39. Бағдарланған оқыту технологиясы.
40. Коммуникативті шығармашылық технология.
«Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.
Компьютер – мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады. Сонымен бірге, ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз. Сол жағынан да сабаққа дайындалу барысында әдістемелік көмек береді. Компьютер арқылы тұсаукесер сабақтарын, компьютерлік формадағы бақылау сабақтарын дайындауға болады. Компьютерлік тұсаукесер сабақтары – жаңа сабақты диалог тәртібінде түсіндіру, дәріс – сабақ, ғылыми конференция сабағы, жобаларды қорғау сабағы, кіріктірілген сабақ, тұсаукесер сабағы, пікірталас сабағы. Компьютерлік формадағы бақылау сабақтар – оқушылардың білімдерін тест түрінде тексерудің бір түрі. Мұндай сабақтар арқылы оқушылар өз бағаларын бірден біледі. Тұсаукесер – берілген материалды слайд, электрондық оқулық, флипчат арқылы көрсету формаларының бір түрі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер, көрнекіліктер мен аудио мен бейнематериалдарды, дайындаған құжаттарды, клайстер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады.
Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. Осыған байланысты күнделікті сабақта:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлікбағдарламалар, интерактивтітақта);
-анықтамалықмәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректерқоры);
-интернет жәнет.б. көрнекіматериалдардыпайдалануайтарлықтайнәтижебереді. Мұндайқондырғылароқушылардыңқызығушылығынарттырып, зейінқойыптыңдауғажәнеалғанмәліметтердінақтылауғамүмкіндікбереді.
Бізжұмыстарымыздысыртқытүрткініңмағынасынөзгертіп, оқуғабаланыңқызығушылығынарттырып, оқушыдан «оқығымкеледі», «мен тапсырмаорындапкөрейінші», «меніңжауапбергімкеледі» дегенсияқтымотивтерменоныңіштейоқуғаталпынуынаүйлестіріпоқытқымызкеледі.
Оқытупроцесібарысындаақпараттықтехнологиялардыңтүрініңбіріинтерактивтітақтаныңкөмегіменсабақтатілдамытуғаарналғанжаттығулардыңқұрылуытанымдықіс — әрекеттіңдамуыарқылыоқушылардыңқазақтіліпәнінеқызығушылығынарттыру
Достарыңызбен бөлісу: |