Композиция элементі: (Пролог, шарықтау шегі)
Көркемшығарманың құрылымына тән қатар: (Оқиғаның басталуы, байланысы, шарықтау шегі,шешімі)
Оқиғаның болатын орны, мерзімі: (Экспозиция)
Сюжет – үлкен шығарма ішіндегі білінбей жымдасып кеткен оқиғалар желісі.Көркем шығармадағы оқиғалардың рет-ретімен баяндалып, бір-бірімен байланысып, біртұтас желі құруы.
Оқиға не оқиғалар жиынтығы , әдеби шығармадағыоқиға желісі: (сюжет)
Шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі тән: ( сюжеттің байланысына)
Адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп,өрбіп жеткен жері болатын сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы: (Оқиғаның шарықтау шегі)
Адам мен оның өмір сүру жағдайларын шын күйінде көрсету: (Реализм)
Әдебиеттегі мазмұн: (Шығармадағы өрнектелген өмір шындығы)
Шығарманың мазмұны сипатталады: (Тақырыппен идеямен)
Шығараманың тақырыбы деген ұғымға сай келетін жауап: (Жазушының көркем шыгармасына негіз,арқау еткен өмір құбылыстарының түйіні)
Әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті,өткір мәселелердіқозғайтын саласы: (көсемсөз)
«Классикалық әдебиет» деген ұғымның анықтамасы: (Үлгілі, кемелденген,жоғары сапалы деген ұғым)
Лирикалық қаһарман немесе ақындық тұлға – әр оқырман жүрегіне жол тауып, онымен дәл өзіндей сырласатын өлең кейіпкері.
Баяндау – көркем шығарманың оқиғасын желілі түрде әдеби тілмен көркемдегіш құралдар арқылы іңгімелеп жеткізу.
Мен – қазақ,қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім- қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!Берілген үзінді қай кейіпкерге тән? (Лирикалық кейіпкерге)
Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде әңгімелеу: (Баяндау)
Суреттеу – шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиға болған жермен, кейіпкерлермен, оған қатысты нәрселермен таныстыру барысында қолданылатын әдеби әдістің бір түрі.Түрлері: пейзаж, портрет, мінездеме.
Достарыңызбен бөлісу: |