1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет47/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   134
емтихан

Эпос. Лирика. Драма
4. Егер эпос болса, мына түрлердің қайсысына жатады?
5. Шағын көлемді эпос:
Миф
Аңыз
Мысал
Новелла
Әңгіме
Очерк
Фельетон
6. Орта көлемді эпос:
повесть (хикая)
поэма (дастан)
7. Кең көлемді эпос:
Роман:эпопея, трилогия, дилогия
8. Шығарманың негізгі көтеретін мәселесі (тақырыбы) қандай?
Әлеуметтік мәселе
Махаббат
Еңбек
Отбасы
Білім, өнер
Адамгершілік
Достық
Детектив, т.б.
9. Қандай көркемдік әдіспен жазылған?
Романтизм
Реализм
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Балаға көркем туындыны оқытпай, әдебиеттен білім беру мүмкін нәрсе емес. Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері, туынды оқушы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме, соны білу – мұғалім үшін маңызды мәселе, 5-8 сыныптарда әдеби шығармаларды оқу көбіне сыныпта жүргізіледі. Түсіндірмелі (комментарий) оқу арқылы шығарманың алғашқы бөлімдері оқылады, тәжірибеде осы тәсіл жиі кезігеді, себебі мұғалім ол арқылы шығарманы оқуды ұйымдастырады, оқушыларға бағыт-бағдар береді. Түсіндірмелі оқу, әсіресе, күрделі шығармаларды оқу кезінде тиімді болады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Бірақ екеуі бір-бірімен тығыз байланыста іске асып отырады. Мысалы, көркем туындыны түгелдей сыныпта оқуға уақыт жетіспейді, сондықтан мұғалім қалауы бойынша ең негізгі, маңызды бөлімдер сыныпта оқытылып, қалған бөлімдері үй тапсырмасы ретінде беріледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Сыныпта дауыстап оқығанда, бұлар айқын көрінеді. Дауыстап оқу мен іштей оқуды алмастырып отырған жөн. Төменгі сынып оқушылары көбіне дауыстап оқығанды ұнатады, жоғары сынып оқушылары іштей оқығанды қалайды. Көркем туындыны оқу жоғары сыныптарда үйде жүзеге асады. Себебі, көркем туындыларды былай қойып, қысқа әңгімелерді сыныпта оқуға уақыт жетпейді. Жоғары сыныптарда өтілетін роман, хикаят сияқты көлемді туындыларды оқу тек үй жұмысы арқылы жүзеге асатыны ұстаздар қауымына бұрыннан-ақ белгілі жай. Әр мұғалім бала көркем туындыны оқыды ма, оқыса, одан қандай әсер алды, соны біліп отырғаны жөн. Мұғалім сыныптағы үйге берілген туындыны оқушылардың қалай оқып жатқанын назардан тыс қалдырмауы керек, үнемі ол туралы хабардар болып отырғаны жөн. Оқып біткен мерзімде мынадай жұмыстар жүргізуге болады (бақылау ретінде):
Ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы кейде мұғалім әр оқушыға әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар бере отырып та тексереді. Мысалы, (жазбаша тапсырмалар):
а) өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату, не сол эпизодтың мазмұнының тезисін жасату;
ә) негізгі кейіпкерлерді жинақтату; Бір кейіпкердің іс - әрекетіне мысалдар келтіру.
б) жазбаша викторина жүргізу. Мұғалым ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып, «Ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі, қайда айтылған сөз?» деген сияқты сұрақтар қойып, жауап алады.
в) сынақ үлгісіндегі ауызша сұрақ-жауап арқылы тексеру;
г) бүкіл сыныпқа ортақ тапсырма – көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндап беру;
д) әдеби «көкпар ойыны» арқылы тексеру. Бұл жұмыста «көкпарға» екі баладан шығады. «Көкпарға» тартылатын көркем туындылардан құрастырылған сұрақтар, жазылған үлестірме қағаздар болады. Жауап өте тез айтылуы керек, ойлануға көп уақыт берілмейді. Тез жауап берген бала «жеңімпаз» атанады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет