1 билет Зарядтың сақталу заңы



бет8/9
Дата24.12.2023
өлшемі1.42 Mb.
#487855
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1-30

24-Билет
1.Изопроцесттер
Изопроцестер деп үш параметрдің (Р - қысым, V - көлем, Т - температура) біреуі тұрақты болғандағы басқа екі параметр өзгеретін процесті айтады.
Изопроцестер үшеу: изотермалық, изобаралық, изохоралық.

  1. Тұрақты температурада термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі деп атайды.

  2. Тұрақты қысымда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі Изобаралық процесс деп аталады.

  3. Көлем тұрақты болғанда, температураның өзгеруінен туындайтын газ қысымының өзгеру процесін Изохоралық процесс деп атайды.

Барлық газ заңдары Менделеев-Клайперон теңдеуінен жеңіл алынады.

2.Атомның сызықты спектлері. Де Бройль гипотезасы
Атомдық спектр — еркін немесе әлсіз әсерлесетін атомдардың (мыс., газ, бу) жұтылу және шығару спектрі. Ол атомның энергия деңгейлері арасындағы кванттық ауысулар нәтижесінде пайда болады. А. с. сызықтық спектр болып есептеледі, яғни олар жеке-жеке спектрлік сызықтардан тұрады. Спектрлік сызықтардың әр қайсысы Бордың жиіліктер шарты бойынша һ= Еі - Eк, (мұндағы h — Планк тұрақтысы) атомның Еі және Ек екі энергия деңгейі арасындағы ауысуға сәйкес келеді. Спектрлік сызықтар толқын ұзындығы, жиілік жарық жылдамдығы) және фотон энергиясы (h) арқылы сипатталады. А. с-дің түрі берілген элемент атомының құрылысына ғана емес, сыртқы факторларға да (температура, қысым, электр және магнит өрістері) тәуелді.
Де Бройль гипотезасы Француз физигі Луи де-Бройль (1924 ж.) жарық қасиеттерінің екі жақтылығы электронға да тән деген гипотеза ұсынды. Оның пікірінше электронның қозғалысымен бір толқындық процесс байланысты. Бұл қозғалыс толқын ұзындығы мен электрон импульсі арасындағы байланысты, егер электронның жылдамдығы жарықтың жылдамдығынан аз болса, Егер электронның массасы т, жылдамдығы  болса, онда оның импульсі  болса, онда де-Бройльше
бұдан  . (1)
Осы (1)-өрнек де-Бройль формуласы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет