Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері. Қазақ тілі пәнін оқытуда қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдер
Педагогикалық тәжірибе, оны зерттеу, талдау, баға беру әдістері.
№18 Қиял туралы жалпы ұғым.
Жоспар: 1.Қиял туралы жалпы ұғым
2.Қиял түрлері
Адам бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа образдар, соны елестер ен идеялар тудыру процесін қиял деп атаймыз. Қиял адамға ғана тән меншікті психикалық процесс, жануарларда бұл функция болмайды, өйткені бұл адамның еңбек әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық функция. Адам әрекетінің барлық түрінде қиял қатынасады.
Қиялды баланың ойынынан да, оқу процесінен де, еңбек әрекетінен тауып алуға болады. Қиял – аса бағалы қасиет. Қиялдың эмоциялық күші тіпті үлкен. Көптен қолы жетпей жүрген мақсатын оймен қиялдап та адам мәз болады. Шаршап, шалдыққан жолаушы ауылын қиялымен елестеткенде, оған күш бітіп ширай түседі. Адамның еркіде қиялмен байланысты. Қиял-еңбек үстінде күшті болады. Еңбек – тек қиял туғызушы емес, оның дами беруіне қажет процесс. Қиялдың физиологиялық негізі ми қыртысының үлкен ми сыңарларында бұрынырақ пайда болған уақытша байланыстар. Қиялдау әрекетінде қозу мен тежелу процестері қатынасып отырады. Қиял екі сигнал жүйесінің жұмысымен тығыз байланысты. Заттар мен құбылыстардың бейнелері, елестері адамның көз алдына келуі үшін олар жөнінде оның түйсігі мен қабылдауы болуы керек. Қиялды адам сөз арқылы жеткізгенде екінші сигнал жүйесі жетекші роль атқарады.
Қиял түрлері: Қиял түрлері екіге бөлінеді:
ырықсыз, пассив қиял;
ырықты, актив қиял.
Ырықсыз қиял- қиялдың бұл түрі адам алдына ешбір мақсат қоймай,
басындағы елестердің ағытылып жатуын бақыламаған кезде туатын формасы. Мұндай қиял жеткіншектерде жиі кездеседі. Ұйқылы- ояу қалғып отырғанда, ырықысыз қиялдың образдары өздігінен туып жатады. Пассив қиялдың ең айқын түрін адамның түс көруінен байқауға болады. Қиялдың пассив түрі адамның ояу қалпында да кездесуі мүмкін. Бұл жағдай көбінесе адам өз алдына еш мақсат қоймай, өз ойының тізгінін мүлдем босатып жіберген уақытта пайда болады. Мысалы: аспандағы бұлтқа қарап тұрғанда оның түрін адамға, жануарға тағы басқа бірдеңеге ұқсатуымыз мүмкін. Адам арнайы мақсат қоймаса да, елестердің өздігінен туып жатуы қиялдың пассив түріне жатады.
Ырықты қиял-адамның саналы түрде мақсат қоюымен байланысты образдардың әдейлеп жасалуы. Қиялдың бұндай белсенді түрі балалардың ойнау әрекетінен де байқалады. Олардың ұшқыш, дәрігер, мұғалім,ғарышкер рольдерін орындағанда, ұқыптылықпен тырысқан мезгілінде ырықты қиялын көруге болады. Ырықты қиялдың жүйелі де күшті дамуы адамның еңбек әрекетінде іске асады, өйткені еңбек процесінің қайсысы да адам жұмысының нәтижесін алдын-ала елестетіп, оған керекті әдістерді жоспарлап отыруға мәжбүр етеді.
Қиял:
-қайта жасау;
-шығармашылық;
-арман қиялы болып келеді.