18. Фолийқышқылы витамині,оның биологиялық маңызы. Фоли қышқылы (Вс витамині, В9 витамині, фолацин). Фоли қышқылы молекуласы птерин мен пара-аминобензой қышқылының сақиналарынан жəне глутамин қышқылынан тұрады. Птерин мен n–аминобензой қышқылынан құралған қосылыс птероил қышқылы деп аталады, ол қосылыс глутамин қышқылымен əрекеттеседі де, фоли қышқылы витаминін (птероил-глутамин қышқылын) береді, folium – латынша көк жапырақ. Вс деген атқа ие болу себебі: құс балапандарына жүргізілген тəжірибелер арқылы бұл витаминнің биологиялық қызметі анықталады, ағылшынша chicken – балапан деген мағынаны береді.
Фоли қышқылы (Вс витамині). Фоли қышқылы сары түсті кристалдық зат, суық суда жəне спиртте нашар ериді, ацетон, хлороформда мүлдем ерімейді. Фоли қышқылына тотығу-тотықсыздану реакциясы тəн. Фермент əсері арқылы сутегі атомдарымен тотықсыздандырған кезде ең алдымен дигидрофоли қышқылына айналады, одан кейін тетрагидрофоли қышқылы (ТГФҚ) түзіледі, ал қышқыл ауадағы оттегімен оңай тотығады. Тетрагидрофоли қышқылы Bс витаминінің акивті түрі, коферменттік қызмет атқарады, фолаттық кофермент түзеді. ТГФК сүтқоректі жануарлардың көпшілігіне, солардың ішінде адамға да қажет. Фолаттық коферменттер жəне олардың туындылары қатысатын жиырмаға жуық реакция белгілi, мысалы: олар жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Фолаттық коферменттер жасуша ядросындағы нуклеопротеидтер синтезіне жəне қанның пайда болуын реттеуге қатысады. Осыларға байланысты Вс - авитаминозы кезінде қанның қызыл жəне ақ жасушалар саны азаяды жəне микроцитарлы (қатерлі емес) анемияға ұшырайды, мұндай авитаминоз кезінде жа нуарлардың жұқпалы ауруларға төзімділігі нашарлайды. Фоли қышқылы жануар тектес өнімдерде, əсіресе, өсімдік тектес өнімдерде көп кездеседі. Əртүрлі өсімдіктердің жасыл жапырақтары, жас көкөністер, ашытқы ондай қышқылдарға бай болады. Ересек адамға бір тəулікте қажетті мөлшері 1-2 мг. Емдік мақсатпен күніне 3-20 мг мөлшерінде витамин беруге болады.
20. Тироксин гормоны,формуласы және оның зат алмасу процесіне әсері Қалқанша безінің гормондары. Қалқанша безінің атауы гректің «тиреос» - қалқан, «идос» - ұқсас деген сөзінен шыққан. Сүтқоректі жануарлардың қалқанша безі мойынның ортасына таман, көмейдің алдыңғы қабырғасын құрайтын үлкен қалқанша тəрізді шеміршектің үстінде жатады, аты да содан пайда болған. Микроскоппен қарағанда қалқанша бездің эпителий тінінен түзілген толып жатқан кішкене көпіршіктерден құралғандығы көрінеді. Бұл көпіршіктер капиллярмен шырматылған. Қалқанша безі – ішкі секреция бездерінің өте маңыздыларының бірі, тіршілікке өте қажетті без. Зат алмасуына тигізетін əсері ұшан теңіз. Ағзадағы айналып отыратын барлық қан тəулік бойы бірнеше рет қалқанша безі арқылы өтеді де, оның бөліп шығарған секретін барлық ұлпаларға жəне ағзаларға жеткізеді. Қалқанша без гормонының ең қасиетті бөлігі йод болады. Сондықтан ағзаға йод жеткіліксіз болса, қалқанша бездің көлемі ұлғаяды да, без иек астында құстың жемсауына ұқсап шор болып тұрады. Қалқанша бездің үлкеюіне байланысты бұл кесапатты халық арасында жемсау (зоб) деп атап кеткен. Эндемиялық ауру деудің себебі сол, ол үнемі белгілі бір жерлерде кездеседі. Бұл жағдай біріншіден, біздің айналамыздағы ортада йод аз болғандықтан, ол қоректік заттармен бірге ағзаға аз мөлшерде қабылданады. Екіншіден, ағза йодты артық мөлшерде жұмсайды (гиперфункция). Үшіншіден, ағзада бар йодты қалқанша безі белгілі бір жағдайда толық пайдалана алмауы мүмкін (гипофункция). Осы аталғандардың бəрінде де қалқанша безінің гормон түзу мөлшері бұзылып, жемсау ауруы пайда болады. И. П. Павловтың ағза мен оны қоршаған орта тұтастығы туралы ілімі эндемиялық жемсаудың таралу себептерін дұрыс түсінуге жол ашты. Қалқанша бездің негізгі, əсіресе, активті гормоны тироксин мен трийодтиронин. Ол гормондар бірнеше рет айналып өзгеру нəтижесінде тирозин амин қышқылынан түзіледі. Тиреоглобулин гидролизі кезінде тирозиннің йодтанған туындылары жəне басқа да амин қышқылдары босайды.