Олжас Сүлейменов (1936)
О. Сүлейменовтің туған жылы мен туған жері: (1936 жылы Алматы қаласында)
«Невада-Семей» халықаралық қозғалысына жетекшілік еткен ақын: (Олжас Сүлейменов)
Жалынды поэзиясына әлем жұртшылығы құлақ түрген ақын: (О.Сүлейменов)
О.Сүлейменов қай жерде білім алған: (Мәскеуде, М. Горький атындағы Әдебиет институтында)
«Адамға табын, Жер, енді» поэмасының авторы: (О.Сүлейменов)
«Аз и Я» атты зерттеу еңбегінің авторы: (О. Сүлейменов)
«Асқардан асу», «Арғымақтар» жинақтарының авторы: (О.Сүлейменов)
«Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдерінің авторы (О. Сүлейменов)
О. Сүлейменовтің оқулыққа енген , ұлттық мінезге тәнті өлеңі: (Арғымақ)
Мына өлең жолдары алынған О. Сүлейменовтің өлеңі:
Дала қандай!
Даладағы ат қандай!
Нөсер шөпке белшесінен батқандай (Арғымақ)
О.Сүлейменовтің ұлттық дүниетаным мен салт –дәстүрді сипаттайтын шығармасы: (Қыз қуу)
Ұлттық ойынға байланысты О. Сүлейменовтің өлеңі: (Қыз қуу)
О.Сүлейменов «Қыз қуу» өлеңінде шебер қолданған айшықтаудың түрі. (Қайталау)
«Көндім –ау бұл азапқа,
Көндім-ау бұл мазаққа,
Мұндай мазақ –азаптан
Жеңіл шығар тозақ та!»-деген өлең шумағы алынған О. Сүлейменовтің өлеңі: (Қыз қуу)
О. Сүлейменовтің шетелдік қазақтар туралы жазған өлеңі: (Ришад-қыр қазағының баласы)
Мен сыйлаған тақияны
Төсіне
Басып тұрып,
Қарады-ау бір тесіле.
Үнсіз –түнсіз кетті әкесі бұрылып,
Туған жері түсті ме екен есіне.
Тапты деп бір туысқанын баласы,
Қуанып жүр,
Мәз болып жүр анасы,-деген үзінді алынған О. Сүлейменовтің өлеңі: (Ришад- қыр қазағының баласы)
«Қыш кітап» атты поэманың авторы: (О. Сүлейменов)
М.Мағауин О. Сүлейменовтің қай шығармасына қатысты пікір айтады: (Қыш кітап)
О. Сүлейменов туралы «Қыш кітап»- Отанға сүйіспеншілік туған халыққа адалдық , азаматтық борыш туралы шығарма ...
Поэмада көне скиф дәуірінің шынайы көріністері бар... Ең бастысы- ақын өткен күннің сауатын бүгінгі күн талабымен
үндестірген»,- деген пікірдің авторы: (М. Мағауин)
«Көгілдір маршрут» , «Бабалар жері» кинофильмдері қай ақынның шығармасы бойынша түсірілген :
Достарыңызбен бөлісу: |