1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология



бет81/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   134
емтихан

Өзін-өзі бағалауы
Қалыптастырушы бағалау оқушының өзін-өзі бағалауы мен сыныптастарының бағалауын қолдануын қарастырады. Бұл тәсілдер қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін арттыруын қалыптастырады. Оқышалар өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау дағдыларын меңгеріп жатса, онда бағаның әділ қойылғанына күмін болмайды. Бірақ баға сезім негізінде қойылмай, тек белгіленген критерийлер негізінде қойылуын оқушыларға түсіндіргені дұрыс.Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың мәні — оқыту үдерісінде мақсат қойылыпбағалау критерийлер түсінікті болғанда ғана оқушылар өздерін бағалай алады.
Сабақ өткізу барысында тапсырманың мақсаттары мен бағалау критерийлері жөнінде ескеріп отырамын, өзін-өзі бағалауына уақыт қалдырамын. Оқушылар мақсаттарды және критерийлерді анық көру үшін тақтаның бұрышына немесе плакатқа жазып қоямын. Жұмыстарды тексеру алдында оқушыларға бағалау критерийлерін қайта ескертемін және соның негізінде өз жұмысын тексеріп, аяқтап тапсырады.
Мысалы төмендегі кестеде топтық жұмыстан кейін әр оқушы өзінің жұмысын анық көреді. «Менін күн тәртібім» тақырыбы бойынша постерге сурет салып, күн тәртібін жазған.
Кестеде келтірілген бағалау түрін қолдану кезінде оқушы мен мұғалінің қойған балдарының айырмашылы үлкен болмайды. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмысын бағалауы емес, сонымен бірге туындаған проблемаларды өздігінен анықтау мен шешу жолдары.
Оқушылардың өзара бағалауы
Өзара бағалау барысында оқушы басқа оқушының жұмысын тексереді. Оның жақсы немесе жаман жақтарын көріп, өзінің жұмысын да талдау жүргізе алады. Бірақ мұғалім оқушыларға тексеретін оқушының өзін емес, оның жұмысын тексеру керектігін еске түсіріп отыру тиіс. Мысалы:
«Тазалықты сақта» тақырыбын өту барысында, оқушыларға «Екі жұлдыз және бір тілек»тәсілі арқылы әр оқушыға өз сыныптасының жұмысын тексеруге берілді. Оқушылар жұмыстарын бағаламай жай ғана екі сәтті жағдайды жұлдызбен белгіледі (екі жұлдыз) және, оның ойынша, қайта қарастыратын жағдайға түсініктеме беріп, тілек білдірді. Оқушылардың кері байланысы ауызша да жазбаша берілді. Әр оқушы өзінің жұмысына түсініктеме алды және мұғалім «тілекті» дұрыс орындауына уақыт беріледі.
Критериалды бағалауды енгізуде рубрикакритерийлер, дескрипторлар деген ұғымдармен танысамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет