1. Биохимия ғылымы: Биохимияның даму тарихы. Атақты биохимик ғалымдар. Биохимияның дамуы бір – бірімен шектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық


Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары. Химиялық табиғаты, зат алмасу процесіне әсері



бет14/32
Дата30.11.2023
өлшемі413.22 Kb.
#485009
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
биохимия ответы

25. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары. Химиялық табиғаты, зат алмасу процесіне әсері
Гипофиз (ми қабаты гормондары). Гипофиз (ми қосалқысы) - омыртқалы жануарлардағы ішкі секрецияның аса маңызды безі. Мидың астында орналасқан. Гипофиз - алдыңғы (аденогипофиз), ортаңғы (нақ аралық) жəне артқы (нейрогипофиз) үш бөліктен құралады. Алдыңғы жəне ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гистологиялық құрылысы күрделі алдыңғы бөлімі негізінен хромофобты без жасушаларынан, ортаңғы бөлімі – базафильді жасушалардан, артқы бөлімі питуицидтер мен жүйке талшықтарынан тұрады. Жалпы алғанда, гипофиздің ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған жəне қызметі əлі күнге дейін айқындалған жоқ деуге де болады. Олардың əр бөлігі ерекше гормондар өндіреді. Молекулалары пептидтік құрылыспен сипатталады. Пептидтік гормондар белоктік қосылыстар болып саналады: олардың молекулалары ашық та, тұйық та (циклді) бола алатын пептид тізбекшелерінен құралады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары: соматотропин, тиреотропин, адренокортикотропин жəне үш түрлі гонадотропиндер.
26. Вазопрессин және окситоцин. Химиялық табиғаты, зат алмасу процесіне әсері.
Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары: окситоцин жəне вазопрессин. Вазопрессин ағзада су-тұз алмасуын реттейді. Вазопрессин түзілу процесі бұзылған кезде адамда зəр көп бөлінеді, оның мөлшері тіпті тəулігіне 20 л шамасына дейін жетеді. Мұндай сырқатқа ұшырағандар суды көп ішеді, сусамыр болады. Вазопрессин қан тамырлары саңылауларын тарылтады жəне қан қысымын көбейтеді. Окситоцин химиялық табиғаты жағынан вазопрессинге ұқсайды. Окситоцин жылтыр бұлшық еттерді қатты жиырылтып, қысқартады. Тууы қиындап, ұзап кеткен кезде окситацин қолданылады.
27. Простагландиндер, олардың түзілуі және биологиялық маңызы,
Майларды гидрлеу процесі-сутектің қанықпаған қышқылдар қалдықтарына қосылуы (қос байланыс бойынша),нәтижеде олар қаныққан қышқылдар қалдықтарына айналады да сұйық майлар қатты майларға ауысады.Катализатор ретінде ұсақ майдаланылған никель қатысады. Майлар құрамдарына кіретін қанықпаған карбон қышқылдары қос байланыс бойынша тотығады. Бұл кезде аса тотығу өнімдері түзіледі. Соңғы кезде құрамында қанықпаған қышқылдары бар майлардың липидтер мен ақсылдар алмасуына гипертония мен атеросклероздың өтуіне тиімді әсері анықталды.Аталған аурулардың алдын алу және емдеу үшін өсімдік майларын және олеин,линол және линолен қышқылдарының этил эфирлерінің қоспасы түріндегі деп аталатын синтетикалық затты қолдану қажет. Простагландиндер Простагландиндер өте аз мөлшерде адам және жануарлар ағзаларының барлық жасушаларында кездеседі, бірақ оның ең көп мөлшері ұрықта болады.Простагландиндерді зерттеу 1933ж. бұлшық етті ынталандыру және қан қысымын төмендететін биогенді тұзды физиологиялық белсенді зат анықталған соң кеңнен өріс тапты.Кейіннен ол простогландин (ПГ) деп аталды,себебі ол қуық түбі безінде түзіледі деп болжамданды (glandula prostata ). Бұл простогландиннің құрылысы 1962 ж анықталды,ал 1968 ж оны алғаш рет алу мүмкіндігі туды.Қазіргі кезде бірнеше ондаған простогландиндер белгілі.Олардың бірнеше карбоксил тобы бар және молекуласы 20 көміртек атомдарынан тұрады,яғни бұл заттарды эйкозан қышқылының туындылары ретінде қарауға болады.
Эйкозан қышқылы Бірақ , соңғысына қарағанда , простогландиндер өз құрамында циклопентан сақинасына ие,ал сондықтан оларды құрамында бірден үшке дейін көміртек көміртек қос байланыстары ,бір не екі гидроксил тобы, ал кейде карбонил тобы бар простан қышқылының туындылары деп те қарастыруға болады. Бесмүшелі сақинада және бүйір тізбектердегі қос байланыстардың және орынбасарлардың болуына байланысты простагландиндерді А, В, С, Д, Е және Ғ деген әріптермен белгілейді. Бүйір тізбектегі қос байланыстың санына қарай көрсетілген топтардың әрқайсысы индекстермен белгіленеді серияларға бөлінеді. Ағзадағы простагландиндердің биосинтезі,ең алдымен архидон қышқылы және т.б. Полиқанықпаған майлы қышқылдардың көмегімен іске асады.Өте аз мөлшерде простогландиндер адам және жануарлар ағзаларының барлық дерлік жасушаларында кездеседі,бірақ оның ең көп мөлшері ұрықта (0.3г/г ) болады. Линетол.Г дәруменіҚазіргі уақытта құрамында қанықпаған қышқылы болатын майлардың липижтер мен ақуыздар алмасуына ,гипертония мен атересклероздың жүруіне оң әсер ететіні анықталды.Сондықтан да мұндай ауруларды емдеу және алдын алу шараларын жүргізу үшін өсімдік майлары мен линетолды пайдалануға кеңес береді.Соңғы зат синтетикалық препарат,ол олеин ,линол,әсіресе үстем мөлшердегі линолен қышқылдарының этил эфирлерінің қоспасы болып табылады. Полиқанықпаған майлы қышқылдарды шартты түрде «Г дәрумені» тобына біріктіреді.Өсімдік майында кездесетін көміртек атомы 18 және 20 болатын қанықпаған майлы қышқылдары липидтердің (атап айтқанда,холестериннің ) алмасу процесіне өте қажет.Г дәруменінің химиялық құрамы.Г дәруменінің құрамына линол ( ),линолен ( ) және арахидон қышқылдары ( ) енеді. Г дәруменінің биологиялық маңызы.Г дәрумені суда еритін дәрумендердің әсерін арттырады.Ұлпаларда Г дәруменінен простогландиндер түзіледі. Простогландиндер ( гормондар тобы ) бұлшық етке, жүрек тамырларына әсер етеді, жүкті әйелдерге тез әрі жеңіл босануына әсер ететін гормон. Простагландиндер мен тромбоксандар. Простагландиндер-жоғары активті органикалық заттар,олар бір жерде әсер ететін гормондар. Бұл гормондарды 30жылдары ең алғаш швед ғалымы У.Эйлер тапты.Ол адам спермасында,бұлшық еттің жиырылуындажағдай жасай алатын және қан қысымын төмендететінзат бар екен айтады. Оның простагландин деп аталу себебі ол ең алғаш қуық түбі безінің ұрықтық сұйық затынан бөліп алынды.Лейкотриндер дегеніміз-бір қатар физиологиялық процестер үшін қуатты биореттеуші,асқазан ішек жолындағы біртегіс бұлшық еттерді активті жиырылтады, журекке әсер етеді, жүрек тамырларын қатты жиырылтады. Простагландиндер ,тромбоксандар,прстациклиндер және лейкотриендердің биохимиялық процестердің осы бір қуатты реттеушілердің атқаратын қызметіне жасалған қысқаша шолудан полиқанықпаған май қышқылдарының,ең алдымен арахидон қышқылының қаншалықты маңызды екені байқалды.Химиялық табиғатыҚазіргі кезде 20шамасындай простагландиндер белгілі. Олардың бәрі полианқанықпаған арахидон қышқылының туындысы молекуласында 20көміртегі атомдары және төрт қос байланысы бар. ПГ клетка мембранасыданда алты заттан түзіледі,ол зат фосфолипаза көмегімен фосфолипидтерден бөлініп шығады. ПГ дегеніміз-полиқанықпаған гидроксимай қышқылы.Әсер ету механизміПГ өзінің рецепторларымен клетка мембранасында байланысады және циклдық АМФ пен ГМФ синтезін реттеу арқылы әр түрлі биохимиялық әсер береді. Мұндай әсер өз кезінде белок құрамының құрылуына жағдай жасайды.ПГ клетка мембраналарындағы кальций иондарының тасмалына әсер етеді.Биологиялық маңызыПГ клеткадағы зат алмасуды белсенді түрде реттеуші қызметін атқарады.ПГЕ-нің жылтыр бұлшық етті,әсресе жатыр бұлшық етін және жұмыртқа жолының бұлшық етін жиылдыратыны қан тамырын кеңейтетін қанның ұюын баяулататыны және асқазан сөлінің бөлінуін тежейтіні дәлелденді.ПГ ішек-қарын өкпе мен қолқа жұмысын жақсартады,жүрек қызметінің ырғақтылығын өзгертеді,әйелдердің жыныс циклына әсер етеді,орталық жүйке жүйесінің жұмысын активтендіреді,қабыну процестеріне жауапты,т.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет