• Көкбауыр пальпациясы науқасты арқасына немесе оң жақ бүйіріне жатқызып жасалады. Оң қолдың сәл бүгілген саусақтары Хқабырға тұсына қарама-қарсы сол жақ қабырға доғасынан 3-4 см төмен, оған параллелді қойылады. Науқас тыныс алғанда, егер ол ұлғайған болса, ол қабырға доғасынан шығады, пальпациялаушы саусақтарды итереді. Қалыпты жағдайда көкбауыр пальпациялан- байды, себебі оның алдыңғы шеті қабырға доғасынан 4 см жоғары орналасады. Көкбауырды тек 1,5-2 есе ұлғайған кезінде (спленонмегалия) пальпациялай аламыз. Көкбауырды пальпациялағанда оның пішіні, консистенциясы, беткейі, қозғалғыштығы, ауырсыэнуы бағаланады.
№14 билет
Перкуссия әдісімен көкбауыр шекараларын анықтау әдісі.
Көкбауырдың қалыпты мөлшерінде оның үстінен тұйық емес, сәл тұйықталған тимпаникалық дыбысты анықтаймыз. Алдымен көкбауырдың жоғарғы және төменгі шекараларын ортаңғы қолтық асты сызығымен анықтаймыз (қалыпты жағдайда көкбауырдың жоғары шекарасының тұйықтығы IX қабырғада, ал төмегі шекарасы - XI қабырға деңгейінде). Алынған нүктелердің ара қашықтығы (көк- бауыр тұйықтығының ені) орташа 4 см құрайды. Көкбауыр тұйық- тығының алдыңғы және артқы шекарасы перкуссия арқылы анықталады, ол үшін сол жақ қабырға доғасында, Х қабырғамен доғадан омыртқа бағанына қарай және сол жақ артқы қолтық асты сызығынан алдыға, дыбыс тұйықталғанға дейін перкуссиялаймыз. Алынған нүктелер арасындағы қашықтық көкбауыр ұзындығына сәйкес келеді (ересектерде орташа 6-8 см).
2. Шынтақ артериясында пульсті анықтау және оның қасиеттерін бағалау: ырғағы, жиілігі, толуы, кернелуі. Локтевая артерия. Пальпируется на передней поверхности предплечья, проксимальнее лучезапястного сустава, прижимается к локтевой кости. Шеткері артериялардың пальпациясында пульсті бағалауымыз керек. Артериялық пульс – жүрек карыншаларының систоласымен синхронды, кезеңді соқкы тәрізді шеткері қан тамырларының қабырғаларының қозғалысы. Шеткері тамырлардағы пульсацияның төмендеуі ондағы қан айналымының бұзылғанын көрсетеді. Пульсті білек, ұйқы (төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің ішкі жағынан, қалқанша шеміршегінің жоғары қырынан), самай (самай ойығынан), сан (пупорт байламының ортаңғы деңгейінде), тізе арты (тізе арты ойығында), артқы үлкен сан артериясы (ішкі жағынан), тобық сырты артериясында (дистальдік және тобықтың сыртқы үштен бір бөлігінің шекарасы) тексереді. Пульс екі қолдан жән аяқтан салыстырылып отырып анықталады. Сан артериясында пульс қолға қарағанда жоғары болады, бірақ төстегі балаларда аяқта пульс салыстырмалы төмен. 2 жастан жоғары балаларда пульс білек артериясынан анықталады. Пульстің жиілігі, ритмділігі, толуы, қысымы, биіктігі, формасы бағаланады.
• Пульсті санау бір минуттың ішінде жүргізіледі. Пульстің жиілігін аускультативті ЖСЖ салыстыруымыз керек. Себебі, балаларда пульстің жиілігі бір күннің ішінде өзгеріп отырады, оның нақты көрсеткіші таңертеңгі уақытта бала ұйқыдан оянған кезде бағаланады (аш қарында және вертикалды қалыпта жатқанда). Бұл пульс базальдық деп аталады. Сау балаларда пульс жиілігі ЖСЖ тең болады. Пульс жеткіліксіздігі - білек артериясына барлық пульс толқындары жетпейтін жағдай (мысалы, жүрекшенің дірілі). Пульстің жасқа сай нормасынан ауытқуы 10-15% аспауы керек, егер пульс сиресе - брадикардия, ал жиілесе - тахикардия деп аталады.
• Пульс ритмі дұрыс және дұрыс емес болуы мүмкін. Қалыпты жағдайда балаларда пульс тұрақты емес (тыныстық аритмия).
Аритмия 4-12 жаста максимальді көрініс береді және тыныспен байланысты (тыныс шығарғанда пульс азаяды). Тыныстық аритмия тынысты ұстап қалғанда жоғалады. Ерте жастағы балаларда бір тыныс қозғалысына 3-3,5, ал ересектерде - 4 жүрек жиырылуы сәйкес келеді.
• Қысылу қысыммен сипатталады, шеткері тамырларда пульстік толқынды үзу үшін қажет. Қалыпты жағдайда пульстің қысылуы әлсіз болады. Бұл сипаттың өзгерісінде қысылған қатты және қысылмаған жұмсақ пульс ажыратылады. Қысылу дәрежесіне байланысты АҚҚ және артерия қабырғасының тонусын анықтаймыз.
• Толу бағаланады, артерия көлемімен салыстырғанда, қан тамырын басып қайта жібергенде, онда қан айналымының қайта қалпына келуімен (толық және бос пульс). Толу дәрежесі систолалық лақтырысқа, жалпы қан көлеміне және оның таралуына байланысты.
• Биіктік - жалпы толу және қысылу сипатымен анықталады. Пульс биіктігі АҚҚ амплитудасына пропорционалды. Үлкен және кіші пульстерді бөледі.
• Форма - артерия ішілік қысымның тез жоғарылауына және түсуімен сиипатталады. Жедел және баяу пульсті бөлеміз.