1. Бізді? заманымыз?а дейінгі жазу- сызулар мен а?ыз- жырлар
Ж.Аймауытов-новелла, хикаят, романның айтулы шебері, психолог жазушы, үздік стилист
Туған жері: Павлодар обл. Баянауыл ауд. Қызылтау атырабы
Романдары: «Қартқожа» (Қызылорда, 1926), «Ақбілек» («Әйел теңдігі» журналы, 1928)
Повесі: «Күнікейдің жазығы» («Жаңа әдебиет» журн.1928)
Әңгімелері: «Әнші», «Елес», «Елеусіз ерлер», «Бетім-ау, құдағи ғой», «Боранды болжаған әулие»
Поэмасы: «Нұр күйі» (Қызылорда, 1929)
Өлеңдері: «Жас көсемдер маршы», «Еңбекшілдер ұраны», «Жазушыларға», «Көшу», «Жәмила»
Драмалық шығ: «Рабиға», «Сылаң қыз» (1922), «Мансапқорлар», «Ел қорғаны», «Шернияз» (1925), «Қанапия-Шәрбану» (1926)
Еңбектері: «Психология» (Жан жүйесі мен өнер таңдау) 1926, «Комплекспен оқыту жолдары» 1929
Жүсіпбектің әкесінің аты (Аймауыт)
15-16 жасында үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, 2сыныптық мектепке түскен жазушы (Ж.Аймауытов)
«Ең алғаш өлең жазғаным 13 жасар кезім болса керек. Дұғалық жазатын кішкене ғана кітапшама тіленші шалға есігін ашпаған кемпірді, көшкенде байталға мінбеймін деп әкесін ренжіткен қызды өлең ғып жазып қойғанымды әкемкөріп, маңдайымнан иіскегені әлі есімде»,-деген жолдар кімнің өмірбаянынан (Ж.Аймауытов)
«Екеу» деген бүркеншік атпен М.Әуезовпен бірлесіп, Абай қазасының он жылдығына арнап кеш өткізген жазушы (Ж.Аймауытов)
М.Әуезовпен бірге «Абай» журналында еңбек еткен әрі Абай қазасының он жылдығына арнап кеш өткізген жазушы (Ж.Аймауытов)
В.Шекспир, В.Гюго, Г.Мопассан шығ.аударған жазушы (Ж.Аймауытов)
Ж.Аймауытов кімнің шығ.аударған (В.Шекспир, В.Гюго)
Ж.Аймауытов қызмет еткен газет («Ақ жол») Ж.Аймауытов қандай газеттерде еңбек еткен («Қазақ тілі», «Ақ жол») Ж.Аймауытовтың ұсталған жылы (1929) Қазақ тілінде жазылған тұңғыш псих-қ еңбектің авторы (Ж.Аймауытов) Ж.Аймауытовтың кітабы («Психология») Ж.Аймауытовтың «Психология» еңбегінде адам мінездерін неше топқа бөледі (8топқа) 1.күйгелек (нерв) 2.аяныш жанды (сентимент) 3.ыстық қанды (сангв) 4.салқын қанды (Флегм) 5.қызбалы (холерик) 6.құмартпалы (страст) 7.ұйытқымалы 8.сарыуайымшыл (апатичный)
Ж.Аймауытовтың дәуірдің тыныс-тіршілігін, өмір шындығын анықтайтын өлеңі («Ұршық») Ж.Аймауытовтың романы («Қартқожа») «Қартқожа» романының авторы (Ж.Аймауытов)
Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романының шыққан жылы (1926, Қызылорда)
«Қартқожа» романындағы аштық суреті псих-қ тұрғыдан дәл суреттегені сонша, еске әйгілі бір шығарманы түсіреді, соны белгілеңіз (Киут Гамсун «Аштық») Ж.Аймауытовтың тарихи тұлғалардың өмірінен дерек беретін туындысы («Қартқожа») Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романында бейнеленген тарихқа белгілі адам (С.Торайғыров) Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романының 3-бөлімі сыншылардың пікірінше қалай суреттелген (Очерк сарындары, асғыстық қылаң береді) Басты қаһармандарының азамат ретінде қалыптасуы 16-жыл оқиғаларына байланыстырыла суреттелетін Ж.Аймауытовтың шығармасы («Қартқожа») «Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?.. деген үзінді алынған Ж.Аймауытовтың шығармасы («Қартқожа») «Ата-анадан, туысқаннан, туған жерден кім безейін деп ойлайды? Еркін қызық өмірді, жан тыныштығын кім жек көрмейді?»-деген сөзді айтқан Ж.Аймауытовтың кейіпкері (Қартқожа) «Олар қалаға спесік тапсыруға кетіпті. Спесікті тартып аламыз деп, жігіттер ел жинап, жылқыға шауып жүргенде, болыстар жүріп кете берген,»- деген үзінді алынған Ж.Аймауытовтың шығармасы («Қартқожа») «Қазақ-қайырымды, кең, меймандос, зерек, ақылды жұрт...Патша... Біздің мұжық та надан. Басқа жұртты жек көреді...»-деген «Қартқожа» романындағы кімнің сөзі (Андрей)
Ж.Аймауытовтың кейіпкері Қартқожа (Өмірде болған адам) Өмірде болған Қартқожаның ұрпағы (Төлеш Тоғанбаев)
Қартқожаға тән қасиет (көзжұмбай, нар тәуекел)
Қартқожаның әкесінің аты (Жұман)
Қартқожаның ағасы (Тұңғышбай)
«Қартқожа» романындағы «Жуас түйе жүндеуге жақсы» деген мақал кімге қатысты айтылған (Қартқожаға)
«Қартқожа» романындағы «Қысқасы ол тірі пендеге зәбірі жоқ, құдай деген мінездеме тән (Қартқожаға)
Ж.Аймауытовтың Қартқожа атты кейіпкерінің туған жері (Баян тауы баурайы)
«Қартқожа» романындағы әрекеттер өтеді (Омбыда)
Шәмкеш, Тұрмағамбет, Иманқұл атты кейіпкерлер кездесетін Ж.Аймауытовтың шығармасы («Қартқожа») Батыр әрі әнші Дәрмен тағдыры, Дәрмен –әтіш махаббат хикаясы суреттелетін Ж.Аймауытовтың шығармасы («Қартқожа») Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы батыр әрі әнші жігіт ( Дәрмен)
«Қартқожа» романындағы Дәрмен тағдырынан кімнің өмірінің сарынын аңғаруға болады (Мәди Бәпиұлы)
«Қартқожа» романында бейнеленген тарихқа белгілі адам (С.Торайғыров) Ж.Аймауытовтың романы («Ақбілек») Ақбала, Балташ, Доға, Төлеген қай романның кейіпкерлері («Ақбілек») Кәмила, Балташ, Ескендір атты кейіпкерлер кездесетін шығ. («Ақбілек») «Ақбілек» романының кейіпкерлері ( Балташ, Ұрқия, Мұқаш, Қара мұрт)
Ақбілектің әкесінің аты (Мамырбай) «Ақбілек» романындағы Ақбілектің ағасы (Төлеген)
Ақбілектің өмірлік жары болған жігіт (Балташ)
«Ақбілек» романындағы Ақбілектің баласы (Ескендір)
Ақбілектің ең жақын жеңгесі (Ұрқия)
«Мынау тұрған көк кұмбездей көк шатыр, жымыңдаған меруерттей көп жұлдыз, сары табақтай жарқыраған сұлу ай. Анау жатқан ұлан-байтақ кең дала..» деген үзінді алынған Ж.Аймауытовтың қай шығармасынан алынған («Ақбілек») «Дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, ауылынан адым жер шығып көрмеген, аң сықылды жайылған қазақ біздің неғып мұндай күйге түскенімізді қайдан білсін...» «Ақбілек» романынан алынған үзінді кімнің сөзі? (орыс офицері)
Ж.Аймауытовтың романының басында Ақбілекке ғашық болып, сөз салып жүрген жігіт есімі (Бекболат)
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы ұнамсыз кейіпкер (Жылтыр)
Ақбілектің жасырынған жерін біліп, бандыларға ұстап берген кейіпкер (Мұқаш)
Ж .Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы басты кейіркердің орыстың ақ әскерлерінің қолына түсуіне кінәлі адам (Мұқаш)
«Ақбілек» романындағы Мұқаштың Ақбілекті қасөырлардың аузына тастауының себебі (Мамырбаймен ескі араздығы)
«Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпік шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым-отыз бесте.» Аталған портреттің иесі (Мұқаш)
Төмендегі оқиғалардың «Ақбілек» романына қатыстысы (Тапталған ар, өшкен үміт, көрген қорлық және тіршілікке қайта оралу соқпақтары)
Ақбілектің басындағы психологиялық күйлер романның қай бөлімінде шебер көмкерілген (Алғашқы үш бөлімінде)
Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы әсем суреттелген қазақ өлкесі (Алтай, Марқакөл)
Марқакөл, Терең шат деген жер атаулары қай романда кездеседі («Ақбілек») Қиын тағдырдың бір бұрышында қасқыр қамауына түскен әр түрлі шығармадағы қос кейіпкер қыз (Ақбілек пен Айша)
Ж.Аймауытовтың прозалық шығармасы («Күнікейдің жазығы»)
Шекер, Ордабай, Шәмші Ж.Аймауытовтың қай прозалық шығарамасының кейіпкерлері («Күнікейдің жазығы»)
«Күн менікі» әңгімесінде Күнікейдің «Бүгінгі күн менікі болған жоқ па?» деген сөзінің мәнісі (Елді аузына қаратып, әншілік өнерін көрсетуі)
Ж.Аймауытовтың «Әнші» деген әңгімесіндегі Жетішатыр қаласының қазіргі атауы (Семей)
Ж.Аймауытовтың қымыз сататын үйді (адамдарын, киімін, мінез-құлықтарын, үй ішінің жиһазын, ыдыс-аяқтарын) суреттеген шығармасы («Әнші»)
Әнші Әмірқан (Ж.Аймауытов) бейнесі ұқсайтын өнер тарихындағы бейне (Әміре Қашаубаев)
Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның ұстазы (Жұмабек әнші)
Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Жұмабектің прототипі (Жарылғапберді Жұмабаев)
«Әнші» әңгімесіндегі қазақ шәкірттері сауықты қандай жағдайға байланысты ұйымдастырды (Наурыз тойы)
«Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен,»-деген жолдар алынған шығарма (Ж.Аймауытов «Әнші») «Кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын жігіт. Ойын-сауығы бар жерде өзін ұмытып кетеді, ол бүтіндей әнге айналады,»-деген кейіпкер (Әмірқан)
Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның алып қашқан қызының есімі (Ақтамақ)
«Ел қорғаны», «Мансапқорлар», «Шернияз» пьесаларының авторы (Ж.Аймауытов) «Оқыған» деген атпен берілетін толғау сөздер кездесетін Ж.Аймауытовтың шығармасы (Ел қорғаны»)
Ж.Аймауытовтың «Жасасын бостандық!Жасасын әйел теңдігі!»деген сөздермен аяқталатын пьесасы («Қанапия-Шәрбану»)
Ынтықбай, Сазамбай атты кейіпкерлер кездесетін шығарма («Қанапия-Шәрбану»)
Шатай, Ынтықбай, Ұмсынай Ж.Аймауытовтың қай драмалық шығармасының кейіпкерлері («Қанапия-Шәрбану»)
Ж.Аймауытовтың «Шернияз» драмасының драмалық шығармаларға бәйге жариялағанда (1926) алған орны (1-орынға ие болған)
Ж.Аймауытовтың 20-жылдардағы пьесалар бәйгесінде 1-орын алған шығармасы («Шернияз»)(2-орын М.Әуезов «Қарагөз»)
Ж.Аймауытовтың «Шернияз» драмасы арналған ақын (С.Торайғыров)
«Ой, кер заман, кер заман,
Қабақ қату, қансырау.
Талан-тараж, қан жылау,
Азаматы жабылу,»-деген үзінді алынған Ж.Аймауытовтың шығармасы («Шернияз») Қасқырбай, Күләнда Ж.Аймауытовтың қай шығармасының кейіпкерлері («Мансапқорлар»)
Мүсілім, Күләнда Ж.Аймауытовтың қай шығармасының кейіпкерлері («Мансапқорлар»)
Ж.Аймауытовтың жиі қолданатын әдеби тәсілдерінің бірі (Персонаждардың өзін-өзі сипаттауы)