1. Білім беру бағдарламасы бойынша кешенді емтихан


Кешенді емтихан өткізу және бітіру жұмыстарын қорғау тәртібі



бет2/10
Дата20.10.2022
өлшемі363.5 Kb.
#463085
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
РУП (каз) комплексных экзаменов

2. Кешенді емтихан өткізу және бітіру жұмыстарын қорғау тәртібі
2.1 Кешенді емтиханды өткізу алдында студенттерді әрбір пән бойынша алдағы емтихандарға бекітілген кесте бойынша және академиялық күнтізбеге сәйкес консультация (нұсқаулық сабақтар) нысанында даярлау жүргізіледі.
2.2 Бір жұмыс күні ішінде саны 12-15 адамнан аспайтын білім алушыларды аттестаттауға жол беріледі. Емтиханның ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспайды. Егер емтихан аралас түрде өткізілсе, алдымен студент жазбаша жауап дайындайды, содан кейін оны аттестаттау комиссиясының мүшелеріне ауызша ұсынады. Білім алушыларға жазбаша жауаптардың егжей-тегжейлі жазбаларын жасау ұсынылады, өйткені билет сұрағына жауапты жалпы бағалау кезінде жазбаша жауаптың мазмұны мен дұрыстығы ескеріледі. Бұл жауаптардың егжей-тегжейлі жоспары, практикалық және ситуациялық есептерді шешу, статистикалық мәліметтер, нормативтік және құқықтық актілердің дәл тұжырымдары, жауаптарды суреттеуге мүмкіндік беретін схемалар, формулалар және т. б. болуы мүмкін.
2.3 Қажет болған жағдайда толық жауап беру үшін қажетті көзделген нормативтік, статистикалық және өзге де анықтамалық әдебиетті пайдалануға болады.
2.4 Емтихан билетінің сұрақтары бойынша жазбаша жауап дайындауға студентке 45-тен 75 минутқа дейін уақыт беріледі, барлық сұрақтарға ауызша жауап беру уақыты 15 минуттан аспайды. Тесттік емтиханға жауап берудің жалпы уақыты 60 минутты құрайды.
2.5 Емтихан комиссиясы әрбір студенттің жауабын жеке тыңдайды. Білім алушының емтихан билетіне берген жауабын немесе әрбір сұрақты комиссияның жекелеген мүшелері немесе екі-үш мүшеден тұратын топ тыңдай алады.
2.6 Білім алушы билеттің барлық сұрақтарына жауап береді, содан кейін комиссия мүшелеріне емтихан бағдарламасының шегінен шықпайтын нақтылаушы, түсіндіруші және толықтырушы сұрақтарға жауап береді.
2.7 Емтихан аяқталғаннан кейін комиссия өзінің отырысында әрбір түлектің ауызша жауабының сипатын және оның жазбаша жұмысын талқылайды, ұсынылған критерийлерге сәйкес келісілген қорытынды баға қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет