1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ



бет52/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62
СОӨЖ 14

Файлдарды архивке енгізу. Ең алдымен, WinRAR-ды іске қосу қажет. Ол үшін WinRAR белгішесін белгілеп алып, тышқанды екі рет шертеміз немесе Enter-ді басамыз. Сонымен қатар «Іске қосу» менюіндегі «Программалар» пунктінен WinRAR-ды таңдап кіруімізге де болады.

WinRAR іске қосылған терезеде ағымдағы буманың ішіндегі файлдар және бумалар тізімі көрсетіледі. Біз бірден архивтейтін файл тұрған бумаға өтуіміз қажет. Ағымдағы дискіні өзгерту үшін Ctrl+D пернелер комбинациясын пайдаланамыз, дискілер тізімінен аспаптар тақтасындағы немесе терезенің сол жақ бұрышындағы керекті диск белгішесін шертеміз. Сыртқы бумаға шығу үшін BackSpace (BS) Ctrl+PgUp пернелерін, әйтпесе аспаптар тақтасындағы «Жоғары» деген кішкене батырманы қолданамыз. Басқа бумаға өту үшін Enter, Ctrl+PgDn пернелерінің бірінбасамыз немесе сол бум белгісін екі рет шертеміз, дискінің түпкі бумасына өту үшін Ctr+\ пернелерін басу қажет.

Қажет файлдар бар бумаға кірген соң, архивтейтін файлдар мен бумаларды ерекшелеп белгілейміз. Бұны курсорды басқару – бағыттауыш пернелері немесе тышқанның сол жақ батырмасымен Shift (Сілтеу және Windows- тың басқа да программаларындағыдай сияқты) пернесін бірге басу арқылы жүзеге асырамыз. WinRAR терезесінде файлдарды ерекшелеп белгілеу үшін «Бос орын» және Ins пернелерін қолдануға да болады. Цифрлық пернедегі <+>, <-> пернелері файлдар тобын ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастау мүмкіндіктерін туғызады.

Бір немесе бірнеше файлдарды ерекшелеп алып, Қосу батырмасын шертеміз (мұны Alt+A пернелері немесе Командалар менюінен «Файлдар архивке қосу» командасын таңдау арқылы да іске асырамыз). Пайда болған сұхбат терезесіне архивтің атын енгіземіз немесе лдын ала келісім бойынша берілген атын растау қажет. Осы жерден жаңа архивтің (RAR немесе ZIP) форматын, қысу тәсілін, том көлемін және басқа да архивтеудің параметрлерін таңдауға болады. Бұл сұхбат туралы архивке ат беру, параметрлер енгізу Сұхбат бөлімінде толық сипатталады. Архивті жасау үшін ОК батырмасын шерту қажет.

Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу процесін кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде Болдырмау батырмасын басу керек. WinRAR терезесін жүйелік науада кішірейтіп ықшамдау үшін, статистика терезесі жойылады, ал жасалған архив ағымдағы белгіленген файл күйінде қалады.

Жасалған RAR архивіне тасымалдау арқылы файлдарды қосуға да болады. Егер WinRAR терезесінде архивті белгілеп және оның атында ENTER (немесе тышқанды екі рет шертіңіз) пернесін бассақ, RAR архивті оқып, мазмұнын көрсетеді. Енді терезеде басқа файлдарды қарапайым тасымалдау арқылы файлдарды қоса аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет