1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Сынып жетекші – сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушы



бет86/134
Дата15.12.2022
өлшемі5.18 Mb.
#467283
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   134
емтихан

3.Сынып жетекші – сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушы.
Сынып жетекшісі жалпы білім беретін мектепте - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, үйлестіруші және өткізуші педагог.
Сынып жетекшісі – мектеп пен баланың арасындағы қарым-қатынас жүйесін сынып ұжымының тәрбиелік қызметінің санқырлы түрлері арқылы ұйымдастыратын кәсіби педагог, әрбір оқушының жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасайды және өз қызметін мектептің оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесі арқылы жүзеге асырады.
Сынып жетекшісінің мәртебесі мен қызметінің әр қырын қайта қарау жаңа тәрбие жүйелерінің дүниеге келуімен байланысты. Сынып жетекшісінің оқушылар ұжымындағы тәрбиелік әрекетінің нәтижесі тәрбиені жас ерекшілік дамуының әр кезеңінде оқушының өзін-өзі тәрбиелеуіне ұластыруға қол жеткізгенде, яғни бала тәрбие объекттісінен оның субьектісіне айналған кезде жоғары дәрежеде болады.
Сынып жетекшісі оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуына, мінез-құлқының дамуы мен қалыптасуына белсенді араласушы ойшыл ретінде көрінеді. Сынып жетекшісі баланың белсенділігін, әлеммен қарым – қатынасын, өзіндік «Менін» қалыптастыруға көмектеседі. Ол тәрбие үрдісін жүйе ретінде қабылдауға, өз іс-әрекетін талдауға және оны әріптестерінің қызметімен үйлестіруге, өзекті мәселені шешудің түйінін таба білуге, тәрбиелік әсері жоғалған, бір сарынды , қалыпты стереотиптерден бас тартуға даяр болуы тиіс. Осы міндеттердің қайсысы болмасын сынып жетекшіден тәрбиелік жұмыс формасын таңдауға шығармашылықпен қарауды талап етеді. Онда ол мектеп өмірінің нақты жағдайларын, мүмкіндіктерін, балалардың өзіндік ерекшеліктерін, бала өмірі мазмұнын олармен бірге ойластыруға, талқылауға, қорытындылауға, бағалауға, түзетулер енгізуге тура келетін жағдайды есепке алады.
Тәрбие жұмысының белсенді әдістері мен түрлі формалары арқылы ол тәрбие жүйесінің белсенді ойлау орталығына айналады. Балаға өзінің өмірлік үрдісін, әрекетін саналы ұғуына шешуші педагогикалық көмек көрсете отырып баланы тәрбие үрдісінің белсенді және саналы субъектіне айналдырады.
Бала тәрбиесін жүзеге асыруда сынып жетекшісі ата-аналар, пән мұғалімдері, психолог, тәлімгерлер, үйірме жетекшілері т.б бірлесе отырып ең алдымен перспективалық жоспарлау бойынша жүргізілетін жұмыстарды табысты атқарып, ғылыми негізделген, жан-жақты ойластырылған, тәрбиенің алға қойған мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз ететін жұмыс жоспарын түзе білуі қажет.
Сынып жетекшісінің өз қызметтерін нақты, жоспарлы ұйымдастыруы мен белсенді әдістерді қолдануы, тәрбиені технологияландыруы – оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіне саналы және белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.
Осы әдістемелік ұсынымды түзе отырып, сынып жетекшісінің жұмысын ұйымдастыру, тәрбие жоспарын жасау, тәрбие шараларын дайындау мен өткізу технологиялары, сынып сағаттарын тартымды етіп өткізу жолдары сияқты мәселелер төңірегінде сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек беруге тырыстық. Әсіресе, еңбек жолын жаңадан бастап жатқан жас сынып жетекшілеріне өз тәрбие жұмыстарын жүйелеуге септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты:
1. Оқушының өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, оның қоғамда табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау.
2. Баланың қабілеті мен оптималды даму мүмкіндіктерінің дер кезінде анықталуына, олардың қорғалуы мен қауіпсіздігіне, эмоционалдық жайлылықтарына психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу.
3. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік ортада қолдана алатын өмір тәжірибесінің: қазіргі және болашақ ересек өмірінде өзін-өзі дамытудағы, өзін-өзі анықтаудағы және өзін-өзі жүзеге асырудағы білімінің, біліктілігі мен дағдыларының қайнары ретіндегі саналуан шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық маңызды қызметтерін ұйымдастыру.
4. Өзара байланыста тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне жататындар:
• сынып ұжымы қызметін ұйымдастыру;
• сынып ұжымының оқу жұмысын ұйымдастыру;
• сыныптың оқудан тыс өмірін ұйымдастыру;
• оқушы тұлғасын зерттеу.
• оқушыларды әлеуметтік қорғау.
• ата-анамен жұмыс.
Сонымен бірге:
1. Оқушыларды тәрбиелеу қызметі. Сынып жетекшісі алдында тәрбие міндетін шешудегі барлық педагогтардың күшін біріктіру міндеті тұр. Бұл бағытта тәрбиені адамды дамытуға жағдай жасаудың мақсатты бағытталған іс әрекетіне негізделген адамды әлеуметтендіру үрдісінің педагогикалық компоненті ретінде қарауға болады. Бұл үрдіс барысында адам қоғамның экономикалық, саяси және рухани саласындағы күрделі әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіне қатысуға дайындалады.
2. Баланы әлеуметтік қорғау қызметі қоршаған ортаның жағымсыз ықпалынан қорғауды білдіреді. Әлеуметтік қорғау – бұл алдымен баланың оптималды әлеуметтік дамуын және оның жекелігінің қалыптасуын, өмір сүріп тұрған әлеуметтік-экономикалық жағдайға кірігуін қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық шаралардың кешені.
3. Ұйымдастырушылық қызметі. Сынып жетекшісі әртүрлі қызметті: танымдық, еңбек, эстетикалық және оқушының бос уақытының құрамдас бөлігі ретіндегі өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады. Сынып жетекшісі сыныптағы қарым-қатынас құрылымын реттеп отыруға тырысады, көшбасшылық белгілерінің пайда болуына, сол сияқты жауапкершілік, өзара көмек, бірлескен шығармашылық қарым-қатынастың қалыптасуына түрткі болады. Әсіресе, ұжымдық шығармашылық қызметті ұйымдастыру, оны оқу қызметінде де, оқудан тыс уақытта да пайдаланудың маңызы ерекше зор.
4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту қызметі. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл оқушылар ұжымының өмірлік қызметін олардың өзіндік белсенділігін дамыта отырып ұйымдастыру формасы.
5. Диагностикалық қызметі. Сынып жетекшісінің оқушылардың тәрбиелілігінің бастапқы деңгейі мен ондағы өзгерістерді үнемі салыстырып отыруын білдіреді, ол бала тұлғасын және оның жекелігін, алынған нәтиженің тиімділігін зерттеуге бағытталады.
6. Сынып жетекшісінің жоспарлау қызметі. Тәрбие жұмысын жоспарлау - қызметті рационалды ұйымдастыруда сынып жетекшісінің өзіне және сынып ұжымына көмегі. Жоспардың қызметі – педагогикалық қызметті реттеу, педагогикалық үрдіске қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет