шаралар» тақырыптары бойынша деректі фильм және видеороликтер құрылды, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, діни және үкіметтік емес ұйымдармен ақпаратты байланыс және жұмыс үйлесімділігін қамтамасыз етуді жүзеге асырылады.

2.Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының жұмысы туралы жиынтық есеп

«Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте құрылған мемлекеттік орган болып саналады, әкімдіктің және аудан әкімі қызметінің ақпаратты-сараптама, ұйымдастыру-құқықтық және материалды-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.Аудан әкімі аппараты өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілерін және аудан әкімі аппаратының Регламентін басшылыққа алады. Құрылымы және штатты саны Қазақстан Республикасы Үкіметімен және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен орнатылған лимит пен үлгі құрылым шегінде аудан әкімімен бекітілді. Ауданда аудандық бюджеттегі 8 ауылдық, 2 кенттік, 1 қалалық әкімдік және 11 ведомствоға қарасты дербес бөлімдер бар. Мемлекеттік қызметшілер саны 146 адамды құрайды, оның ішінде 12 саяси қызметші. 206-2007 оқу жылының басынан 30 мемлекеттік қызметші оқуға барып келді.2006 жылдың өткен кезеңінде аудан әкімі аппаратымен және ведомствоға қарасты бөлімдермен нақты жұмыс жүргізілді.Апта сайын аудан әкімінде аудандық бөлімдермен және басқармалармен аппаратты кеңестер жүргізіледі. Ай сайын, айдың бірінші сейсенбісінде әкімдік мәжілісі өтеді. Жарты жылда бір рет аудан округтарының біріне шығу мәжілісін өткізу тәжірибеленуде (жоспарлы). Аудан әкімі және әкімнің орынбасарлары жанындағы Бақылау күні тәжірибеленуде. Аудан әкімі жанындағы қылмыспен күрес бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы.Жұмыс жоспарына сәйкес округ әкімдеріне, аудандық округтардың басшылары мен мамандарына семинарлар-оқулар өткізіледі.Жыл сайын кестеге сәйкес округтардың елді мекендерінде азаматтардыңжиындары өткізіледі.Мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілін оқу, құқықтық жалпыға бірдей оқу бойынша сабақтар жүргізіледі.Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік органдарындағы және мекемелеріндегі сенім телефондары туралы мәліметтер берілген. Ауданның барлық 11 округінде әкімдік ғимараттарының алдында тұрғындарға қолайлы жерлерде азаматтардың үндеуі мен өтініштеріне жәшіктер орналастырылған. Тұрғындармен атқарушы билік органдарының ара қатынастарын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімімен және мемлекеттік органдар басшыларыменаудан округтарына барумен жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүзеге асырылады.Аудан әкімі аппараты және Шемонаиха қ. әкімі аппараты ғимараттарының алдарында Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлкеттік қызмет істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің Тәртіптік Кеңесіне деген жазумен жәшіктер орналастырылған.Регламенке сәйкес аудан әкімі азаматтарды қабылдауды әр айдың бірінші дүйсенбісінде жүргізеді. 2006 жылы 50 адам қабылданды.



3. ТиімділікӨнеркәсіп

Қолданыстағы бағадағы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 11 айдың қорытындысы бойынша 7 миллиард 54 миллион теңгені құрады. Осы көрсеткіш өткен жылғы кезеңнен 156,8 пайыз жоғары. Қосымша 2 миллиард 555 миллион теңгеде тауарлық өнім өндірілді. Пайыздағы өндіріс өнімдерінің физикалық көлемінің индексі ағымдағы жылғы сәйкестіктегі кезеңінде 139,0 құрады. 50 адамға дейінгі саны бар кәсіпорындармен (шағын бизнес субъектілері) 147 миллион 620 мың теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 168,9 пайыз 2005 жылғы деңгейде. Ағымдағы жылды 7 миллиард 284 миллион көрсеткішінде аяқтау жоспарлануда.



Агроөндірістік кешен

Астықтың жалпы өнімі 132,6 мың тоннана құрады (2005 жылғы деңгейден 128,9 пайыз) аудан бойынша орта өнімділікте гектарынан 15,8 центнер (119,7 пайыз) сонымен бірге гектардан бидай өнімі 16 центнерді, арпа – 15,1, бұршақ – 19, сұлы – 16,2, қара құмық 14 центерді құрады.Ауданда күнбағыс егістігі 35 мың га, жалпы өнімі 45 мың тоннаны құрады (117,8 пайыз) орта өнімділікте гектардан 13 центнер (97,0 пайыз). Облыс көлемінде аудан астық бойынша 23,6 пайызды, күнбағыс бойынша 24,6 пайызды алады.Ағымдағы жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша тірі салмақта 6 074,4 тонна мал мен құс сойылып сатылды, ол өткен жылғы кезеңнен 4 пайызға жоғары. Барлық санаттағы ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен 45 504,0 тонна немесе өткен жылғы деңгейден 110,0 пайыз көлемінде сүт өндірілді. Ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін мал басы барлық ауыл шаруашылық малдарының түрлері бойынша өсті: ІҚМ басы бойынша 101 пайыз, шошқа – 128 пайызға, қой мен ешкі – 120 пайызға, жылқы – 107 пайызға, құс – 106 пайызға.Аудан шаруашылықтарының сатып алуға және пайдалануға арналған жәрдем ақшалары 72 млн. теңгені құрады, бағдарлама бойынша 62 млн.теңге. Оператор арқылы килограмының бағасы 55,97 теңгеден 2 мың тонна дизельдік отын алынды. Ауыл шаруашылық қалыптастықтарымен ағымдағы жылдың өнімі есебінен 364 тонна минералдық тыңайтқыштар, 340 литр уландырғыштар, 1750 литр қара сұлыға қарсы гербицидтер сатып алынды, жәрдем ақша сомасы 7,9 млн. теңгені құрады. Бұдан басқа, 15,3 млн.теңгеде республикалық бюджеттің есебінен мониторинг және ауыл шаруашылық дақылдарының өте қауіпті зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес бойынша жұмыстар жүргізілді, тұқым сапасына тексеру жүргізуге 1,1 млн. теңге төленді. Тұқымды сатып алу үшін шаруашылықтардың өтінімдеріне сәйкес облыстық бюджеттен 7,3 млн. теңге бөлінді.



Бюджет

Ағымдағы жылғы қаңтар – қарашада бюджеттің орындалуы 559 046 мың теңгені немесе жоспардан 107,8 пайызды құрады. 2006 жылғы 4 тоқсан қорытындысы бойынша болжамының көлемі 173 897 мың теңге немесе 113,9 пайызда орындалды. Жыл қорытындысы бойынша жалпы аудан бюджетінің орындалуы 584 658 мың теңге көлемінде немесе жоспарлық көрсеткіштерден 105,1 пайызда болжамдалуда, аудан бюджетіне қосымша жоспардан артық төлем түсімдері 28 132 мың теңге көлемінде болжануда. Ағымдағы жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша аудан бюджетіне 559,0 млн. теңге немесе болжамдалғаннан 107,8 пайыз жеке меншік кірістер түсті. Жалпы аудан бойынша талдау кезеңінде барлық 40 кіріс көзінде болжау көрсеткіштері толық көлемде орындалды.Бюджетке мерзімінде төленбеген салықты жою жөнінде өткізілген жұмыс оң нәтиже берді: 1 желтоқсандағы жағдай бойынша осы көрсеткіш 7 миллион 918 мың теңгені құрады, жыл басындағы деңгейден 18,4 пайыз төмен. Жыл басынан 6 салық төлеуші банкрот деп танылды – УПО ДОСААФ – мезгілінде төленбеген салық 1,0 мың теңге, «Пчелка» кооперативі – 62,7 мың теңге, «Востоклесторг» ЖШС – 203,3 мың теңге, «ШығысАсылСу» ЖШС – 171,9 мың теңге, ЖК Елизаров Н.И. – 512,0 мың теңге, «Акатов А.К.» шқ – 24,4 мың теңге, ЖК Тен Г.П. – 564,3 мың теңге, ЖК Иобидзе В.В.- 248,8 мың теңге.



Еңбек рыногы және әлеуметтік қорғау

Бекітілген еңбек рыногындағы жұмыссыздардың саны 2006 жылғы 1 желтоқсанда 373 адамды құрады, ол жыл басындағы деңгейден 22,9 пайыз төмен. 270 жаңа жұмыс орындары құрылды, ол халықты жұмыспен қамту бағдарламасының жылдық тапсырмасынан 116,4 пайызды құрады, соның ішінде өнеркәсіпте – 92, ауыл шаруашылығында – 56, білім беру мен денсаулық сақтауда – 43, шағын бизнесте – 36, басқа салаларда – 43. 289 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды (жылдық тапсырмадан 115,6 пайызда). Ақылы қоғамдық жұмыстарға 405 адам тартылды (жылдық тапсырмадан 106,6 пайызда), кәсіптік оқуларға 75 адам жіберілді (жылдық тапсырмадан 125 пайызда).Тұрмысы төмен тұлғалардың саны жыл басынан 44,8 пайызға (1061 адамға) азайды. Аудандық бюджет қаражатының есебінен мемлекеттік адрестік көмек 12,338 млн.теңге, тұрғын үй көмегі – 4,228 млн.теңге және балалар жәрдемақысы 3,75 млн.теңгеде төленді.



 


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет