1. Білім беру бағдарламасы бойынша кешенді емтихан



бет1/10
Дата20.10.2022
өлшемі363.5 Kb.
#463085
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
РУП (каз) комплексных экзаменов


Оқу жұмыс бағдарламасы

Ф 3-9.07-2022
1 баспа 02.02.2022








ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ








БЕКІТЕМІН
Факультет деканы
__________ ___Әймен Ә.Т.__
/қолы/ /Т.А.Ә./
«____» ______________ 20___

КЕШЕНДІ ЕМТИХАН БОЙЫНША
БАҒДАРЛАМА
МАМАНДЫҚ / БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ҮШІН


5В090200 – «ТУРИЗМ», 5В091200 – «МЕЙРАМХАНА ІСІ ЖӘНЕ МЕЙМАНХАНА БИЗНЕСІ», 6В11111 – «ТУРИСТІК БИЗНЕС»

Тараз 2022

Кафедра мәжілісінде бекітілді ____________«Туризм және сервис»_____________


Хаттама №______от «________»_______________20_____г.


Кафедра меңгерушісі ___________________ ___Орынбаева Ұ.А.___
/қолы / /Т.А.Ә../

Кешенді емтихан өткізуге қойылатын талаптар
1. Білім беру бағдарламасы бойынша кешенді емтихан:
- Білім беру бағдарламасы бойынша емтихан мазмұнына Оқу жұмыс жоспарының үш пәнінен сұрақтар енгізілді:
1) бейіндеуші пәндер циклінің ЖОО компонентінен бір пән;
2) бейінді пәндер циклінің таңдалған компонентінен бір пән;
3) негізгі пәндер циклынан бір пән:
- кешенді емтиханның билеті әр пәннен бір сұрақ бойынша үш сұрақтан(тапсырмадан) тұруы тиіс;
- әр пән бойынша кемінде 50 сұрақ құрастырылуы керек, бұл сұрақтар нақты сандық мәндерді ала отырып, практикалық мәселелерді шешуге бағытталуы қажет. Басқа мамандықтар үшін кәсіби құзыреттерді көрсетуге / практикалық білімдерді қолдануға бағытталуы тиіс;
- емтиханға билеттер дайындаудағы басты шарттардың бірі-күрделілігі (еңбек сыйымдылығы) бірдей деңгейдегі сұрақтарды әзірлеу, бұл ретте әр сұраққа жазбаша жауап дайындауға студентке 15-20 минут бөлінетінін ескеру қажет;
- кафедра пәндер тізбесін қалыптастырады және емтихан сұрақтарының тізімін әзірлейді. Сұрақтар тізімі кафедра отырысында қаралады. Сұрақтар тізбесі, сондай-ақ төменде келтірілген техникалық талаптарға сәйкес орындалған электрондық түрдегі сұрақтар тізімі бар кафедра отырысынан көшірмесі тіркеу офисіне тапсырылады. Компьютерлік бағдарламаны орындау арқылы тіркеу офисі студенттер саны бойынша емтихан билеттерінің нұсқаларын дайындайды.
- бітіруші кафедра бітіру кезеңінің басынан кеш емес мерзімде ұйымдастыру сұрақтарына, емтихан қабылдау үшін күндер саны бойынша паспорт пен конверттерді тапсырады, конверттерді ресімдеу университетте қабылданған қағидаларға сәйкес келеді.
Тіркеу офисінің қызметкері билеттерді қалыптастыруды және басып шығаруды ДАП өкілінің қатысуымен ғана жүргізеді. Екі бөлімнің өкілдері бірлесіп нөмірлейді және билеттерді конверттерге салады. ДАП қызметкері бірінші проректормен билеттерді келісу және бекіту рәсімін жүзеге асырады, содан кейін конверттерді мөрлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет