Пунктуациялық жаттығу. Тыныс белгісін түсіндіру ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Тыныс белгісін түсіндіруде мына мәселелерге көңіл аударған жөн: 1)мына жерге тыныс белгісі не үшін қойылады? 2)басқа емес, неге осы белгі қойылады? 3)бұл белгі неге осы мәтінге қойылған? 4)бұл белгі қай ережеге сүйеніп қойылған? Түсіндіру кезінде оқушылар өз беттерінше соған сәйкес мысал ойлай алатындай болу керек. Мысал бірыңғай мүше немесе бастауыштан кейін сызықшаның қойылуы, т.б.
Бұл сияқты жаттығудың мақсаты ‒ сөйлемді грамматикалық және мағыналық жақтан талдауға оқушылардың іскерлігін арттыру және сол белгінің қойылу себебін дәлелдейтіндей дәрежеге жеткізу. Жұмыстың бұл түрі пунктуациялық талдау болып табылады.
Мектепте пунктуациялық талдау синтаксистік талдаумен байланысты жүргізіледі. Пунктуациялық талдаудың түрлері: бір тақырыпқа арналған талдау; бірнеше тақырыпқа арналған талдау. Талданып отырған мәтіндегі бір я бірнеше тыныс белгісінің әр түрлі жағдайда қолданылуын, түсіндіру мақсатын көздейтін вариант (үтір, сызықша, т.б.). Оқушыларға тыныс белгісінің әр түрлі жағдайда қойылуын түсіндіру. Мысалы, жай сөйлем синтаксисінде үтірдің: бірыңғай мүшеге, оңашаланған айқындауышқа, оқшау сөздерге байланысты қойылатыны; сызықшаның: бастауыштан кейін, жалпылауыш сөзге байланысты; оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылуы.
Тыныс белгілерінен жіберілген қателер де емле қателері сияқты түгел есепке алынуы керек. Қатені мұғалім түзетеді немесе оқушылардың өздеріне түзеттіреді. Дәптерлерін тексеріп отырғанда, мұғалім қате жіберілгенжолдың тұсына сұрақ белгісін қояды. Бұл оқушыны ойландырып, өздерінің түзетулеріне жағдай жасайды.
Қатені түзеткенде, олардың ішінде оқушылардың оқып үйренгені мен әлі оқымағандарын ескеру керек.
Емле қателерін жіктеген сияқты, тыныс белгілері қателерін де жіктеу қажет. Бұл ‒ қатемен жүйелі әрі жинақты түрде жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.
Пунктуация мектеп бағдаламасында 5,6,7,8,9-сыныптарда оқытылады.
5-сыныпта: Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөзінің тыныс белгелері.
6-сыныпта:нүкте, көп нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі, тыныс белгілері туралы жалпы түсінік.
7-сыныпта: Жалпы түсінік, үтір, тырнақша, қос нүкте, т.б.
8-сыныпта: сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілер.
9-сыныпта: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, аралас құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |