1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ


Стандарттау мәселелері. OSI моделі, оның деңгейлері



бет31/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62
СОӨЖ 14

Стандарттау мәселелері. OSI моделі, оның деңгейлері. Екі түрлі құрылғының бірегей жұмыс істеуі үшін əр құрылғының жұмысын қанағаттандыратын келісім керек. Келісім ережеге сай стандарт түрінде жазылады. Бір-бірімен тығыз байланысты тапсырмалар мен мəселелерді шешуді қажет ететін желідегі

құрылғылардың байланысы күрделі процесс болып табылады.

Əдетте күрделі мəселелерді жеке дара бөліп қарау керек. Əрбір бөліктегі мəселені шешу қарапайым болып саналады. Барлық бөліктегі мəселелерді шешу қойылған тұтас мəселені шешуге мүмкіндік береді. Қарастырылған төмендегі модель операциялық жүйелер үрдісі бойынша жасалған.

50 жылдары стандарттаудың халықаралық ұйымы ІSO стандарттаудың басқа да ұйымдарының қолдауымен ашық жүйелердің байланыс моделі OSІ моделін жасады. (Open System Іnterconnectіon, OSІ). Компьютерлер арасындағы мəлімет алмасуда OSІ моделі негізгі модельдердің біріне айналды. OSІ моделі операциялық жүйе іске асыратын жүйелік утилиттердің, аппараттық құралдардың жүйелік байланыс құралдарын сипаттайды. Модель соңғы қолданушының байланысын сипаттамайды.

OSІ моделі байланыс құралдарын жеті деңгейге бөледі:


  • қолданбалық деңгей;

  • танымдық деңгей;

  • сеанстық деңгей;

  • транспорттық деңгей;

  • желілік деңгей;

  • арналық деңгей;

  • физикалық деңгей.

Əр деңгей салыстырмалы түрде тəуелсіз. Əрбір деңгей моделі басқа деңгей моделдеріне еш өзгертілместен оңай ауыстырылады. Əрбір деңгей желі құрылғыларының нақты анықталған байланыс функцияларын сипаттайды. Барлық деңгейлер қандай-да бір деңгейде қорытылған сұранысты өзінен кейінгі деңгейге беретін иерархиялық жүйені құрайды. Өңделген сұраныс нəтижесі жоғарғы деңгейге беріледі. Қолданбалық деңгей басқа компьютерге берілетін, компьютерде хабар түрінде жұмыс істейтін сұранысты қабылдайды.

Физикалық деңгей дайындалған мəліметтеді физикалық сымдарға жіберумен айналысады. Екі деңгей арасындағы байланысты сипаттау үшін интерфейс деп аталатын келісім немесе ереже орнатылады. Интерфейс бір деңгейден көрші деңгейге көрсетілетін қызметтер жиынын анықтайды. Мəлімет алмасу процессіне екі компьютер қатысады. Компьютерлердің байланыс процесі бірдей деңгейлердің байланыс процесі түрінде көрсетілуі мүмкін.

Бірдей деңгейлер арасындағы мəлімет форматын анықтайтын ереже протокол деп аталады. OSІ моделінде протоколдар екі типке бөлінеді. Сымдарды бір-бірімен жалғауды орнату протоколы мəліметтер алмасу алдында компьютерлер арасында анықталған параметрлер байланысының орнатылуын қажет етеді. Дейтаграммалық протокол арқылы

мəліметтер желіге жалғауды алдын ала орнатпай-ақ жіберіледі. Əрбір деңгей өз деңгейіндегі протокол мен көрші деңгейдегі интерфейстерді өңдейді.

Желі байланысын ұйымдастыру үшін жеткілікті протоколдар жиыны коммуникациялық протоколдар ағыны деп аталады. Деңгейлер арасында алмасатын ақпараттар блогы стандартты форматта болады: яғни тақырыбы, қызметші ақпарат, мəліметтер, аяқтаушы ақпарат. Ақпараттар блогын беруде əрбір деңгей төменгі деңгейлерді өзінің тақырыптарымен қамтамасыз етеді. Жоғары жатқан деңгей тақырыптарын төменгі жатқан деңгейлер ақпараттар блогы ретінде қабылдайды. Əрбір деңгейде ақпарат белгіленген функцияға сəйкес өңделеді, яғни мəліметтер шифрланады. Төмендегі деңгейден ақпараттар блогы алынған соң ағымдағы деңгейдің тақырыптары мен басқа да қызметші ақпараттар кетіріледі. Мəліметтер өңделеді, демек мəліметтер қайта шифрланады. (дешифруются). Бұл уақытта тақырыптар жоғарғы деңгейге түскен мəліметтерде де болады.

Физикалық деңгей. Физикалық деңгейде мəліметтер берілетін, физикалық байланыс арнасы, əрбір байланыс орнатылған разъем типтеріндегі электрлік сигналдар сипаттамасы анықталады. Физикалық деңгей физикалық арналар бойынша берілетін ақпараттар битінің алмасуын сипаттайды. Компьютерде физикалық деңгей функциясы желілік адаптер арқылы орындалады.

Арналық деңгей. Арналық деңгей екі тапсырманы іске асырады. Бірінші мəселе – мəлімет жіберілетін ортаның мүмкіндігін анықтау болып табылады. Бұл мəселе дəл бір уақытта байланыс арнасы бір компьютермен жұмыс істеген жағдайда, желідегі мəліметтердің бөліну ортасын шешеді.

Екінші мəселе – қарастыру механизмдері мен қателерді түзеуді анықтайды. Мəліметтер алмасу кадрлар деп аталатын арнайы бір бөліктермен іске асырылады. Əр кадрға кадрды белгілеу үшін басына жəне соңына белгілі бір реет бойынша бит, жіберуші-компьютер адресі, қабылдаушы-компютер адресі қосылады. Сонымен қатар кадрларды жіберуде қатесіздігін тексеруді қажет ететін, есептеуіш қадағалаушы сумма қосылады. Табылған қатені тек кадрды қайта жіберу кезінде түзету мүмкін болады.

Компьютерлерде арналық деңгей протоколдары желілік адаптерлермен жəне олардың драйверлерімен іске асырылады. Жергілікті желілерде қолданылатын арналық деңгей протоколдары белгілі бір топология бойынша желілерге арналып шығарылады.

Топология – бұл төбелері желі компьютерлері немесе коммуникациялық құрылғылар болатын, ал олардың арасындағы физикалық байланыс қабырғалары болатын құрылымдық графа. Компьютерлер желі тораптары деп аталады. Арналық деңгей протоколдары мынадай топологиялармен: “сақина”, “жұлдызша”, “жалпы шина” жəне аталған топологиялар негізінде арнайы коммуникациялық құрылғылармен (көпірлер, коммуникаторлар) жұмыс істей алады. Арналық деңгей протоколдарын, бүкілəлемдік желіде жеке байланыс сымдарымен жалғанған екі компьютер арасында мəлімет алмасуда қолдану мүмкіндігі шектеулі. Əртүрлі желідегі соңғы тораптар арасында мəлімет алмасуды, келесі желілік деңгей мүмкіндіктері іске асырады.

Желілік деңгейде, бірегей транспорттық жүйе құру үшін соңғы тораптар арасындағы мəліметтер алмасудың əртүрлі принциптерін, əртүрлі топологиядағы желілерді біріктіру сұрақтары шешіледі. Мұнда желі жай ғана компьютерлерді біріктіріп қоймай, сонымен қатар арналық деңгейлердегі мəліметтердің алмасуын қолданатын типтік технологияның бір-бірімен біріктірілуін де қамтамасыз етеді. Желілік деңгей желі арасында мəліметтер алмасу сұрақтарын шешеді. Мəліметтер алмасу пакеттер деп аталатын бөліктермен іске асырылады. Əрбір пакет u1082 компьютер адресінен бөлек, жіберуші ретінде сондай-ақ қабылдаушы ретінде де желілік адреспен қамтамасыз етіледі.

Желілерді біріктіру үшін желі арасындағы топологиялар жайлы ақпарат жинайтын бағыттаушылар қолданылады. Мəлімет алмасу топтары əртүрлі желілердегі соңғы тораптар арасында транзиттік алмасу керек болатын аралық желілерде болуы мүмкін. Осыған орай пакет бағыт беретін бірнеше бағыттаушылардан өтеді. Мұндай бағыттаушы бірнешеу болуы мүмкін. Бағыттаушыға иек артатын желілік деңгей үшін негізгі мақсат ең ұтымды бағытты таңдау болып табылады. Таңдау критерилері мынадай болуы мүмкін: пакет алмасу уақыты, алмасудағы сенімділік. Желілік деңгейде желі арасындағы ақпарат ағымдарын ретке келтіру, əртүрлі технологиялардың келісімділік сұрақтары шешіледі. Желілік деңгейде протоколдар екі түрге бөлінеді. Бұлар желі арқылы пакеттердің жылжуын қамтамасыз ететін желілік протоколдар. Оларға бағыттық ақпарат алмасатын бағыттаушыларға көмек беретін бағыттаушы протоколдарын жатқызуға болады. Пртоколдың екінші түрі – жергілікті желі адресіндегі желілік деңгейде қолданылатын торап адресін өңдеуге жауап беретін рұқсат протоколы.



Транспорттық деңгей. Транспорттық деңгейде қателерді (пакеттердің қосарлануы, зақымдануы, жоғалуы) табу мен түзету, мəлімет алмасудағы сенімділікті қамтамасыз ету сұрақтары шешіледі. OSІ моделі сенімдіділігі бойынша сапалы қызмет көрсететін сервистің бес класын анықтайды. Сервис кластарын таңдау жоғары деңгейлі қосымшалар мен протоколдарды ғана емес,сондай-ақ төменгі деңгейлермен (желілік, арналық, физикалық) қамтамасыз етілетін сенімділік деңгейіне де байланысты болады. Егер байланыс арналарының сапасы мысалы, отандық телефон сымдары, одан да сапалы құралдарды таңдауды қажет етсе, онда мəлімет алмасуда сенімділікті қамтамасыз ететін транспорттық деңгейдің анағұрлым дамыған сервисін қолдану əрине ақылға қонымды болар еді. Транспорттық деңгей мен одан жоғары протоколдар желілік жүйенің компоненттерімен жəне желі тораптарының программалық мүмкіндіктерімен іске асырылады.

Сеанстық деңгей. Сеанстық деңгейде ұзақ мəліметтер алмасуда орнатылатын арнайы қадағалау нүктелерін, мүмкін болатын ақаулар кезінде бастапқы емес, соңғы қадағалау нүктелеріне жіберетін синхрондау мүмкіндіктері іске асырылады. Сеанстық деңгей соңғы тораптар арасындағы сұхбатты басқаруды қамтамасыз етеді. Əдетте сеанстық деңгейдің жеке протоколдары қолданылмайды. Оның функциялары қолданбалы деңгейдің протоколдарында жүзеге асырылады.

Өкілдік деңгейі. Өкілдік деңгейінің функциялары бір жүйенің қолданбалы деңгейінен алынған мəліметтерді қажет кезінде басқа жүйенің қолданбалы деңгей формасына өзгертуімен ерекшеленеді. Осы деңгейде мəліметтерді кодтау жəне əртүрлі синтаксистік

таңдаулар жүзеге асырылады. Өкілдік деңгейінде сондай-ақ өкілдік деңгейінің барлық қызметтері үшін мəлімет алмасудағы құпиялылық қамтамасыз етіледі.



Қолданбалық деңгей. Қолданбалық деңгей протоколдары қолданушының желінің бөлінген ресурстарын (файлдар, принтерлер, факстер, сканерлер, гипертекстік беттер) пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Оларға электрондық почта протоколдары басқа да ұйымдастырылған жұмыстардың протоколдары жатады. Бұл деңгейдің протоколдары ақпарат бірлігі ретінде хабарларды (сообщение) пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет