1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ


MISC (Minimal Instruction Set Computer



бет26/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62
СОӨЖ 14

MISC (Minimal Instruction Set Computer) — Командалар жүйесінің ең аз жиынымен жұмыс істейтін процессорлар. Процессорлардың разрядтылығын арттыру бірнеше командаларды бір үлкен сөзге жинақтау идеясына алып келді. Бұл компьютердің жоғары өнімділігін пайдалануға және оның бір мезгілде бірнеше мәліметтер ағынын өңдеу мүмкіндігін қолдануға жол берді.

Командалар жүйесінің ең аз жиынымен жұмыс істейтін компьютерлерді құрайтын MISC процессорлары RISC процессорлары сияқты жиі кездесетін командалардың аз санымен сипатталады.

Сонымен бірге VLIW командаларының өте ұзын сөз принципі командалар тобының орындалуын процессор жұмысының бір циклында қамтамасыз етеді. Командаларды орындау реті мәліметтер ағыны өтетін маршрут максимальды дәрежеде жүктелетіндей етіп бөлінеді.

Осылайша, MISC архитектурасы суперскалярлық RISC және VLIW концепцияларын біріктіреді.

Мұндай процессорлардың компоненттері қарапайым және жоғары жылдамдықтармен жұмыс істейді.

Есептеу жүйелері бірнеше процессорлар немесе компьютерлер базасында құрылуы мүмкін. Бірінші жағдайда көппроцессорлы, екінші жағдайда көпмашиналы есептеу жүйесі деп аталады.

Көппроцессорлы есептеу жүйесінде жедел жады деңгейінде немесе процессорлық жады регистрлері деңгейінде өзара ақпараттық әрекет ететін бірнеше процессор болады. Бұл өзара әрекет ету типі көптеген жағдайларда қолданылады немесе басқаша ұйымдастырылады және барлық процессорлар үшін жедел жадының жалпы өрісін құруға әкеледі. Сыртқы жады мен енгізу-шығару құрылғыларына жалпы ену әдетте жедел жады каналдары арқылы қамтамасыз етіледі. Көппроцессорлы есептеу жүйелері барлық процессорлар үшін бір операциялық жүйе басқаруымен жұмыс істеуі маңызды болып табылады. Бұл есептеу жүйесінің динамикалық сипаттамаларын арттырады, бірақ арнайы, күрделі операциялық жүйе болуын талап етеді.

Есептеу жүйесіндегі процессорлардың өзара әрекетінің схемасы суретте көрсетілген.


Көпмашиналы ЕЖ-мен салыстырғанда көппроцессорлы есептеу жүйесінің жылдамдығы мен сенімділігі 3 деңгейлі әрекет етуде арта түседі:

біріншіден, процессорлар арасында ақпаратты әлдеқайда тез алмасу;

екіншіден, жүйеде туындайтын жағдаятқа әлдеқайда тез әсер ету;

• үшіншіден, жүйе құрылғыларын резервте ұстау жоғары дәрежелігі (құрылғының әрбір типінің ең болмағанда бір модулі жұмыс істеуге қабілетті болса, жүйе жұмыс істеуге қабілетті болады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет