Желінің негізгі аппараттық және программалық компоненттері. Желі – бір-бірімен байланысқан программалық жəне аппараттық компоненттердің күрделі жүйесі. Аппараттық құралдардың ішінде компьютерлерді жəне коммуникациялық құралдарды бөліп қарастыруға болады. Программалық компоненттер желілік қосымшалар мен операциялық жүйелерден тұрады. Қазіргі уақытта желіде əртүрлі типтегі компютерлер мен олардың сипаттамалары желінің мүмкіндіктерін анықтайды. Бірақ кейінгі кездері коммуникациялық құралдар да (кабельдік жүйелер, қайталамалар, көпірлер, бағыттаушылар т.б.) аз рөл ойнамайтын болды. Олардың қиындықтарын ескеріп, құнын жəне басқа да сипаттамаларын желінің жұмыс қабілетін қамтамасыз етуде арнайы жұмыстарды шешетін кейбір құрылғыларды компьютер деп те атауға болады. Нəтижелі жұмыс істеу үшін арнайы операциялық жүйелер қолданылады, олардың дербес операциялық жүйелерден айырмашылығы сол, желідегі компьютер жұмысын басқаруда арнайы тапсырмаларды шешуге арналған. Бұлар желілік операциялық жүйелер. Желілік
операциялық жүйелер арнайы белгіленген компьютерлерге орнатылады. Желілік қосымшалар – бұл желілік операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалар комплексі. Солардың ішінде почталық программаларды, ұжымдық жұмыс жүйесін, желілік мəліметтер қорын т.б. атауға болады. Желілік операциялық жүйелердің даму барысында желі қосымшаларының кейбір функциялары операциялық жүйенің кəдімгі функцияларына айналады.
Желіге қосылған барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөлуге болды:
жұмыс станциясы;
желі серверлері;
коммуникациялық тораптар.
Жұмыс станциясы (workstation) – бұл желіні қолданушылар жұмыс жасайтын, желіге қосылған дербес компьютер. Əрбір жұмыс станциясы өз операциялық жүйесін қолданады жəне өздерінің жергілікті файлдарын өңдейді. Əйтсе де бұл жағдайда қолданушының желі ресурстарын пайдалануына мүмкіндігі бар.
Жұмыс станциясының үш типін айтуға болады:
жұмыс станциясы жергілікті дискімен;
дискісіз жұмыс станциясы;
шалғайдағы жұмыс станциясы;
Дискілі жұмыс станциясында операциялық жүйе өзіндегі жергілікті дискіден (қатты немесе иілгіш) жүктеледі. Дискісіз станция үшін операциялық жүйе файлдық сервер дискісінен жүктеледі. Мұндай мүмкіндік дискісіз станцияның желілік адаптеріне орналастырылған арнайы микросхема арқылы қамтамасыз етіледі.
Шалғайдағы жұмыс станциясы – бұл жергілікті желіге телекоммуникациялық арналар байланысы арқылы қосылған станция (мысалы телефон желісі арқылы).
Желі сервері (server) – бұл, желіге қосылған жəне желіні қолданушыларға белгілі бір қызмет жасайтын, мысалы ортақ қолданылатын мəліметтерді сақтау, баспаға беру, МҚБЖ-не деген сұранысты өңдеу, т.б. жұмыстарды атқаратын компьютер. Атқаратын функцияларына қарай мына сервер топтарын көрсетуге болады.
Файлдық сервер (fіle server) – желіні қолданушылардың мəліметтерін сақтайтын жəне осы мəліметтерді, қолданушылардың пайдалануына мүмкіндік беретін компьютер. Осыған орай бұл компьютерде үлкен дискілі кеңістік болады. Файлдық сервер қолданушылардың мəліметтерді бір уақытта қолдануын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар келесі функцияларды атқарады:
мəліметтерді сақтау;
мəліметтерді архивтеу;
əртүрлі қолданушылар жұмыс атқаратын мəліметтерді өзгерту келісімі;
мəліметтерді жеткізу.
Мəліметтер қорының сервері – мəліметтер қорының файлдарын басқаратын, өңдейтін жəне сақтау функцияларын орындайтын компьютер.
(МҚ) Мəліметтер қорының сервері келесі функцияларды орындайды:
мəліметтер қорының тұтастығын, толықтығын, көкейтестілігін қорғай отырып сақтау;
мәліметтер қорының сұраныстарын қабылдау жəне өңдеу, сондай-ақ нəтижелерді жұмыс орнына өңдеуге жіберу;
мәліметтер қорын қолдануға автоматтандырылған мүмкіндіктерді қамтамасыз ету,
қолданушылар есебін жəне енгізу жүйелерін қолдау, қолданушылар мүмкіндіктерін шектеу;
əртүрлі қолданушылар жұмыс атқаратын мəліметтерді өзгерту келісімі;
басқа орында орналасқан, таратылған МҚ қолдау, МҚ басқа серверлерімен байланысы.
Қолданбалы программалар сервері (applіcatіon server) – қолданушылардың қолданбалы программаларын орындауға арналған компьютер.
Коммуникациялық сервер (communіcatіon server) – енгізу-шығарудың кезекті порттарына, жергілікті желінің қолданушыларына көмескі мүмкіндік беретін құрылғы, немесе компьютер. Коммуникациялық сервер арқылы модемді сервер порттарының біріне жалғап, бөлшектенген модем жасауға болады. Коммуникациялық серверге қосылған қолданушы бұл модеммен тіпті модем жұмыс орнына жалғанбаған күнде де жұмыс істей алады.
Мүмкіндік алу сервері (access server) – шалғайдағы ақпараттарды өңдей алатын арнайы бір белгіленген компьютер. Шалғайдағы жұмыс орнындағы программалар осы серверде орындалады. Шалғайдағы жұмыс орны клавиатурадан қолданушы енгізген командаларды қабылдайды, ал орындалған тапсырма нəтижесі, кері қайтарылады.
Факс сервер (fax server) – жергілікті желіні қолданушыларға мəліметтерді жіберу жəне факсималды мəліметтерді қабылдауды іске асыратын құрылғы немесе компьютер.
Мəліметтердің қосымша көшірме сервері (Buck up server) – жұмыс станцияларында жəне файлдық серверлерде орналасқан мəліметтер көшірмесін қайта қалпына келтіруді, сақтауды жəне құруды шешетін құрылғы немесе компьютер. Мұндай сервер ретінде файлдық серверлердің бірі қолданылуы мүмкін. Айта кету керек аталған сервер типтерінің бəрі бір ғана белгіленген компьютерде жұмыс атқара алады.
Желінің коммуникациялық тораптарына келесі құрылғылар жатады:
қайталамалар (повторитель);
коммутаторлар (көпірлер, мосты);
бағыттаушылар (маршрутизаторы);
шлюздер;
Желінің бекемдігі, станциялар арасының алшақтығымен, біріншіден мəлімет алмасу ортасының физикалық сипаттамасымен анықталады. (каоксилді кабель, қос ширатпа (витая пара) т.б.). Мəліметтер алмасуда арақашықтықты шектейтін сигналдардың өшуі кез-келген ортада болып тұрады. Мұндай шектеулерді болдырмай жəне желіні кеңейту үшін арнайы құрылғылар – қайталамалар, көпірлер жəне коммутаторлар орнатылады. Кеңейту құрылғылары енбейтін желі бөлігін желі сегменті деп атау қабылданған.
Қайталама (повторитель, repeter) – өзіне келген сигналды күшейтуші немесе регенерациялайтын құрылғы. Қайталама пакетті бір сегменттен қабылдап, оны қалған барлығына береді. Бұл жағдайда қайталама өзіне жалғанған сегменттерді ажыратпайды. Əр уақытта барлық қайталама арқылы байланысқан сегменттерде тек екі станцияның арасындағы мəлімет алмасу қамтамасыз етіледі.
Коммутатор (swіtch) немесе көпір (мост, brіdge) – бұл да қайталама сияқты бірнеше сегментті біріктіретін құрылғы. Қайталамадан айырмашылығы көпір өзіне жалғанған сегменттерді ажыратады, екінші сыңары үшін мəлімет алмасудың бірнеше процессін қамтамасыз етеді.
Бағыттаушы (маршрутизатор, router) – мəлімет алмасудың бір протоколы бойынша бірдей жəне əртүрлі типтегі желілерді біріктіруші құрылғы. Бағыттаушы тапсырылған адресті талдайды жəне мəліметтерді тура таңдалынған бағыт бойынша таратады.
Шлюз (getway) – мəлімет алмасудың əртүрлі протоколдарын қолданатын, əртүрлі желі объектілері арасындағы мəлімет алмасуды ұйымдастыратын құрылғы.
Достарыңызбен бөлісу: |