-
білім алушыға бағдарламалық материалды игеру үшін қажетті жұмыс әдістерін
таңдауға көмектесу;
-
күрделі тақырыптың түсіндірмесін
қайта тыңдауға, оқу материалын бекіту үшін
практикалық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік жасау;
-
білім алушының ғылыми саладағы өзіндік жұмысына көмек.
ОБМӨЖ-дің бақылау функциясы білім алушылардың оқуға деген ынтасын арттыру
үшін олардың білімін ағымдағы, межелік және қорытынды бақылау барысында жүзеге
асырылады. ОБМӨЖ
барысында білім алушы бақылау, семестрлік және курстық
жұмыстарды
орындауға тапсырма алады, оқытушымен кеңеседі.
ОБМӨЖ әр пән бойынша күні, уақыты, аудиториясы және оқытушылары
көрсетілген кестеге сәйкес барлық академиялық кезең бойында өткізіледі. ОБМӨЖ
шеңберіндегі сабақтардың кеңес беруші және интерактивті нысандары болуы мүмкін,
олардың арақатынасы оқытылатын пәннің күрделілігімен,
оны оқуға бөлінген
аудиториялық сағаттардың көлемімен, білім алушылардың
дайындық деңгейімен
анықталады.
ОБМӨЖ шеңберіндегі сабақтар ағымдағы рейтингісі төмен, қосымша кеңес алғысы
келетін, пән бойынша алынған тапсырмаларды орындау кезінде қиындық туындайтын
білім алушыларға арналған.
Оқытушы білім алушылардың ағымдағы рейтингісін
басшылыққа ала отырып,
ОБМӨЖ шеңберінде сабаққа қатысушылардың құрамын үйлестіруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: